Get Mystery Box with random crypto!

Коммуналдық кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды Атырау о | Азаттық таңы

Коммуналдық кәсіпорын басшысы 126 млн теңге жымқырды

Атырау облысының "Жылыойсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңды айналымға тартумен заңдастырған.

"Жергілікті халыққа көрсеткен коммуналдық қызметтері үшін мекеменің кассасына түскен қолма-қол қаражатын аса ірі мөлшерді талан-таражға салып, жымқырып, барлығы 126 млн теңге залал келтірген", — деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Мекеме басшысы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына, бас бостандығынан 6 жылға айырылды.

@azattyqtany