Get Mystery Box with random crypto!

Бауыржан ұстаздың бұл пәнимен қоштасқанына да бір апта болыпты | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Бауыржан ұстаздың бұл пәнимен қоштасқанына да бір апта болыпты.

“Ұстаз, сақалыңыздан бір талын берсеңіз, ертең ұрпақтарыңызға “аталарыңның сақалы” деп сатам ғой” деп әзілдесуші едім.

- “Ұстаз, тоқал алып артыңыздағы сан мүридке үлгі көрсетсеңізші” -десем:
- Әй, батамды саған бердім, сен-ақ ала бер” деп күлетін.

Есімізде жарқын жүзі мен әрдайым күлімдеп жүретін бейнесі қалыпты.

Алла ұстазымыздың дәрежесін биік қылғай!