Get Mystery Box with random crypto!

2020 жылдың аяғында Алматыда болдым. Сол кезде ұстазды зиярат | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

2020 жылдың аяғында Алматыда болдым. Сол кезде ұстазды зиярат етіп барып, бірге түстенгенбіз. Кейін жақында баспамыздан шықты деп көлігінен “Адамзаттың асылы- Мұстафа” деген кітаптың екі данасын сыйға тартты. Сонда байқағаным, ұстаз ескі Мерс мініп жүр екен, нөмері де армянский. Сол көлігін кеше дүниеден өткенше мініп кетіпті.

“Мүфтият ұстаздың артында қалған отбасына Алматы қаласынан пәтер берді” дегенді естіп, сонда ұстаз осы кезге дейін үйсіз жүргені қалай деп іштей күрсіндік.

Бәлкім бұл ұстаздың жалған дүниеге деген ұстанымы да шығар. Әйтпесе әріптестері мен үзеңгілестері секілді шыттай иномарка мініп, қаланың қақ ортасынан жайлы баспанаға қоныстануға әлеуеті де, қауқары да жетуші еді. Ұстаз өзінің қарапайым болмысын жоғалтпаса керек. Ескі Мерсі мен мүфтияттың қызметтік пәтерінде күн кешіп-ақ, артына мол мұра һәм өшпес өнеге тастап кетті.

Халифа Әбу Бәкір дүниеден өткенде Хазірет Омар "Ей, Әбу Бәкір сен өзіңнің кейінгілерге көтеруі қиын жүк қалдырдың-ау" деп көз жасын төккен екен.

Ұстазымыз да артына көркем мінез бен қарапайымдылықтың ерекше үлгісін қалдырып кетті. Бірақ мына біз ол аманатты жалғастыра аламыз ба.. Бұл үлкен сұрақ енді.