Get Mystery Box with random crypto!

Телефоным айфон болса да, екі нөмер ұстаймын. Біріншісі ресми. | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Телефоным айфон болса да, екі нөмер ұстаймын. Біріншісі ресми. Мені керек еткен адамдар сол номерге соғады және ол нөмерге барлық данныйлар тіркелген: әлеуметтік желідегі аккаунттар, барлық банк карталары, егов, пенсионка, т.б.

Екіншісі шаруаға арналған. Ол нөмерді көбі біле бермейді әрі ол нөмерге тел соғатындар өте сирек.

Бүгін сол нөмерге бейтаныс номер қоңырау шалды. Оператор өзін орыс тілінде таныстырып Каспиден соғып тұрғанын айтты. Айтуынша, менің каспи шотымнан біреу ақша алмақшы екен.

Менің бұл нөмерде ешқандай банк шотым тіркелмеген еді. Алаяқ екенін сездім де осы кезге дейін жемісін беріп жүрген ескі қулығымды іске қостым.

- Маған қазақша айтсаңыз
- Я не могу на казахском
- Маған қазақша керек!
- Тыңқ..тыңқ…

Маған осындай манердегі сценариймен аптасына ең кемі 3-4 қоңырау түседі.

Барлығына қазақша айтыңыз десем, ат-тонын ала қашады. Осылайша талай мошенниктен аман қалдым!

Көп тіл білмеудің бір пайдасы болса, осы шығар дедім ішімнен…

#әпендішілік