Get Mystery Box with random crypto!

Байқадыңыздар ма? Мен тоқал туралы жазбай кеттім ғой) Біра | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Байқадыңыздар ма?

Мен тоқал туралы жазбай кеттім ғой)

Бірақ бұл тоқал алдым не жазары таусылды деген сөз емес, әрине.

Жазу демекші, көп адам “өзің тоқал алмасаң, несіне жаза бересің?” дейді.

Оларға айтарым: “ТРЕНЕРЫ НЕ ИГРАЮТ”

Күлкілі көріні ме? Ендеше аяғына дейін оқы!

Алекси Ни дейтін кісі бар. Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері. Қай спорттан деп ойлайсыз?

- Жүгіру, волейбол, жеңіл атлетика?
- Қателесесіз.

Бұл кісі ауыр атлетикадан (штанга көтеру) құраманы 1996-2016 жж. басқарған. Осы кезеңде Илия Ильин, Чиншанло, Майя Манеза, Подобедова, Рахимовты Олипиада шыңына шығарды. Өзге шәкірттері әлемдік додадан көрінді.

Қазақстан қоржынына Ни секілді ешбір бапкер мұнша көп медаль салған емес!

Демек күлуге әлі ерте

Жөзе Мәуриньюді танымайтындар аз шығар. Кәнігі Гвардиолланың өзі “ғасырдың үздік бапкері” деп бағасын берген тұлға. Реал Мадрид, Челси, Порту, МЮ сияқты азулы командаларды өрге сүйреп, чемпиондық тұғырға шығарған хас маман.

Сүйткен Жөзенің өзі мектепте доп тепкені болмаса, кәсіби футболшы ретінде бағын сынап көрмеген екен.

Қызығы, Жөзе секілді бапкерлер футболда көп деседі

Генаны Гена қылған гүрзі соққысы мен әбжыландай қимылы һәм бапкері Әбіл Санчестің еңбегі еді. Гена батыр барлық атақ пен марапатқа Әбілдің қол астында жүріп жетті.

Сол Санчесте аратұра кикбоксингпен айналысқаны болмаса, боксер ретінде кәсіби рингте өзін шыңдамаған адам екен. Бірақ, мұнысы Әбілге сан чемпионды даярлауға кедергі келтірген емес.

Ал сен “Тренеры не играют” деген сөзге күлесің

Айтпақшы, осы кезге дейін тоқал деп толғатқан толғамдарым бір есекке жүк болмаса да, бір кітапшаға жарайтындай боп қапты. Соларды топтастырып Телеграмнан канал ашып жіберсем қалай болады, өзі?