Get Mystery Box with random crypto!

Пайғамбарымыздың ﷺ жанында ғұмыр кешкен әр сахаба “Алла Елшісі | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Пайғамбарымыздың ﷺ жанында ғұмыр кешкен әр сахаба “Алла Елшісі мені қаттырақ жақсы көреді” деген ойда болған екен. Тіпті, Хайбар соғысында “Ертең туды Алла мен Оның Елшісі жақсы көрген кісіге беремін” дегенде көп сахаба іштей “маған беретін шығар” деп үміттенген.

Бұл Алла Елшісінің ﷺ сахабаларымен жасаған көркем мәмілесінің нәтижесі еді.

Марқұм Бауыржан ұстазымыз (Алла рақым етсін) дүниеден өткенде көп адам желіде жылы естелігімен бөлісті. Байқағаным, ұстаз жүздескен әрбір жанмын өте көркем мәміле жасапты. Барлығын жанына жақын тартып, шынайы бауырлық танытыпты. Бұл нағыз пайғамбар мінезінің үлгісі еді.

Алла ұстазымызды мейіріміне бөлесін! Мінез-құлқы көркем болғандарға нәсіп болған әжір-сауаппен рухы шалқығай!