Get Mystery Box with random crypto!

Ажал қандай әділетті ә?! Ешкім оның мерзімін өзгерте алмайды. | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Ажал қандай әділетті ә?! Ешкім оның мерзімін өзгерте алмайды. Байлар да оны сатып алуға қауқарсыз.

Бірақ қандай әділетсіз!? Ойлашы, сенің бес балаң бар, кішкентайың әлі бесікте. Әрдайым діннің уайымындасың. Мешіт соғып жатырсың. Нағыз отбасыңа, айналаңа керек, қоғамға пайдалы жансың. Болашаққа деген нақты жоспарларың мен үлкен мақсаттарың бар.

Бірақ бұл Ажалдың “миына кіріп те шықпайды”

Балалары өссін, соққан мешітін бітірсін, мақсаттарын орындасын демейді.

Ажалда фильтр жоқ. Жас-кәрі, бай-кедей деп бөлмейді. Кәрілер мен аурулар ғана табиғи заңдылыққа сай өледі.

Ажал осынысымен құнды һәм қорқынышты.