Get Mystery Box with random crypto!

Мен солақаймын. Сол үшін кей ортада ыңғайсыз сәттерге қап қойы | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Мен солақаймын. Сол үшін кей ортада ыңғайсыз сәттерге қап қойып жүремін. Кейде немесе көбіне сол қолмен тамақ ішемін. Бірақ намазхандармен отырсам оң қолымды жиі қолданамын. Оларға сол қолмен тамақ ішу харам емес жай мәкруһ (тәнзиһи) екенін түсінідіріп отыруға энергиямды аяймын. Әрі олардың көзіндегі иіс шығармайтын тақуа образымды бұзғым да келмейді)) Бірақ акцент байқалып тұрады.

Жалпы сол жақтан оң жаққа көшу ересек адам үшін жеңіл процесс емес. Тіпті соңы психологиялық күйзеліске апаруы мүмкін. Әрине оны оңқайлар оңай түсіне қоймас. Бірақ Алла пендесіне харам мүше сыйламағанын түсінсе игі еді.

Жалпы солақайлар ерекше жан деседі. Әпенділігім де содан жұққан болар сірә.

Бүгін дүниежүзілік солақайлар күні. Барша лефтхандерді мерекемен құттықтаймын!