Get Mystery Box with random crypto!

Шәйдің пайдасы мен зияны Шай ішпей бір апта менімен бірге | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Шәйдің пайдасы мен зияны


Шай ішпей бір апта менімен бірге шыдаған оқырмандарыма жазамын деп едім осы ақпаратты,лайк басып қабыл алыңыздар ,пайдалы ақпаратты достарыңызға жіберуді ұмытпаңыз.
.
Ғалымдар шайды зерттей келе құрамында көптеген дәрумендер бар екенін анықтаған.
Танин-қантамырларды күшейтеді, С дәрумені өте көп мөлшерде.
Кофеин – орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады,соның салдарынан жүректің қатты соғуы п.б. Давлениясы төмен адамдарға өте жақсы.
Аминқышқыллары- иммунитетті жоғарылатып,қартаюдың алдын алады . Зат алмасу процессіне оң әсер етеді.
Каротин – көз көруіне өте пайдалы,әсіресе катарактаның алдын алады .Витамин С өте көп мөлшерде.Қантамырлардың қабырғаларын күшейтеді.Тіс ауруларының және әр-түрлі инфекциялық аурулардың алдын алады . Витамины В1 және В2 – нерв жүйесіне оң әсер етеді. Бүйрекүсті безінің жұмысын жақсартады.
Фтор – сүйекке және сүйек тініне оң әсер етеді. Тіс ауруының алдын алады.
Калий – артериялық қысымды қалыпқа келтіреді,жүрек қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.
Р дәрумені – ұсақ тамырларға оң әсер етіп,варикоздың алдын алады.

Қосымша пайдасы:
халық арасында конъюнктивитті емдеуге қолданады.
шай өте төмен калориялы.
суық тиіп ауырғанда жақсы әсер етеді.
шай температурасы 56 градустан аспауы керек.

Ал енді зиянды тұстарына келсек:
шай температурасы 65-70 градус аралығында болса ,тамақ обыры (рак) даму қаупі екі есеге жоғары.
Ал 70 градустан жоғары болса өңеш обыры сегіз есеге жоғарылайды.
шайды 5-10 минуттан артық қайнатпаңыз, 5минуттан да кем болмауы керек.
шай пакетигін кеседе ұзақ ұстасаңыз нағыз уға айналады екен .
ұйқыңыз нашар болса ішпеген дұрыс;
асқазан ішек жолының ауруларының асқынуы кезінде;
кей жағдайда адамды стресске итермелейді .
тістің сарғаюына әсер етеді;
шайды балаларға беруге болмайды ,себебі құрамында кофеин бар. Бала ашушаң болып ,нерв жүйесіне зақым келуі мүмкін.
Балаларға мята немесе ромашкадан шай дайындап берген әлдеқайда пайдалы. Аптекадан сатып алсаңыз болады.
_
_
ҚАНДАЙ ШАЙ ІШЕСІЗ? СҮТПЕН ?СҮТСІЗ ?
БАЛАҢЫЗҒА ШАЙ БЕРЕСІЗ БА ?

Аналарға кеңестер