Get Mystery Box with random crypto!

Лямблиоз - қарапайым гельминт құрттары туындататын ауру болып | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Лямблиоз - қарапайым гельминт құрттары туындататын ауру болып саналады.

Әлемде 15-40%адам аталған аурумен ауырады. Ит пен мысық ауруды тасымалдаушылар болып саналады. Олардың ішегінен шыққан бойда лямблия өзінің хитин қабықшасына кіріп алып, ылғалды ортада өз иесін күтіп отырады. Сондай-ақ есік тұтқасы, кілем астында,суда, жуылмаған жемістерде жасырынып жатады. Адам жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, ауру жұқтыру қаупі жоғары.
Лямблия ағзаға түскен бойда жіңішке ішекке жайғасып, өз бөлмесінің орнаментін ретке келтіре бастайды.
Жіңішке ішек сізде кеден қызметін атқарады. Ішекке кірген пайдалы заттарды өткізіп, зиянды қалдықтарды ұстап қалады. Лямблияға мұндай кедендік одақ керек емес, сол үшін ішек бүрлерін,гликокаликс бекетін жойып тастайды. Бүрі кеткен ішек ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғармай барлығын дерлік өткізе бастайды. Ірі -ірі белоктарды көрген ағза оны танымай, шошынып, бөтен зат деп қабылдап,антиген арқылы шабуылға шығады. Осы ретте аллергиялық аурулар Сізді мазалай бастайды. Сіздің ішкі əскерлеріңізді өз бетімен қырылыстырған дұшпаныңыз Сізге бұйрық бере бастап , құлына айналдырады. Ол тəттіні жақсы көреді, тəттіге тапсырыс береді. Осылай, сіз "бірдеңе жегім кеп тұр","тəтті жейінші"деп тапсырысын қалтқысыз орындайсыз. Вип палатада жатқан дұшпаныңыз қоректеніп, көбейе бастайды, ал Сізге қорек жетпегендіктен ұйқыға кетесіз əрі əлсірей бастайсыз.

Ішектегі жойылған бүрлер,гликокаликс қайда кетеді деп ойланған жоқсыз ба? Əрине, ол токсинге(уға) айналады да жүйке жүйесін зақымдайды.
Д.Ф.Лямбль бұл құртқа"мұң мен қайғы паразиті"деп атау берген. Сіз сырт көзге қайғы мұңнан айырылмаған бейбақ кейпіне енесіз.

Клиникалық көрінісі: Анық жəне жасырын белгілері бар: бас ауруы, тілдің ақ жабынмен жабылуы, тісті қышырлату, əлсіздік, тері бозғылттығы,азғындық, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, көз астының көгеруі, бас айналу, іш ауруы сынды көптеген симптомдармен көрінеді.
Лямблияның бар-жоғын қалай білеміз? Оп-оңай! Лямблия тəттіні жақсы көреді. Бала болсын, Сіз болсын ет тағамдарынан бас тартып, тəттіні көп тұтына бастайсыз. Кіріс болады алайды шығыс болмайды.

Аналарға кеңестер