Get Mystery Box with random crypto!

Бас ауыруы- ең көп таралған шағымдардың бірі. Өйткені ол барш | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Бас ауыруы- ең көп таралған шағымдардың бірі. Өйткені ол барша аурудың белгісі ретінде жүреді.
.
Бас ауруының сипатына қарай
табиғатын білуге болады.
.
Бас ауруын туындататын 1500 себеп болады. .
1 себеп:

Бас миының венозды және жұлын ми сұйықтығының ағуының бұзылысы.

Бұл кезде бассүйекішілік қысым әсерінен ми тіні ісінеді. Ми тіні өз көлемінен ұлғайып, ми қабықшасы мен бассүйектің ішкі жағын тарылтады. .
Сыртқы қатты ми қабықшасында көөптеген нервтер болады.

Ми ісінген соң қатты ми қабықшасы ішкі қабықшамен байланысып ауру сезімі пайда болады.

Белгілері: самайда, маңдайда, түшкіріп-жөтелгенде, басты жан жаққа бұрғанда , басты төмен еңкейткенде қатты ауырады.

"Милы" құсу пайда болады. Құсу бас ауруы шыңына жеткенде іске қосылады. .
Барша науқастар ауырсынуды жеңілдететін белгілі бір қалыпта отырады.

Маңызды! Веналық не жұлын-ми сұйықтығы жатқан қалыпта ағуы нашарлайды, сол себепті бас ауыруы таңертеңгі не түнгі уақытқа тура келеді. яғни, ұйықтап тұрған соң басталады.

2 себеп:

Тамыр тарылуынан пайда болған бас ауыруы. Ақырындап басталып, қатты жан шыдатпас ауырсынуға әкеледі. Көбіне самай, бастың бір жағы, шүйде тұсы ауырады. Көпшілікте бастың жартысы мен қоса көз, мойындары да ауырады. .
Себебі: Бассүйек ішіндегі тамырлар тарылғанда тамырлар босаңсиды, тамырлардан көптеген ұсақ тесіктер ашылып, сұйықтық жанындағы тінге өтіп, ісінеді. .
Мұндай кезде қан қысымын өлшеген дұрыс. Қан қысымы жоғары болса Дибазол, Но-шпа, Папаверин ішкен абзал. Егер бұл препараттар əсер бермесе, ауру келесі фазаға өткенін көрсетеді. Бұл кезде Глицин, Аскорбин қышқылын қабылдаған дұрыс.
.
Мигрень (бас сақинасы) ұстаса- Циннаризин, Димедрол қабылдаған жөн.
.
.
Мәлімет түсінікті болды ма
. Ал, сіздің басыңыз жиі ауырады ма

Аналарға кеңестер