Get Mystery Box with random crypto!

Баланы қырқынан шығару Бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Баланы қырқынан шығару


Бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік уақытты қауіпті, қатерлі деп санайды.
Жаңа туған нәрестені қараусыз қалдырмай,қырық күн күзетіп,бағу керек.
Жаңа босанған келіншектің қасында апасы,анасы болғаны дұрыс. Себебі ана үшінде қауіпті кезең болып саналады ,жаңа босанған ана сорпаланып ,ауыр көтермей күтінуі керек,күйзеліс болмағаны дұрыс (менде ондай адам жоқ ,күтіну бала қарау ,үй шаруасын өзім алып жүрдім). Аллаға шүкір бұл кезеңнен аман есен өттік .
Жақында босанған ана оқып отырса күтініп жүруіңізді сұраймын,себебі өзім қырқына дейін үш рет ауырып қалдым.
.
Рәсімді қалай өткіздік?! Ұл баланы 39 күні ,қыз баланы 40 күннен асырып қырқынан шығару керек.
Ұлымыз Сұлтанды қырқынан керемет жан,әріптесім,ақылшым,әпкем шығарды . Сізге алғысым шексіз,ұлдарыңыздың жолын берсін балапанымызға . 40 қасық су дайындап ішіне күмістен жасалған әшекейлер(күміс салынған су — ең таза су болып есептелінеді),күміс тиындар салынған суды сәбиге тілек айтып құйдық.
Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашын алып, ақ шүберекке түйіп қойдық,ал сүт тырнағын адам баспайтын жерге немесе ұрпағы көп болсын деп жеміс ағашының түбіне көміп тастау керек екен (біздікі әлі үйде тұр).
Осы күні баланың ит көйлегі шешілді. Жейдені ырымдап бала көтере алмай жүрген келіншекке беріп жібердім.
.
Сәби аңсап жүрген жандарға осы бақытты нәсіп етсін .
.
Сіздерде қандай ерекшелік бар ?

Аналарға кеңестер