Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-08-15 15:31:40 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ТЫРНАҚҚА МАСКА ЖАСАЙЫҚ

Тырнақтарыңыз сынғыш, қабаттары алынатын болса осы маскаларды үй жағдайында жасасаңыздар болады

АС ТҰЗЫ

200 мл жылы су + 1 ас қасық ас тұзы + 1 ас қасық сода + кез-келген сұйық сабын + бірнеше тамшы = жақсылап араластырыңыздар. Осы ерітіндіге 10-20 минуттай батырып отырыңыз. Маскадан кейін қолды сүртіп, қоректендіретін крем жағыңыз.

Бұл масканы күн сайын жасауға болады

ЙОД МАСКАСЫ

Мақта көмегімен жатар алдында тырнаққа йод жағыңыз. Басында тырнағыңыз сарғаяды, ұйқыдан тұрғанда йод сіңіп, тырнағыңыз өз түсіне қайта келеді. Бұл маска тырнақты берік етіп, тез өсіреді.

Бұл масканы күн сайын жасауға болады

Бұл масканы аяқ тырнақтарына да қолдануға болады

Сіздер қандай маска жасайсыздар? Бөлісе отырыңыздар..
3.4K views12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 15:45:33 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАС ӨСІРУ

Үй жағдайында қасты өсіру үшін мына бағытта жұмыс жасауыңыз керек

ҚАСТЫ ТАРАУ

Қасқа арналған қылқалам көмегімен күнде қастарыңызды өсу бағытымен тараңыздар.

ҚАСҚА МАССАЖ ЖАСАУ

Күнде ұйықтар алдында қасыңыздың жоғары жағына 2 минут массаж жасаңыз. Массаж қанайналым және алмасу процестерін жақсартады. Ақырындап шымшу, сипау, уқалау қозғалыстарымен жасаңыздар.

МАЙЛАР

Қасты өсіруге

Майсана майы
Ошаған майы
Осма майы көмектеседі.

Майды қасқа жағу үшін бірінші қасты тазалап жуып, кепкенін күтесіз. Майсана майын жағып, 2сағатқа қалдырығыз.

Майды 1ай жағу керек

Осы әдістерді тұрақты қолдану арқылы, жақсы нәтижеге жетесіздер.
3.6K views12:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 16:35:19 Кофенің денсаулыққа пайдасы

Кофені көп адам сусын ретінде пайдаланатыны белгілі. Алайда оның зиянды тұстарын айтып, бас тартуға үндейтін кеңестерді көп кездестіреміз. Оның пайдалы тұстары да бар екенін біле жүріңіз. Назарларыңызға кофенің денсаулыққа пайдасы жөнінде аз-кем ақпарат ұсынамыз.

1.Қант диабеті 2 типінің алдын алады. Жаңа әрі тың ізденістермен жүріп, кофені өте жиі ішетін адамдар осы аурумен ауырмайтыны анықталды. Ал бұл сусынды аз пайдаланатындар қант диабеті дертіне бейім келеді. Мұның себептеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен, кофе стеройдты жыныстық гормондарды байланыстырады және қант құрамындағы ақуыздың консентрациясын көтереді. Ал, екіншіден, кофе құрамындағы хинин инсулиннің жұмысын жақсартады және қандағы глюкозаны клеткаларға орналастырады. Содан энергия пайда болады. Сонымен қатар, глюкоза мөлшері төмендейді.

2. Қатерлі ісікті болдырмайды. Егер де әйел бір күнде 4 немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішсе, жатырындағы қатерлі ісік дертінің қаупі 25% төмендейді, ал егер 2-3 шыныаяқ қана пайдаланса қатері 7% төмендейді. Енді ер адамдарға тоқталатын болсақ, Гарвард университетінің зерттеу нәтижесінде бір күнде 4 шыныаяқ кофе ішсе, қуық жолындағы қатерлі ісік ауруының қаупі 60% төмендеген. Кофенің мұндай ерекшелігінің себебі, оның құрамындағы хлорагенді қышқыл қатерлі ісік тудыратын клеткаларға тікелей әсер етіп, оларды жояды. Сонымен қатар, құрамындағы бұл зат иммунды клеткаларды нығайтады. Кофе несеп айдайтын қасиетке ие болғандықтан, зәр арқылы ағзадағы барлық зиянды заттарды сыртқа шығарады. Зерттеу нәтижесінде кофе артериялық қан қысымын төмендететінін анықтаған.

3. Паркинсон ауруына оң әсер береді. Кофенің 4 шыныаяғын ішіп паркинсон дертімен ауыратын адамдар өз жағдайын жақсартқан.

Кофе – бұл қауіптенетін сусын емес, тек қана мөлшермен пайдаланып, өзіңіздің қалыпты жағдайыңызды байқасаңыз болды.

Сіз кофені қаншалықты көп ішесіз?Пайдалы жағын байқаған кезіңіз болды ма?
652 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 17:42:48 Кепкен жемістің пайдпсы


Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген мамандар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күнделікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде. Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жемістердің қысқаша пайдалары:

Кепкен өрік:

Ас қорыту жүйесіне пайдалы. Стрестің және қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде маңызы зор.

Кепкен жүзім:

Энергия көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.

Кепкен алма:

Тыныс тарылуы, астма, жүрек мазасыздығына қарсы жақсы әсер етеді. Құрамындағы талшықты ерекшелігімен ішектерді тазалайды. Көзді шаршататын іскерлерге күніне бір уыс кепкен алма жеу пайдалы.

Кепкен құрма:

Антиоксидант қасиетімен иммунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Асқорыту қиындығы барларға жақсы әсер етеді. В1, В2 дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне қорған. Ми функцияларын реттейді.

Кепкен қара өрік:

Мол мөлшерде В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Құрамындағы калий және магний арқылы бауыр, жүрек, бүйрек және ревматизм ауруларына қарсы пайдалы.

Кепкен інжір:

Талшық мөлшері өте жоғары болғандықтан салмақ тастауда пайдалы. Аминқышқылдар тұрғысынан қанық. Осы арқылы жасуша қалыптасуында, дененің жаңалануында белсенді рөлі бар.

Пост сізге пайдалы болды ма?Тағы қандай кепкен жемістердің пайдалы жақтарын білесіздер?Ақпаратпен бөлісе отырыңыздар
666 views14:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 16:42:53 Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Бұл адамдардың ертеден-ақ алманың қасиетін біліп, бағалағанынан хабар береді.Бүгін біз,алманың адам денсаулығына пайдалы жақтарымен бөлісетін боламыз:

Өмірді ұзартады

2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен. Бұл зерттеу жануарларға қолданылғанымен, нәтижесі адам ағзасына да қатысты деп саналды.

Есте сақтау қабілетінің жақсаруы

Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.

Инфаркт, инсульт қаупін азайтады

Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді.

Ісік ауруларының алдын алады

Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады.

Алманың тағы қандай пайдалы жақтарын білесіз?
Алманы жиі жейсізбе?
654 views13:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 15:47:04 Негізі ақ шоколад деген табиғатта жоқ. Ақ шоколад деп жүргеніміз какао майы мен қанттың, ұнтақталған сүт пен ванилиннің қосындысы. Түсі ақ болатын себебі құрамында сүт бар. Құрғақ сүттің өзіне тән карамельді дәмі бар. Ақ шоколадқа да дәм беретін осы.

Мұндай шоколадты дайындаудың жолы көп. Ол рецебі мен сапасына, шикізат түріне байланысты. Какао майын аздап қосады, өйткені көбірек құйып жіберсе, шоколадтың түсі қарайып кетеді. Дәмі қара шоколадқа ұқсамауының да себебі осы.

Ал кәдімгі шоколадтың құрамындағы какаоның мөлшері – 20 пайыздан кем емес. Ақ шоколадты өндірушілердің көбі оны арзан ұнтақ пен өсімдік майынан дайындайды, какоасы аз болады. Сондықтан шындап келгенде ақ шоколадты "шоколад" деп атауға келмейді.

Қара шоколадтың құрамындағы сүттің мөлшері – 15 пайыз, ал какао майы – 20 пайыз, қанттың үлесі – 55 пайыз.

Посттан қажетті кеңесті ала алдыңызба?Ақ шоколадты қаншалықты тұтынасыз?
665 views12:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 05:51:23
Үйде баламен отырған аналар, студенттер не болмаса подработка іздеген адамдарға үлкен мүмкіндік.Инстаграмда,ютубта, фейсбук және тик токта лайк басып,просмотр жасап,поделиться етіп ақша табуға болады.
Шашу сайты жұмысын Қазақстан аумағында сәуір айынан бастады,қазіргі таңда 10 000жуық қолданушылары бар.
Обучение,сайт бәрі тегін!
Бұл жерде сізге 4 күн стажировка беріледі,күніне 2 задание 600-700тг табасыз.4 күнде 2500тг
Стажировка күніңіз біткесін,ары қарай жалғастырыңыз келсе кез келген Вип пакетін 1рет сатып алып,1жыл бойына ақша таба аласыз!
Тіркелу үшін ссылканы басыңыз

https://share131.vip/#/ref/511760

Ватсап ссылка
https://api.whatsapp.com/send?phone=77756969805&text=%D0%A1%D3%99%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%96%D0%B7%20%D0%B1%D0
1.2K views02:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 17:51:41 МАСА ШАҒЫП АЛСА НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. Ер масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет екен.

Маса шақты. Не істейміз?

Масаның шаққан жеріне суық басқан дұрыс. Ол үшін мұз кесегін, не мұздатылған көкөністер, кез келген мұздатылған затты алсаңыздар болады. Суық ісінуге тез әсер етіп, ауруын қойдырады.

Маса және басқа да  жәндіктердің шаққан жерін ас содасының ерітіндісімен емдеуге болады. 1-2 шай қасық ас содасын бір стақан суға ерітіп, оған мақтаны малып, жараны басыңыз.

Бор немесе салицил қышқылы маса шаққанда көмектеседі.

Қырмызы қайнатпасы, корвалол, валокардин тәрізді дәрілерді жараға жағу арқылы ісікті баса аласыздар.

Лимонды жіңішкелеп тураңыздар. Кесілген бөлігін маса шаққан жерге 10мин қойыңыздар немесе лимон сөлімен сүртсеңіздер де болады.

Сарымсақты жіңішкелеп турап, 1-2мин жара бетіне қойыңыздар.
589 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 16:44:39 Басыңыз жиі ауыра ма?

Оның  кең таралған 6 себебі болуы мүмкін:

Стресс. Стресс кезінде пайда болатын иықтың ұюына, белдің ауыруына, шаш түбінің ширығуына, бас ауруына алып келеді.

Диета. Аштық мигреньді немесе бас ауруын тудыруы мүмкін.

Алкоголь. Алкогольдің кез-келген түрі бас ауруларының қоздырғышы болып табылады.

Қоршаған орта. Жарық сәуле, түтін, жоғары ылғалдылық, қатты иістер немесе суық ауа райы сияқты қоршаған орта факторлары да мигреньге себеп болуы мүмкін.

Кофеиннен бас тарту. Егер сіз әдетте кофе немесе шай көп ішетін болсаңыз, одан кенеттен бас тарту бас ауруларын тудыруы мүмкін.

Ұйқының аздығы. Адам өзі үйреніп қалған уақыттан аз немесе тым көп ұйықтаса, бұл да бас ауруына себеп болмақ.

Бас ауруы жиі қайталанса, онда оның себептерін іздеу қажет. Әрине, ол үшін дәрігерге қаралған жөн.
501 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 17:31:40 Балдың адамға пайдасы.

Балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс. Себебі, бал – шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал жайлы мағлұматы аз деген жандардың өзі түрлі аурулардың алдын алуда оны жиі қолданады. Мәселен, жөтел тигенде сүтке қосып ішу, моншаға түскенде денеге жағу, бет терісін жұмсарту секілді қарапайым адамдардың өздері-ақ білетін рецептер жетіп артылады.

Бал ингаляциясын (демалу арқылы балды ағзаға енгізу) қолдану ісі ерте кезде дамыған. Ингалияциялағанда бал мұрынның кілегей қабығы мен кеңірдекке ғана әсер етіп қоймайды, өкпенің альвеолы арқылы қанға түсіп, денсаулықты нығайта түседі.

Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стакан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады.

Гиппократ бал ішімдігі қақырықты түсіріп, жөтелді басады деп жазды. Ибн Сина туберкулез басталған кезде раушан гүлінің жапырағы мен бал қоспасын қолдануды ұсынды. Бұл қоспаны күндізгі сағат 12-ге дейін қолдануды тиімді деп санады.

Жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін глюкоза қажет. Балды қолдану жүректің бұлшық етіне жақсы әсер етеді. Себебі, онда жеңіл сіңетін глюкоза өте көп. Балдың құрамында Diastase (диастас) ферменттері болғандықтан, ол жүрек маңы майларын жояды. Сондықтан жасы үлкен адамдар мен жүрегі ауыратындарға бал жеу насихат етіледі.
571 views14:31
Ашу / Түсініктеме