Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 10

2022-05-27 16:36:38 Ірімшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам. Ірімшікті әжелеріміз қойдың, ешкінің, сиырдың сүтінен әркім өз рецебі бойынша әзірлеген.
Ірімшіктің құндылығы мен құпиясы

Ірімшік тек қана сүттен дайындалатын және әбден қайнатылып, сарысуынан бөліп алынатын тағам болғандықтан, сүттегі маңызды қоректік заттар ірімшікте екі есе көп болады. Атап айтқанда: толыққанды сүт майы, оның құрамында өте маңызды (арахидон, линолды, линоленді) май қышқылдары және А, Е, Д, В1, В2, В6, В12, РР, С дәрумендері бар. Сүттегі лактоза жүрек-жүйке тамырларының қабілеттілігін арттырады.

Ірімшіктің құрамында адам ағзасының қызметі үшін маңызды макро-микро элементтердің барлығы бар, сондықтан сүт тағамдары – күш-қуаттың қайнар көзі.

Авиценна «Адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам – сүт» деген. Осы ретте өндірістік жолмен жасалатын сүттерден емес, еркін жайылып, шөп жеген малдың табиғи сүтінен жасалған тағамдардың адам ағзасына өте пайдалы екенін айта кету керек.

Сүт тағамдарының құрамындағы дәрумендер рөлі:
А — адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады.
Д — сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды.
В1 — адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады.
В2 — ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды.
В6 — баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді.
В12 — қанның пайда болу процесіне қатысады, анемия ауруына қарсы тұратын қасиетті қалыптастырады.
Е — адам бұлшық еттерінің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.
РР — қан ағымын және бауыр жұмысын жақсартады.
485 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 17:33:46 БЕТ ТЕРІЛЕРІҢІЗ ТАРТЫЛЫП, ӘЖІМ КӨРІНБЕЙДІ

Бұл масканың пайдасы

терілеріңіз тартылып, әжімдер білінбейді
беттеріңіз жұмсақ болады.

Керек заттар:

Глина - 2шәй қасық
Көк шәй - 2шәй қасық
Кастор майы - 1шәй қасық
Миндаль майы - 1 шәй қасық

Барлығын жақсылап араластырып, беттеріңізге жағыңыздар.
10-15мин кейін беттеріңізді жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.

Аптасына 2рет жасауға болады. Қолдану ұзақтығы 1ай

Егер теріңіз құрғақ болса, көк шәй орнына сүт қоссаңыздар болады
535 views14:33
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 17:30:45 ҚАНТТЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ

Қанттың зияны:

Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді.

Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді.

Бүйрек ауруларына шалдықтырады.

Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады.

Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады.

Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді.

Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады.

Көзіңіздің көруін төмендетеді.

Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді.

Ойық жаралы колит ауруын шақырады.

Қант орнына бал, кептірілген жемістер, мармелад жесеңіздер болады.
1.1K views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 16:58:26 ПИГМЕНТТІ ДАҚ ЖӘНЕ СЕПКІЛ АҒАРАДЫ

Пигментті дақ, сепкіл қазіргі кезде көптеген қыз келіншектердің проблемасы.

Сіздерге маска ұсынып отырмын

Керек заттар:

Ақ глина - 1шәй қасық
Қияр согы - 1шәй қасық
Ақжелкен согы - 1шәй қасық
Лимон согы - 1шәй қасық

Глинаға су қосып араластырыңыз. Үстіне қияр, ақжелкен, лимон соктарын қосып тағы да жақсылап араластырыңыз. Беттеріңізге жағып, 15-20мин қоясыздар. Уақыт келгенде жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.

Бұл маска 15-20рет жасағаннан кейін нәтижесін береді

Аптасына 2-3рет жасау жеткілікті.
518 views13:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-22 18:01:43 ШАШЫҢЫЗ КӨП ТҮСЕДІМЕ? ОНДА ОСЫ МАСКА СІЗГЕ АРНАЛҒАН

Керек заттар:

Бал - 1ас қасық
Оливки майы - 1ас қасық
Жұмыртқа сарыуызы - 1
Пияз суы - 1ас қасық

Барлық заттарды араластырып(сұйық болады), дайындап алыңыздар.
Шаш түптеріне жағыңыздар(артылса шаштың барлық жеріне жағуға болады.
Бастарыңызға, пакет киіп, үстіне бас киіммен жылулаңыз.
1сағат тұрсын.
Лимон қосылған суға шайып алыңыздар. Лимон - пияз иісін кетіреді.

Аптасына 1-2рет жасауға болады

Жақсы нәтиже 3рет жасағаннан кейін көрінеді. Емдеу кезеңі - 5маска.
294 views15:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-21 17:56:34 ІШ ҚАТУДЫ ДӘРІСІЗ ЕМДЕУ

Ағзасы дұрыс жұмыс істеп тұрған адам күніне 1рет үлкен дәретке бару керек. Іштеріңіз қатқан жағдайда, дәрісіз емдеудің жолдарын ұсынамын

СУ ІШУ

Күніне жеткілікті су(1,5-2л) мөлшерін ішіңіздер. Суды таңертең аш қарынға, ас ішуден 30мин бұрын, ас ішкеннен соң 1сағ кейін, кешкі алтыға дейін ішкендеріңіз жақсы.

ҚОЗҒАЛЫС

Адамда қозғалыс болмаса, ағза дұрыс жұмыс істей алмайды. Сондықтан, күніне 2-3сағат серуендеңіздер.

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Күнделікті дәнді дақылдар, көкөністер, жемістерді ас мәзірлеріңізге қосыңыздар. Мысалы, қырыққабат, сәбіз үлкен дәретке шығуға жақсы көмектеседі.
Жеміс, көкөністерді күніне 2 мәрте тұтыныңыздар.
Дәнді дақылдарды 1рет тұтыну жеткілікті.

Жоғары сұрыпты нан өнімдерінен бас тартыңыз(егер сізде іш қату болса)

КЕПКЕН ҚАРА ӨРІК ПЕН САРЫ ӨРІК

Таңертең ашқарынға сумен бірге 3-4 кепкен қара өрікті(сары өрік)жақсылап шайнап жеңіздер. Дәретке шығуға жақсы көмектеседі.

ҚЫЗЫЛША

Қызылшаны орташа қайнатып, тёркадан өткізіп, ішіне дәмдеуіш майларын қосып тамақпен салат ретінде жеңіздер. Дәруменге бай және үлкен дәретке шығуға көмектеседі. Салатқа сұйық май қосып жеңіздер.

Сізде іш қату проблемасы барма?
499 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-20 18:09:23 ДЕГТЯРЛЫ САБЫН ПАЙДАСЫ

Дектярлы сабын - өзіндік иісі бар, тері проблемаларын кетіруге арналған.

Дегтярлы сабынның пайдасы:

Безеу мен ұшықтарды кетіреді

Бет терісін дегтярлы сабынмен жуу арқылы тері тесігін тазартып, ұшықтар мен безеулерден тез арылуға көмектеседі.

Тері ауруларымен күреседі

Экзема, дермотит және себоре сынды тері ауруларының өршуін басады. Бұл аурулар терінің тұтастығы мен қан айналымының бұзылуынан пайда болады. Сабын жараның бетін инфекция түсуден сақтайды, теріні қалпына келтіреді. Сонымен қатар, днгтярлы сабын тері аурулары кезінде адамды қышу мен тітіркенуден сақтайды.

Аяқ саңырауқұлақтарын емдейді

Аяқтағы саңыруқұлақтардан арылу үшін күнде дегтярлы сабынмен жуып, 10-15 минут сабын көбігіне қою жеткілікті. 7-10 күннің ішінде күтілген нәтижені береді.

Дегтярлы сабынды қолдану

Сабынды жаз мезгілінде сирек, ал қыс мезгілінде жиі қолдану керек. Себебі, сабын қыстыгүні теріні суық-аяздан сақтайды. Жаз мезгілінде сирек қолданудың себебі ыстықта тері майлы болады.

Теріңіз құрғақ болса 2-3күнде бір рет, майлы болса күніне 2рет жуу керек
610 views15:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-19 17:39:06 БЕПАНТЕН - ӨТЕ ПАЙДАЛЫ, БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРІСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҚПАМАЙ

Пайдасы

Қырынудан кейін, тітіркенудің алдын алу үшін жағуға болады.
Ұсақ жараларды емдейді.
Терідегі ауырсынуды басады, тітіркенуді кетіреді.
Күн сәулесінен күйген кезде қолдануға болады.
Ерін қабынған кезде көмектеседі.
Құрғақ теріге ылғалдандырғыш крем ретінде қолдануға болады(қыста).
Өкше жарылғанда қолдануға болады.
Қол тілініп жарылғанда қолдануға болады.
Емшек ұшы жарылғанда қолдануға болады.
Баланың көтені қызарған кезде қолдануға болады.

Сіздер қандай пайдасын білесіздер?
769 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-05-18 17:48:33 ӨКШЕНІҢ ЖАРЫЛҒАНЫҢ ЛЕВОМЕКОЛЬ АРҚЫЛЫ КЕТІРЕЙІК

Жаз кезінде өкше жарылу көп қыз-келіншектердің басты проблемасы.

Не істейміз

Бірінші жылы су құйып, ішіне сұйық сабын салып көпіршітіңіздер.
Аяқтарыңызды салып, 15-20мин отырыңыздар.
Аяқтарыңызды құрғатып, левомеколь жақпамайын жағыңыздар.
Күнде таңертең және түнде жасау керек.
Кешке левомекольды қалың жағып, аяқтарыңызға пакет киіп ұйықтайсыздар.
Ал таңертең жұқалап жағып, 15-20мин жақпамай сіңгенін күтесіздер.

Нәтижесі 1-2аптады болады.
472 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 17:00:39 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КІРПІК ӨСІРУ

Кірпік өсіру үшін, оған үй жағдайында маска(майлардан) жасауларыңыз керек.

Кірпік өсіруге арналған майлар

Майсана майы(касторовое масло) - кірпіктің өсуіне және кірпіктің өсуін тежейтін бактерияларды жоюға көмектеседі.

Майсана майын мақта таяқшалары көмегімен кірпік түбіне жағыңыздар. 30мин ұстап, жылы сумен жуып тастаңыздар. Бұл әдісті ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Бұл әдісті күнде, 2-3ай жасау керек

Зәйтүн майы(оливковое масло) - кірпікті нәрлендіреді.

Ұйқыға жатар алдында кірпікке арналған щетка көмегімен жағыңыздар. Таңертең жылы сумен жуып тастайсыздар.

Көк шәй

Көк шәй шығарып, суытыңыздар. Мақта таяқшасы көмегімен кірпік түбіне жағып, 15мин кейін суық сумен жуып тастаңыз.

Күніне 2рет, 1-2ай жасау керек
475 views14:00
Ашу / Түсініктеме