Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2022-06-16 18:11:04 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛТЫҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСІН КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Қолтықтағы жағымсыз иіс көп қыз-келіншектің басты проблемасы. Мен сіздерге бүгін жағымсыз иісті кетірудің 3 жолын ұсынамын.

СУТЕК АСҚАН ТОТЫҒЫ

0,5стақан суға 1ас қасық сутек асқан тотығын қосып, араластырыңыз. Осы ерітіндімен қолтықты күніне 2 рет сүртесіз.

Лимон

Лимонды бөліктерге бөліңіз. Бір бөлігімен қолтықты сүртіңіз. Күніне 2-3рет сүртуге болады.

Ас содасы

1ас қасық ас содасына 1ас қасық су құйып араластырыңыз. Осы ерітіндіні қолтығыңызға жағыңыз. Таңертең және кешке, екі уақыт жағуға болады.

Сіздер дизодарант қолданасыздарма? Мамандар айтуы бойынша дизодарант қолдануға болмайды дейді. Сіздердің ойларыңыз қалай?
482 views15:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 15:54:52 МАЙСАНА МАЙЫНЫҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

Пайдалы постқа басып, сақтап , достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар

Майсана майы - арзан және пайдасы мол. Сіздерге майдың пайдалы жақтарымен бөліспекшімін

Алақаныңызға аз мөлшерде май құйып, шашыңызға жасап жағыңыз. Аптасына бір рет жасау арқылы, нәтижесін көресіз. Бір айдан кейін шашыңыз қалыңдап, жылтырайтын болады.

Кесеге айран құйыңыз. Ыстық су құйылған ыдысқа кесені қойыңыз. Айран жылығаннан кейін 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Дайын қоспаны басыңызға жағып, пакет киіп, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек.

Шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды

Майсана майы кірпік пен қас өсіруге көмектеседі. Ол үшін аптасына бірнеше рет кірпіктеріңізге майсана майын жағу керек.

Бетке массаж жасауға болады. Ас қасықты қыздырыңыз. Содан соң майсана майын құйыңыз. Бетке массаж жасаңыз.

Майсана майынан бетке арнап маска жасауға болады. Жұмыртқаның саруызы мен 10 тамшы майсана майынан қоспа дайындаңыз. Бетке жұқалау етіп жағып, 25 минуттан кейін жуып тастаңыз. Содан соң көк шаймен бетті шаюға болады. Сонда бетіңіз құрғақтанып кетуінің алдын аласыз.

Салқын ауа райы мен желді күні беттің қабыршақтануына жол бермейді

Сіз майсана майының қандай пайдасын білесіз?
280 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 16:02:55 ВАЗЕЛИННІҢ СҰЛУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

Пайдалы постты сақтап , басып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар….

Вазелиннің сұлулыққа пайдасы

Вазелинді косметикалық далап ретінде қолдануға болады. Ерінді желден және суықтан қорғайды. Сонымен қатар, жарылғанды кетіріп, құрғақтықтан сақтайды.

Шашты бояған кезде, маңдай тұсына(құлақ, мойын) вазелин жағып қойсаңыз, теріге тиген краска бірден кетеді.

Вазелин теріні желден, аяздан қорғайды.

Макияжды кетіруге көмектеседі. Мақтаға вазелин жағып, макияждарыңызды сүртесіздер. Вазелинді тұрақты қолдану арқылы теріңіз ылғалданып, әжімдер

Қасқа бір тамшыдай вазелин жағып, щетка көмегімен тараңыздар. Кепкен соң, қас өз формасын бір күн бойы сақтайтын болады.

Түнде жатар алдында, кірпіктеріңізге жұқалап вазелин жағыңыздар. Бұл кірпіктің ұзын және қалың болып өсуіне көмектеседі.

Сіздер вазелиннің қандай пайдасын білесіздер?
231 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 15:49:43 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ МАСКА ДАЙЫНДАУ

Шаш витамин жетіспегеннен, қан аздықтан, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, т.б себептерден түседі.

Үй жағдайында шаш түсуіне қарсы маска ұсынамын

Керек заттар

Майсана майы - 1ас қасық
Бал - 1шәй қасық
Жұмыртқа сарысы - 1

Барлық заттарды араластырыңыз.
Микротолқынды пешке салып, жылытып алыңыз.
Шаш түбіне жағып, 1-2мин массаж жасаңыз.
Басыңызға пакет киіп, сыртынан жылы бас киім киіңіз.
30мин қойыңыз.
Уақыт өткеннен кейін, басыңызды шампуньмен жуып аласыз.

Аптасына 1-2рет жасауға болады

Тұрақты жасау арқылы нәтижеге жетесіздер(2ай)
801 views12:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 16:21:54 КИІМГЕ ТИГЕН МАЙ ДАҚТЫ КЕТІРУ


Балғын дақты кетіру оңай
Ескі дақты кетіру қиын

Сондықтан, түскен дақты сол сәтте кетіруге тырысыңыз.

Керек заттар:

Ыдыс жууға арналған сұйықтық
Щетка немесе губка

Киімдегі даққа ыдыс жууға арналған сұйықтық тамызып, 15мин қойып қойыңыз(ескі дақ болса, 1сағ). Уақыт келгенде, щеткамен ысқылап, киімді жуып аласыз.

Пост тақырыбына идея тастаңыздаршы
79 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 16:21:32 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛТЫҚТЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСІН КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Қолтықтағы жағымсыз иіс көп қыз-келіншектің басты проблемасы. Мен сіздерге бүгін жағымсыз иісті кетірудің 3 жолын ұсынамын.

СУТЕК АСҚАН ТОТЫҒЫ

0,5стақан суға 1ас қасық сутек асқан тотығын қосып, араластырыңыз. Осы ерітіндімен қолтықты күніне 2 рет сүртесіз.

Лимон

Лимонды бөліктерге бөліңіз. Бір бөлігімен қолтықты сүртіңіз. Күніне 2-3рет сүртуге болады.

Ас содасы

1ас қасық ас содасына 1ас қасық су құйып араластырыңыз. Осы ерітіндіні қолтығыңызға жағыңыз. Таңертең және кешке, екі уақыт жағуға болады.

Сіздер дизодарант қолданасыздарма? Мамандар айтуы бойынша дизодарант қолдануға болмайды дейді. Сіздердің ойларыңыз қалай?
373 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 17:52:23 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРУ

Дақты кетіру үшін пилинг+маска жасаймыз.

ПИЛИНГ: қызанақ+қант

Қызанақты 2бөліңіз.
Жарты қызанақ ішін пышақпен бөліктерге бөліңіз.
Бетіңізді тазартып жуып, құрғатыңыз.
Жарты қызанақты қантқа батырып, бетіңізді айналдырып сүртіңіз(3-4мин, арасында қызанақты қысып қойыңыз).
Бетіңізде 15-20мин тұрсын.

Егер қызу, қышу, ашу реакциялары байқалса, пилингті тоқтатыңыз

МАСКА: картоп+сүт

Балғын картоптың қабығын ашып, жуып, үккіштен өткізіңіз.
Үккіштен өткізілген картопқа сүт қосып, араластырып, 5мин қойып қойыңыз.
Бетіңіздегі пилингті жуып, құрғатыңыз.
Бетіңізге масканы жағып, 15-20мин қойып қойыңыз.
Беттіңізді жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.

Күнге шығар алдында SPF кремін жағыңыз

Аптасына 2рет жасауға болады. Жасау ұзақтығы 1ай

Бұл маска пайдасы:

Беттеріңіз ағарады
Қара дақ пен сепкілді кетіруге көмектеседі.

Ертеңгі пост қандай тақырыпта болсын?
830 views14:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 17:21:24 КИІМДЕГІ СИЯ ДАҒЫН КЕТІРУ

Киімгі сызылған сия дағын сол мезетте кетіруге әрекет жасаңыз.

Дақты кетіру үшін

ШАШҚА АРНАЛҒАН ЛАК

Шашқа арналған лакты даққа себіңіз. 1мин кейін щеткамен ысқылаңыз. Сия дағы кететін болады. Киімді жуып алыңыздар.

АММИАК ЕРІТІНДІСІ

Ерітіндіні даққа құясыздар. Щетка көмегімен ысқылап аласыз. Нәтижесі болады.

Жасап көріңіздер….
456 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 17:00:20 ЕТТІҢ ҚАМЫРЫ ЕЗІЛІП КЕТПЕСІН ДЕСЕҢІЗДЕР....

Керек заттар

Ет сорпасы - 1кесе
Жұмыртқа - 1
Тұз - 1шәй қасық
Ұн керегінше(иленген)

Ет сорпасына жұмыртқа, тұз қосып араластырасыздар. Үстінен ұн салып, қатты қамыр илейсіздер. Қамырды илеп болған соң, 15-20мин тындырып қоясыздар. Қайтадан қамырды басып, иінін қыздырасыздар. Тыңғаннан кейін жая берсеңіздер болады.

Егер сумен илесеңіздер 1шәй қасық май қосып жіберсеңіздер болады.


Сіздер қалай илейсіздер???
651 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 16:39:40 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ

Өкше жарылу көптеген қыз-келіншектің проблемасы. Жарылғанды кетірудің оңай әдісімен бөлісемін

Өкше жарылғанын кетіру үшін алоэ өсімдігі қажет.
Алоэ өсімдігінің бір жапырағын алып, тікенектерін қайшымен қиып, пышақ көмегімен 2бөліңіздер.
Бөлген кезде, алоэ сөлі шығады.
Оны жарылған өкшеге қойып, лейкопластырьмен ұстатыңыздар.
Үстінен бинтпен орап, шұлық киіп алыңыз.

Бұл әдісті кешке жатар алдында жасаған дұрыс. Таңертен аяқтарыңызды сабынды сумен жуып аласыздар.
424 views13:39
Ашу / Түсініктеме