Get Mystery Box with random crypto!

Балдың адамға пайдасы. Балды дәрумен ретінде еңбектеген балад | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Балдың адамға пайдасы.

Балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс. Себебі, бал – шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал жайлы мағлұматы аз деген жандардың өзі түрлі аурулардың алдын алуда оны жиі қолданады. Мәселен, жөтел тигенде сүтке қосып ішу, моншаға түскенде денеге жағу, бет терісін жұмсарту секілді қарапайым адамдардың өздері-ақ білетін рецептер жетіп артылады.

Бал ингаляциясын (демалу арқылы балды ағзаға енгізу) қолдану ісі ерте кезде дамыған. Ингалияциялағанда бал мұрынның кілегей қабығы мен кеңірдекке ғана әсер етіп қоймайды, өкпенің альвеолы арқылы қанға түсіп, денсаулықты нығайта түседі.

Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стакан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады.

Гиппократ бал ішімдігі қақырықты түсіріп, жөтелді басады деп жазды. Ибн Сина туберкулез басталған кезде раушан гүлінің жапырағы мен бал қоспасын қолдануды ұсынды. Бұл қоспаны күндізгі сағат 12-ге дейін қолдануды тиімді деп санады.

Жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін глюкоза қажет. Балды қолдану жүректің бұлшық етіне жақсы әсер етеді. Себебі, онда жеңіл сіңетін глюкоза өте көп. Балдың құрамында Diastase (диастас) ферменттері болғандықтан, ол жүрек маңы майларын жояды. Сондықтан жасы үлкен адамдар мен жүрегі ауыратындарға бал жеу насихат етіледі.