Get Mystery Box with random crypto!

Басыңыз жиі ауыра ма? ⠀ Оның  кең таралған 6 себебі болуы мүмк | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Басыңыз жиі ауыра ма?

Оның  кең таралған 6 себебі болуы мүмкін:

Стресс. Стресс кезінде пайда болатын иықтың ұюына, белдің ауыруына, шаш түбінің ширығуына, бас ауруына алып келеді.

Диета. Аштық мигреньді немесе бас ауруын тудыруы мүмкін.

Алкоголь. Алкогольдің кез-келген түрі бас ауруларының қоздырғышы болып табылады.

Қоршаған орта. Жарық сәуле, түтін, жоғары ылғалдылық, қатты иістер немесе суық ауа райы сияқты қоршаған орта факторлары да мигреньге себеп болуы мүмкін.

Кофеиннен бас тарту. Егер сіз әдетте кофе немесе шай көп ішетін болсаңыз, одан кенеттен бас тарту бас ауруларын тудыруы мүмкін.

Ұйқының аздығы. Адам өзі үйреніп қалған уақыттан аз немесе тым көп ұйықтаса, бұл да бас ауруына себеп болмақ.

Бас ауруы жиі қайталанса, онда оның себептерін іздеу қажет. Әрине, ол үшін дәрігерге қаралған жөн.