Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-06-06 16:31:16 ӨКШЕҢІЗГЕ ЙОД ЖАҒЫҢЫЗ, СОНДА БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАД

Йод - адам организмі үшін керек ең қажетті элемент.

Йодтың адам организмдегі мөлшерін білу үшін мына әдісті қолдансаңыздар балады

Кешке өкшеңізге йодты 1×1см етіп тор (йодовая сетка) сызасыздар.
Аяқтарыңызға жылы нәски киесіздер.
Ертең таңертең өкшелеріңізді қарайсыздар. Егер, йод сол қалпы тұрса, сізде йод жеткілікті. Ал, йод сініп кетсе, онда сізде йод жетіспейді.
Осылай күнде, өкшелеріңізге йод арқылы тор жасайсыздар(йод жетіспесе).

Өкшелеріңізге йод арқылы тор жасау қанайналымды жақсартады және аяғыңыздың ісінуін кетіреді.
Йод организмнің қорғау функциясын жоғарылатады.
Мұрыннан су аққан кезде де йодтан осындай тор жасау пайдалы.

Йодты өкшеге 1×1см етіп, тор сызасыздар. Түгелдей сызбаңыздар, өкшелеріңіз күйіп қалуы мүмкін.

Аптасына 3-4рет жасау жеткілікті
549 views13:31
Ашу / Түсініктеме
2022-06-05 17:25:05 Нәресте жүргегін дұрыс ауыстырып жүрміз бе?

Жаңа туған бөбек ересектердің көмегіне толығымен тәуелді. Сіз нәрестеңізбен бірге күнде жасайтын қимыл-қозғалыстарды оның үйреніп, дамуына қолайлы жағдай тудыратын түрде жасай аласыз.

Жаялық ауыстырғандағы дұрыс қимыл-қозғалыстар:
бөбектің денесін аяғынан жоғары ұстап көтермеңіз

Себебі:
Бұл бөбекке зақым келтіруі мүмкін (ортан жіліктің орнынан шығып кетуі).
Олай істесеңіз денесінің салмағының үлкен бөлігі оның бас тұсына келеді, содан оның миына көбірек қысым түседі.
Нәрестені аяғынан ұстап көтергенде оның ішіне де қысым түседі, бұдан ол құсып жіберуі немесе іші желденуі мүмкін әрі оның тыныс алуы да бөгеліп 
қиындайды.
Сіз нәрестенің түгел денесін дерлік бір мезгілде қозғап жатырсыз, сондықтан бөбектің осы қимыл-қозғалысқа белсенді қатысуына мүмкіндігі қалмайды.
Дұрысы: жаялықты нәрестені қырынан жатқызып ауыстыру
Себебі:
Бөбектің дене салмағы өзі жатқан жердің бетіне түседі.
Қимыл-қозғалыстарыңыз баяу болғандықтан нәресте соларды сезе алады, содан ол өзін қауіпсіз сезінеді.
Бөбектің денесінің түрлі бөліктері бірінен кейін бірі қозғалады.
Нәресте өз денесінің қалай қозғалып жатқанын сезіп, соған өзінің де белсенді қатысуына мүмкіндігі болады.
Осылай нәресте өз дамуындағы келесі қадамды жасап, ақырындап жамбасына бұрылуды үйрене алады. Сонымен қатар, нәрестенің қолайлы қимылдауына өзіңіз де қолдау жасайсыз. Осы арқылы нәресте керек кезінде күшенуді үйренеді. Бұл астың қорытылуына және үлкен дәреттің келуіне көмектеседі.

Жөргекті дұрыс ауыстырып жүрсіз бе?
458 views14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 18:41:28 Асқабақ қартаюдың алдын алады.

Асқабақтың құрамында темір өте көп. Сонымен қатар калий, кальций, магний, қант, ақуыздар да жеткілікті және В, С, Д, Е, РР мен сирек кездесетін Т дәрумені бар. Ал құрамындағы А дәрумені жараны жазуға, күйік шалған жерді кетіруге көмектеседі. Ол үшін асқабақты үккіштен өткізіп, зақымданған жерге 2-3 сағат компресс жасап, түнгі уақытта байлап қою керек.
.
• Асқабақ жүрек, бүйрек ауруларына және іш қату кезінде, өттің қабынуында жақсы ем болады. Сол себепті дәрігерлер де асқабақтан жасалған тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді.
.
• Асқабақтың құрамындағы Е дәрумені ерте қартаюдың алдын алады. Ол бетке әжім түсірмей, бетке шығатын дақтардың алдын алады. Сонымен қатар Е дәрумені бел мен иықтың ауруын жеңілдетеді және салқын тиюден сақтап, иммунитетті көтереді әрі адам ағзасын түрлі бактериялардан қорғайды.
.
• Сирек кездесетін Т дәруменінің арқасында асқабақ семіздіктен сақтайды. Оны сиыр етімен қосып дайындаса, керемет тағам болып шығады. Ал асқабақты көп жейтін адамдардың бет-жүзі әрленіп, көңіл-күйі көтеріңкі жүреді.
.
• Асқабақта кездесетін майда талшықтар іш қатуды болдырмай, қатерлі ісік ауруына шалдықпауға көмектеседі. Ал С және В дәрумендері адам денесіне жиналып қалған тұздарды шығарып, қан қысымын реттейтін қасиетке ие.
614 views15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:30:49 Анар жемісінің қасиеті

1. Гемоглобинді жоғарылатады. Анар жемісі қаназдық ауруымен күресуге көмектеседі. Осы дерт кезінде анар шырынын 2 ай көлемінде күніне 30 минуттан 3 стақан ішу абзал.

2. Қан қысымын төмендетеді. Анар дәндері қан қысымы дертіне шалдыққан науқастардың артериальді қысымдарын түсіруге көмектеседі. Кептірілген жеміс жарғағын шайға қосып ішсе, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, түнгі ұйқыны жақсартады.

3. Гормон белсенділігін арттырады. Анар жемісі дәнінің құрамында май бар. Ол ағзадағы гормондық балансты қалпына келтіреді. Сол себепті жеміс дәндерін жеген пайдалы.

4. Ауыз қуысын тазалайды. Жеміс қабығынан жасалған су тұнбасын немесе шырынын ангина және фарингит ауруларын емдеу кезінде тамақты шаюға пайдаланады.

5. Инсулинді алмастырады. Анар жемісі қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Тамақ ішпес бұрын 60 тамшы жеміс шырынын күніне 4 рет қолданса, қан құрамындағы қант деңгейі төмендейді.

6. Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотопты заттармен жұмыс жасайтын немесе радиациясы жоғары аймақта тұратын адамдарға ішкен жөн.

7. Ағзадағы құрттардың көзін жояды. Піскен анар қабығы құрамында құрттарға қарсы пельтьерин, изопельтьерин және метилизопельтьерин сынды алкалоидтар бар. Ағзадағы құрттардың көзін жою үшін 40-50 г анар қабығын 400 г суық суға салып қайнату арқылы ағзаға іштей қабылдау керек.

8. Іш өтуді тоқтатады. Анар жемісі мен қабығын іш өтуге, тоқ ішектің қабынуына қарсы қолданады.

9. Ағзадағы қабынуды емдейді. Жеміс қабығы адам ағзасындағы бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буын қабынуларына қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. Ол үшін 2 ас қасық анар қабығын 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут қайнатып, дайын болған тұнбаны күніне 50 граммнан 2-3 реттен ішкен дұрыс.
.
Анарды жақсы көресіз бе? Қаншалықты жиі тұтынасыз?
249 views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:49:11
Заман талабына сай әрекет жасауымыз керек! Дәл бүгінгі акцияға үлгеріп қал!!! Үйде отырып қолымыздағы телеыонмен айына кем дегенде 300000тг табыс табуды үйрететін болымын! Мен сіздерге адал интернет жұмыс ұсынамын. Бар жоғы 1-2сағат үйден шықпай көп табыс тапқыңыз келеме?
Адал әрі шынайы жұмыс заманға сай 100%сенімді
Қалып қоймаңыздар!!!
Бірге жұмыс жасаймыз. Толығырақ осы номерге жазыңыз:
Wa.me/+77763542501
713 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 17:20:08 Қарайған май дақтарын қазан мен табалардан кетірудің бірнеше жолы бар.                            
Бірінші және ең қарапайым жол қазан не табаны механикалық тазалау, яғни қырып тазалау. Ол үшін арнайы металл қырғышты алған жөн. Тапсырманы жеңілдету үшін, алдын ала қазанды арнайы ыдыс жуатын сұйықтықпен жуып алған дұрыс. Артынан қырғышпен қазанды күш салып қырыңыз. Әрине бұл жол қиын, көп уақыт және күш алады.                 

Екінші тәсіл жұмысты барынша жеңілдетуге бағытталған. Киімдерді ағартуға, ванна, унитаз, раковина жууға қолданылатын ағартқыштың көмегіне жүгінуге болады. Эмальданған ыдысқа 200 мл ағартқышты суда ерітеміз. Ерітіндіні отқа қойып, қайнатамыз. Қайнаған ерітіндіге тазалауыңыз керек табаны саламыз. Оны осылайша бір сағатқа қалдырамыз. Қазан тазаланады, ал қалған дақтарды щетка көмегімен кетіре аласыз.                          
Үшінші әдіс те арнайы ерітіндіде қазанды қайнатуға негізделген. Ол үшін кішкентай сабын кесегін үккіштен өткізіп, қарапайым желім (50 грамм) және ас содасын (100 грамм) қосыңыз. Қоспаны суға қосып, қайнатып, табаны ерітіндіде қайнатыңыз.
985 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 16:55:17 Жүкті кезде болмайды:

Темекі шегу
Темекі шегудің зияны әйелдің денсаулығына ғана емес іштегі сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сәби туабітті ауру болады, денсаулығы нашар болады, тіпті, өлі туылатын да кездері болады.

Алкогольді ішімдіктер.
Құрамында спирттік қоспалары бар ішімдіктердің зияны дені сау адам үшін де аз емес. Ал іштегі шаранаға тигізер зиянын айтпаса да түсінікті. Ішімдіктерді тек жүктілік кезінде емес оның алдында да ішетін ер мен әйелдің балаларының денсаулығында қандай да бір кемістік болады. Өйткені қанға сіңген улы заттар еркектің аталық безіндегі ұрықта да болады. Сол ұрық ананың бойына өтіп, одан бала дамиды. Аздаған мөлшердегі алкогольдің өзі жатырдағы баланың дамуына зиянын тигізе алады.

Кофе мен Кола
Кофенің құрамында көфеин заты мол. Көфені көп мөлшерде пайдалану түсік тастауға алып келуі ықтимал, немесе баланың салмағы жетіспей туылады. Сондықтан, болашақ сәбидің денсаулығы үшін біраз уақыт кофеден бас тарта тұрған абзал. Дәл кофе секілді жағдай Кола ішкенкезде де болады. Сондықтан Коланың орнына табиғи минералды суларды немесе жай суларды пайдаланған жақсы болады.

Кейбір зиянды азық-түліктер
Аяғы ауыр әйелге шикі ет, теңіз өнімдерін, жұмсақ ірімшік жеуге болмайды және пастерильденбеген сүт ішуге болмайды. Мұндай жағдайлардың салдары түсік тастаумен не болмаса баланың кемтарлығымен аяқталу қаупі бар.

Шашты бояу
Шашты бояуға арналған бояғыштардың құрамында зиянды химиялық қосылыстар көп. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде гормональді өзгерістер болады. Нәтижесінде шаш ұсқынсыз күйге түсіп кететін кездер болады. Бірақ сұлулық үшін болашақ сәбидің өміріне қатер төндіріп керегі не?!

Ауыр зат көтеру, еңкею және жылдам қимылдау
Ауыр зат көтеру денеге күш түсіріп, буындар мен омыртқаны шамадан тыс шаршатады. Жүкті әйелдер үшін 3,5 келіден артық ауырлықтағы заттарды көтеуге болмайды.
Қатты еңкеюге және жылдам қозғалысты қажет ететін әрекеттерді істеуге болмайды. Бұндай әрекеттер ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Іштегі баланың дене мүшелері жылдам қозғалыстың нәтижесінде соққы алады.
Тағы не жасауға болмайды бөлісе кетіңіз?
494 views13:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 10:00:51
Толық ақпарат https://wa.me/77711843646 алғашқы5 а адамға жеңілдікпен Арнайы бонустар
439 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 16:49:01 Кептірілген жемістердің ең басты құндылығы – ағзаға қажетті минералды заттарға бай. құрамында май жоқ. Бұл жемістің балғын жеміс-жидектерден айырмашылығы – сусыз болуы. Алайда кептіру кезінде пайдалы дәрумендер мен минералды заттардың жартысы жоғалады. Ал қалған микроэлементтер – натрий, магний, калий, кальций, темір және пектин мен жаснұқтар сақталады. Сонымен қатар, жемістердің құрамында 20% шырын қалдырылғаны пайдалы. Жемістің мұндай түрі күн көзінде немесе арнайы орындарда кептіріліп, дайындалады.

Кептірілгенжеміс-жидектердің құрамындағы пайдалы элементтер қан қысымын қалпына келтіріп, шаштың түсуін тоқтатады. Сонымен қатар, тырнақты қатайтады, жүрек жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады және ағзадағы артық суды шығарады. Одан өзге қандағы гемоглобинді бір қалыпта ұстап, барлық клеткаларды оттекпен қоректендіреді. Асқазан және ішек жұмыстарын бір қалыпқа түсіреді.

Кептірілген жемістер — тәттісіз өмір сүре алмайтындар үшін таптырмайтын азық. Жемістің бұл түрінде сахароза, фруктоза, глюкоза көп болғанымен, калориясы екі есе аз. Олар ағзаға тез сіңіп кетпей, аз мөлшерде еріп түседі де, басқа тәттілермен салыстырғанда, қандағы инсулинді көтермей бір қалыпта ұстайды.
68 views13:49
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 16:21:02 Қызылшаның құрамында көмірсулар, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний,темір, мырыш, А дәрумендерінің негізі, С, В1, В6,РР, Е дәрумендері, фолий қышқылы бар.

Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2—3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.

Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымен қайнатады. Қайнатқан кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0,5 шай қасық).

Қызылшаны асқа пайдалану біздің сүйектеріміз бен тістерімізге пайдалы әсер етеді. Бұл оның құрамындағы кальцийдің арқасында болады, оның жетіспеушілігі тісжегіге, мешел ауруына, сүйек кеуектенуіне және балалар бойы өсуінің бұзылуына әкеліп соғады.

Сондай-ақ, қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады, қатерлі ісіктен қорғайды.

Әсіресе, қызылша шырынының пайдасы ұлан асыр.
Қызылша шырынымен бәріміздің күрделі мәселеміз саналатын баспа ауруын (ангина) емдеуге болады. Ол үшін бір стақан қызылша шырынына бір ас қасық балды қосыңыз да, дайын болған қоспамен күніне алты рет тамағыңызды шайыңыз.

Қызылша шырыны өт жолдары мен ішектерді тазартып, асқазанды емдейді. Асқынып кеткен жаралар мен өзге де қабынған теріні таңып тастауға болады.
296 views13:21
Ашу / Түсініктеме