Get Mystery Box with random crypto!

МАСА ШАҒЫП АЛСА НЕ ІСТЕЙМІЗ? Масалардың тек ұрғашылары ғана | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

МАСА ШАҒЫП АЛСА НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. Ер масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет екен.

Маса шақты. Не істейміз?

Масаның шаққан жеріне суық басқан дұрыс. Ол үшін мұз кесегін, не мұздатылған көкөністер, кез келген мұздатылған затты алсаңыздар болады. Суық ісінуге тез әсер етіп, ауруын қойдырады.

Маса және басқа да  жәндіктердің шаққан жерін ас содасының ерітіндісімен емдеуге болады. 1-2 шай қасық ас содасын бір стақан суға ерітіп, оған мақтаны малып, жараны басыңыз.

Бор немесе салицил қышқылы маса шаққанда көмектеседі.

Қырмызы қайнатпасы, корвалол, валокардин тәрізді дәрілерді жараға жағу арқылы ісікті баса аласыздар.

Лимонды жіңішкелеп тураңыздар. Кесілген бөлігін маса шаққан жерге 10мин қойыңыздар немесе лимон сөлімен сүртсеңіздер де болады.

Сарымсақты жіңішкелеп турап, 1-2мин жара бетіне қойыңыздар.