Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2022-07-25 18:04:00 БАС АУРУЫН ДӘРІСІЗ ЕМДЕУДІҢ 8 ТӘСІЛІ

Бас ауруының түрлі себептері бар:

қатты ашулану
дұрыс ұйықтамау
күйзеліс
уақытылы тамақтанбау
компьтердің алдында ұзақ отыру.

Дәрі ішпей емделу жолдары:

Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.

Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.

Мен жеткілікті су ішпесем, әлсіреп басым ауырады.

Сіздердің бастарыңыз жиі ауырады ма?
543 views15:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 18:31:25 КӨЗ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ӘЖІМГЕ ҚАРСЫ МАСКА

Керек заттар:

Жұмыртқа сарысы - 2шәй қасық
Крахмал - жарты шәй қасық
Какао - шәй қасық ұшымен
Оливкого масло - 2-3тамшы

Қерек заттарды қосып араластырыңыздар. Көз айналасына қолмен жағып шығыңыздар. 10мин тұрсын. Уақыты келгенде жуып аласыздар.

Масканы бірінші мақта диск көмегімен жылы сумен жуыңыздар. Екінші рет суық сумен жуыңыздар. Сүлгімен сүртіп, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар

Аптасына 1рет жасауға болады

ӘЖІМНІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН БІЛЕСІЗДЕРМЕ?
261 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 17:48:44 ГЛИНАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Глина балшық, саз деген мағыналарды береді. Глинаны қыз-келіншектер бет терісін жақсарту үшін косметикада қолданады.

Глина түрлері:

Ақ глина – майлы теріге арналған. Беттегі қара нүктені кетіреді, терідегі ұсақ тесіктерді тарылтады.

Көгілдір глина – өте майлы теріге арналған. Бетті тазалайды, дезинфекциялайды, безеулермен күреседі, теріні ағартады.

Жасыл глина – майлы, сепкіл, құрғақ типтегі терілерге арналған. Қартаюдың алдын алады, жұмсартады, токсиндерді сыртқа шығарады, бактериялармен күреседі, ісікті қайтарады, пилинг орына қолданылады, қан тамырларды тарылтады.

Алқызыл глина – сезімтал, жасөспірім терілеріне арналған. Тазартады, әжімдерді тегістейді, теріге нәр береді.

Қызыл глина – қалыпты, сезімтел және майлы терілерге арналады. Қан айналымын жақсартады, қабынудың алдын алады, бетке шығатын безеулерден сақтайды.

Сары глина – проблемалы теріге (дерматит, экзема) және құрғақ теріге арналған. Терінің өлі клеткаларын жояды, тері тонын жақсартады, безеу бөртпесінің алдын алады, тонусын көтереді.

Қара глина – проблемалы теріге арналған. Тері тесіктерін тазалайды, тарылтады, тері майын ретке келтіреді, бет безеуімен күреседі, целлюлитпен күреседі.

Сіз глина қолданасызба? Қандай түрін?
742 views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 18:24:19 ПЕРДЕНІ МАРГАНЦОВКАМЕН АҒАРТУ

Ағартудың осындай тәсілін қолданып көрдіңіздер ме?

Керек заттар:

Ыстық су - 3л
Кірсабын - 100гр(ұсақ үккіштен өткен)
Марганцовка - 2-3грам

-Легенге ыстық су құйып, үккіштен өткен кірсабынды салып, көбігі шыққанша жақсылап араластырыңыздар.

-Үстінен марганцовка қосыңыздар(араластырыңыздар). Сонда қоңыр түсті көбік болады.

-Кір пердені салыңыздар.

-Осы ерітіндіде перде 2сағат тұрсын. Осы уақыт аралығында пердені 2-3рет басып қойыңыздар.

-Уақыт өткеннен кейін, жуып, шайып аласыздар.

-Нәтижесі .
629 views15:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 15:35:42 РАКОВИНАДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРЕЙІК

Раковиналарыңыздан жағымсыз иіс шығады ма? Мен сіздерге иісті кетіру жолын ұсынамын

Керек заттар:

Лимон согы - 1/2стақан
Ас содасы - 1/2стақан

-Лимон согын микротолқынды пеште 30секунд қыздырамыз.

-Қызған лимон согына ас содасын саламыз. Реакция жүреді.

-Ерітіндіні ақырындап қасықпен араластырамыз.

-Осы ерітіндіні су ағатын жерге салып, 10мин қалдырамыз.

-Үстінен ыстық су құясыздар.

-Раковинада жағымсыз иіс .

Аз уақыт алады, нәтижесі болады.

Сіздер қалай тазалайсыздар? Өз әдістеріңізбен бөлісе отырыңыздар
348 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 17:20:01 МЕНОВАЗИН - СІЗ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ

Меновазин өте арзан және пайдасы көп. Әр үйдің дәрі қобдишасында болуы керек.

Пайдасы

Радикулит кезінде мойынға, желке тұсына, омыртқаға жағыңыз. Бұл дертіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде денеңізді майлай отырып, буындардағы тұздардың шөгуін толық емдеуге болады.

Жүрек ауырғанда, бас ауруы, тіс мазаласа, құлақтың айналасына күніне 2 рет жағу керек.

Аяқтарыңыз ауырып, мүлдем көтере алмайтындай болсаңыз, күніне 1 мезгіл табан мен тізелеріңізге жағыңыз.

Меновазин құлақ ішіндегі құлықты тоқтатып, ауырсынуды және қабынуды жояды.

Безеуге миникопресс жасауға болады.

Егер бас ауруы мазалап жүрген болса, меновазинді шекеңіз бен самайыңызға жағыңыз.

Меновазин геморройға да көмектеседі. Таңертең жуынып болған соң, сұқ саусағыңызға бинт орап алыңыз. Оны «Меновазинаға» батырып, тік ішекті бір «сүртіп» майлап шығасыз. Қатты ауырады, бірақ шыдамдылық қажет. Осы процедураны 5 рет қайталағаннан кейін геморройды мәңгіге ұмытасыз.

Суық тиіп, жөтел мазаласа, денеңізді меновазинмен сүртіңіз. Арқа мен кеудені аталған препаратпен сылап, кейін бірден жылы орамал немесе жүн свитерді киіңіз де, жылы төсекке жатыңыз.

Еріндегі герпес. Мақта дискісін меновазин ерітіндісіне малып алып, ауру аймағына басып тұрыңыз. Герпестің орнына меновазин жақпа майын жағуға да болады.

Құлақ ауруы. Мақтаны спиртті ерітіндімен сулап, құлаққа күніне 2 рет 15-20 минутқа жағыңыз.

Венаның варикозды кеңеюі кезінде меновазинді пайдалану аяқтағы ауырсыну мен ауырлық сезімін жояды, ісінуді азайтады. Ерітіндіні табаннан жоғары қарай жеңіл қозғалыстармен жағу қажет.

Сіздер қандай пайдасын біесіздер????
565 views14:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 16:38:30 ҚАРА НҮКТЕНІ КЕТІРУГЕ АРНАЛҒАН МАСКЫ

Керек затаар:

қағаз салфетка
жұмыртқа
Ыдыс (қатты шұңғыл болмасын).

Жұмыртқаны ақуызы мен сарысын бөліп аламыз. Екі ыдыс бізге осы үшін қажет.
Ақуызы мен сарыуызын жақсылап шанышқы көмегімен араластырамыз.
Салфетканы бетке ыңғайлы етіп қиып аламыз, яғни беттің маска жағылмайтын жерлеріне тесік жасаймыз(көз, ауыз, мұрын асты).
Бұл масканы жағардан бұрын тері таза болуы керек.
Салфетканы жұмыртқа ақуызына салып, бетімізге орналастырамыз.
Масканың кепкенің күтеміз. Кепкеннен кейін аламыз. Бір қатар алынатын болады.
Маска қалдықтарын кетіру үшін бетті тоникпен сүртіңіздер.
Ақуыз бетті қатты құрғататындықтан, макияжға арналған қылқалам көмегімен жұмыртқа сарысын жағамыз.
5-7минуттан кейін бетімізді жуып, тоникпен сүртіп аламыз. Содан кейін бетімізге өздеріңіздің жақсы көретін кремдеріңізді жағып алыңыздар.

Масканың пайдасы:

АҚУЫЗ:
тазартады
тері қатайтады
қара нүктені шығарады
тері тесігін тарылтады
ағартады

САРЫУЫЗЫ:
беттегі әжімдерді тегістейді
тыныштандырады
ылғалдандырады
бет терісін жақсартады.

Бұндай масканы беттің бүкіл жеріне емес, тек проблема бар жерге жақсаңыздар болады.

Егер теріңіз құрғақ болса, онда байқаңыз...Себебі, ақуыз теріні құрғатады.

Осындай маска жасап көрдіңіздер ме???
1.0K views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 18:12:50 МЕТИЛУРАЦИЛ ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Метилурацил жақпамайы - әр үйдің дәрі қорабында болуы керек. Жақпамай қалпына келтіру және емдеу қасиеттеріне ие.

Қолданылуы

Қорғану кремінің орнын ауыстырады.
Ерін және өкше жарылғанды емдеуге көмектеседі.
Емшек ұшы жарылғанды емдеуге көмектеседі.
Құрғақтықты кетіреді.
Шынтақ терісінің құрғақтығын кетіреді және тазартуға көмектеседі.
Жараларды емдейді.
Күйікті емдейді.
Операциядан кейінгі жаралардың жазылуына көмектеседі.
Теріні ылғалдандырады, қышуды, тітіркенуді, қызарғанды басады және теріні тазартады.
Құрғақ терінің нағыз құтқарушысы.
Күйікті емдейді.
Стоматитті емдейді, қызыл иек және тіс жұлынған орнын жазылуына көмектеседі.
Жасартатын, қалпына келтіретін қолға арналған крем орнына қолдануға болады(құрғақ тері).
Қыс кезінде суықтан, желден қорғану ретінде қолдануға болады.
Тыртықты кетіреді.
Безеуді кетіреді.
Гемморой емдейді.
Аяқ-қолдағы жараларды емдейді.

Сіздер бұл жақпамайдың қандай пайдалы жақтарын білесіздер?
974 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 19:10:17 ҚАРБЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?⠀


Нағыз табиғи піскен қарбыз алу үшін тамыздың ортасына дейін күту керек. Маусым айында сатылатын қарбыздар нитратпен үлкейтілген болуы мүмкін.⠀

Қалай таңдаймыз ⠀

Керемет қарбыз 6-10кг аралығында болады.⠀
Қарбыздар қыз, ұл деп бөлінеді. Қыз қарбыз дәмдірек болады .⠀
Қарбызды жол бойынан емес, базардан алыңыздар.
Қарбыздың толық піскендігін шертіп көру арқылы анықтауға болады. Шерткен кезде дыбысы қатты шығып, қарбыз піскен болса соққыға түседі.⠀
Қарбызды астынан және үстінен кішкене қыссаңыз, қыршылдаған дауыс пайда болады. Бұл да қарбыздың жаңа піскендігінің белгісі.⠀
Төбесінде сабағы міндетті түрде болуы керек. Егер жасылдау болса, әлі піспегені. Ал егер құрғақ әрі сары түсті болса толықтай піскені.⠀
Піскен қарбыз дәндері қара қоңыр немесе қара түсті болады. ⠀
Піскен қарбызда ақ жолақтар болады.⠀
Қарбыздың сырты жылтыр, жолақтары қанық жасыл және ақшыл, қабығы езілмеген, зақымданбаған болуы тиіс.⠀
Жақсы қарбыздың пішіні шар тәріздес болады ⠀
Қарбызда сарғыш дақ көп болса, күн түспей, жерде жатып өскенің білдіреді.⠀

Сіздер қарбызды қалай таңдайсыздар? Қай кезден бастап аласыздар
556 views16:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 19:05:21 ЖҰЛДЫЗША ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпамайының қолданылуының бірнеше түрін айтамын:

БАС АУЫРУ

Бастарыңыз ауырса жақпамайды маңдай тұсына жақсаңыздар болады.

ЖҰМСАҚ ӨКШЕЛЕР

Жақпамайды аяғыңызға жұқа қабатпен жағып, нәски киіп алыңыздар. Содан кейін өкше қырғыш көмегімен жібіген өкшелеріңізді тазалап жуып аласыздар.

АУА ТАЗАРТҚЫШ

Бөлме ауасын тазарту үшін жақпамайды ауа ылғалдағышқа қоссаңыздар болады.

ЖАНУАРЛАР ИІСІ

Егер сіздің үй жануарларыңыз үйге отырып бүлдірсе, сол жерді жақпамай көмегімен тазалаңыздар. Сонда жануарларыңыз екінші рет сол орынға бармайтын болады.

Егер мысықтарыңыз жиһазды тырнаса...

Тырналған жерге жақпамай жағып қойыңыздар, сонда мысық екінші рет келіп тырнамайтын болады. Себебі, мысық жақпамай иісінен қорқады.

Көгеру

Егер денеңіздің бір жері көгеріп қалса және оның тез жазылғаның қаласаңыздар, онда көгерген жерге жақпамай жағыңыздар. Жақпамай көгерген жердің тез кетуіне көмектеседі.

Бұлшықеттеріңіз ауырса

Жақпамай бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Ауырып тұрған жерге қажетінше жағып, уқалаңыздар. Ауырсынуды басады.

Жәндіктермен күрес

Өзіңізге арнайы жәндіктерге қарсы құралдарыңызды жағып, сонымен бірге жақпамайды да жақсаңыздар, ешқандай жәндіктер сізге жоламайды.

ЖҰЛДЫЗША қолданудың қандай әдістерін білесіздер? Сіздердің дәрі қораптарыңызда бар ма?

Маған қызық болып тұрғаны сол бұрынғы жұлдызша мен қазіргі жұлдызша жақпамайдың сапасы бойынша айырмашылық бар мекен? Қалай ойлайсыздар?
552 views16:05
Ашу / Түсініктеме