Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-07-06 17:39:11 ҚОЛДАРЫҢЫЗ ЖҰП-ЖҰМСАҚ

Бақшаның арамшөбін жұлғаннан қолдарыңыз құрғап, тілініп қалып жатады. Сол кезде осы әдіс арқылы қолдарыңызды жұмсартып алсаңыздар болады

1стақан жылы суға 1шәй қасық крахмал салып, араластырыңыздар.
Осы ерітіндіні үлкенірек ыдысқа құйып, үстінен 500мл жылы су құясыздар.
Осы ерітіндіге қолдарыңызды 15мин салыңыздар.
Су жылы болуы керек.
15мин кейін, қолдарыңызды алып, сүлгімен құрғатыңыздар.
Майлы ылғалдандырғыш кремін жағып, сіңгенін күтіңіздер.
Қолдарыңыз жұмсақ, тілінген жерлеріңіз жазылып қалады .

Арамшөп жұлғанда қолдарыңызға қолғап киесіздер ме?
1.2K views14:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:43:22 ҚОЛТЫҚ ТҰСЫНДАҒЫ ТЕРІ ЖӘНЕ САРЫ ДАҚТЫ КЕТІРУ

Бізге дақты кетіру үшін АММИАК ЕРІТІНДІСІ( нашатыр спирті) керек.

Керек заттар

Су - 200мл
Аммиак ерітіндісі - 3ас қасық

200мл жылы суға 3ас қасық аммиак ерітіндісін қосып, араластырыңыздар. Осы ерітіндіге қолтық тұсындағы дағы бар жерді салыңыздар. 10-15мин кейін алып, жылы суға порошок салып ысқылап аласыздар. Нәтижесі болады.
1.8K views14:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 17:06:22 ҚҰМЫРСҚАМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Мен 2-3күндей болды құмырсқамен күресіп жүргеніме. Бір жерін жойсам, екінші жерінен шығады ғой өздері

Үй жағдайында құмырсқамен күресу үшін осы әдістерді қолданып көріңіздер:

Сірке суы

Сірке суын сумен араластырып, бүріккіш құралға құйып, құрмырсқа жүрген жолына себіңіз. Осы әдісті 2-3күн жасаңыз.

Нашатыр спирті

Нашатыр спиртін суға араластырып, құмырсқа жүрген жолына себіңіз. Нашатыр иісінен қашатын болады.

Қайнаған су

Құмырсқа шығып жатқан жерге қайнаған су құйыңыз. 5-10мин кейін тазалап аласыз.

Бор

Құмырсқаны жоюға арналған бор бар. Борды құмырсқа шығып жатқан жерге сызып тастайсыз. Жақсы көмектеседі. Алғанда жарамдылық мерзіміне қарап алыңыз. Өтіп кетсе, әсер етпейді.

Дихлофос

Дихлофосты құмырсқа шығып жатқан жерге шашасыз. Құмырсқа 2-3мин жоқ болады.

Дуст

Дустта жақсы көмектеседі. Бірақ, бала бар үйге болмайды .

Мен сияқты құмырсқамен күресіп жатқандар бар ма екен???
2.2K views14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 17:40:59 ДЕГТЯРЛЫ САБЫН ПАЙДАСЫ

Дектярлы сабын - өзіндік иісі бар, тері проблемаларын кетіруге арналған.

Дегтярлы сабынның пайдасы:

Безеу мен ұшықтарды кетіреді

Бет терісін дегтярлы сабынмен жуу арқылы тері тесігін тазартып, ұшықтар мен безеулерден тез арылуға көмектеседі.

Тері ауруларымен күреседі

Экзема, дермотит және себоре сынды тері ауруларының өршуін басады. Бұл аурулар терінің тұтастығы мен қан айналымының бұзылуынан пайда болады. Сабын жараның бетін инфекция түсуден сақтайды, теріні қалпына келтіреді. Сонымен қатар, днгтярлы сабын тері аурулары кезінде адамды қышу мен тітіркенуден сақтайды.

Аяқ саңырауқұлақтарын емдейді

Аяқтағы саңыруқұлақтардан арылу үшін күнде дегтярлы сабынмен жуып, 10-15 минут сабын көбігіне қою жеткілікті. 7-10 күннің ішінде күтілген нәтижені береді.

Дегтярлы сабынды қолдану

Сабынды жаз мезгілінде сирек, ал қыс мезгілінде жиі қолдану керек. Себебі, сабын қыстыгүні теріні суық-аяздан сақтайды. Жаз мезгілінде сирек қолданудың себебі ыстықта тері майлы болады.

Теріңіз құрғақ болса 2-3күнде бір рет, майлы болса күніне 2рет жуу керек
3.0K views14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 16:20:13 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРЫЛҒАН ӨКШЕНІ ЕМДЕУ

Жаз мезгілі келуге жақын қалды. Өкше жарылу сияқты проблемалар басталады. Өкше ашық аяқ киім кигендіктен, артық салмақтан жарылады.

Сіздерге жарылған өкшені үй жағдайында емдеу жолын ұсынамын

Керек заттар

Сутек асқан тотығы 3%
Сірке суы 9%
Глицерин
Өкшені қыруға арналған жұмсақ қырғыш

Аяқтарыңыз сиятындай ыдыс алып, 1,5литр ыстық су құйыңыздар.
5ас қасық сутек асқан тотығын қосыңыздар.
Аяқтарыңызды салыңыздар(қатты жарылған болса, біраз отырыңыздар)
10-15мин отырғаннан кейін, жұмсақ өкше қырғышты алып, жарылған жерлерді ақырындап ысқылаңыздар.
Судан алып аяқтарыңызды құрғақ сүлгімен сүртіңіздер.

Бұл әдісті аптасына 1рет жасау керек

Ерітінді жасаймыз

Глицерин 3ас қасық + 1ас қасық 9%сірке суы=араластырыңыздар.
Осы қоспаны жарылған өкшелеріңізге жағыңыздар.
Аяқтарыңызға нәски киіп, ұйықтаңыздар.
Таңертең тұрғанда жылы сумен жуып аласыздар.

Бұл қоспаны күнде жасасаңыздар болады

Сіздер қандай әдістерді білесізлер?
3.1K views13:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-30 17:10:57 ТЕРЕЗЕ ЖУУ

Барлықтарыңызда терезе жуу сезоны болып жатқан шығар

Пластик терезе рамкасында қара жолақ дақтар пайда болады. Оларды кетіру үшін белизнаны қара жолақтарға жағып қоясыздар. Жарты сағаттан кейін, губканын қырғыш жағымен ысқылап аласыздар. Жолақтар кетеді.

Пластик терезе рамкасын кір сабынмен жусаңыздар да болады. Губканың қырғыш жағына кірсабынды үйкелеп, терезе рамкасын жуып аласыздар(қара жолақ кетірмейді).

Әйнек пен рамка аралары көгереді (қыс айы біткеннен кейін шығады көгерулер). Сол кезде губка көмегімен белизна жағып, жарты сагаттан кейін тіс щёткасы көмегімен ысқылап, тазалап аласыздар.

Терезе әйнегін бірінші шаңынан тазартып жуып аласыздар(суға фери қосып немесе кір сабынмен). Тазалап болғаннан кейін суға сірке құйып, тағы терезені жуып аласыздар. Терезелеріңіз жалтырап, ешқандай айғыз болмайды.

Терезе әйнегін машина жуатын резина шүперекпен жусаңыздар болады
3.1K views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 16:26:42 ӨКШЕҢІЗГЕ ЙОД ЖАҒЫҢЫЗ, СОНДА БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАД

Йод - адам организмі үшін керек ең қажетті элемент.

Йодтың адам организмдегі мөлшерін білу үшін мына әдісті қолдансаңыздар балады

Кешке өкшеңізге йодты 1×1см етіп тор (йодовая сетка) сызасыздар.
Аяқтарыңызға жылы нәски киесіздер.
Ертең таңертең өкшелеріңізді қарайсыздар. Егер, йод сол қалпы тұрса, сізде йод жеткілікті. Ал, йод сініп кетсе, онда сізде йод жетіспейді.
Осылай күнде, өкшелеріңізге йод арқылы тор жасайсыздар(йод жетіспесе).

Өкшелнріңізге йод арқылы тор жасау қанайналымды жақсартады және аяғыңыздың ісінуін кетіреді.
Йод организмнің қорғау функциясын жоғарылатады.
Мұрыннан су аққан кезде де йодтан осындай тор жасау пайдалы.

Йодты өкшеге 1×1см етіп, тор сызасыздар. Түгелдей сызбаңыздар, өкшелеріңіз күйіп қалуы мүмкін.

Аптасына 3-4рет жасау жеткілікті
3.3K views13:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 16:33:27 УНИТАЗ ҚАҒЫН ТАЗАЛАЙЫҚ

Унитазды күнде жуып тұрған дұрыс. Унитаз ішінде сары қақтар пайда болып жатады. Осы қақты кетіру үшін сіздерге химикатсыз тазалаудың 2 әдісін ұсынамын.

Ас содасы+сірке суы+қайнаған су

Унитаз ішіндегі суды бөтелке көмегімен аламыз.
Унитазға жарты қорап ас содасы+1 құты сірке суы+қақ батқанша қайнаған су құйыңыз.
Бетін жауып, бір түнге қалдырыңыз.
Унитаз тазалайтын щётка көмегімен ысқылап жуып тазалап, суын ағызып жібересіздер.

Лимон қышқылы(қағы аз унитазды тазалауға арналған)

Унитаз ішіндегі суды бөтелке көмегімен аламыз,
3 пакет лимон қышқылын унитазға саламыз.
Ыстық су құйып, бір түнге қалдырамыз.
Ертеніне щётка көмегімен тазалап аласыздар.
3.4K views13:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 16:43:44 ҚАНТТЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ

Қанттың зияны:

Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді.

Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді.

Бүйрек ауруларына шалдықтырады.

Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады.

Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады.

Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді.

Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады.

Көзіңіздің көруін төмендетеді.

Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді.

Ойық жаралы колит ауруын шақырады.

Қант орнына бал, кептірілген жемістер, мармелад жесеңіздер болады.
3.6K views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 17:14:52 САРҒАЙҒАН ПЕРДЕЛЕРДІ ЖУАЙЫҚ

Сарғайған ПЕРДЕЛЕРДІ жуу үшін мына процестерді орындау керек. Сонда нәтиже болады.

1-процесс

Легенге 5л жылы су құйып, 500гр тұз салып, ерітесіздер. Сарғайған перделеріңізді салып, 1-2 сағатқа қалдырасыздар. Уақыт өткеннен кейін ПЕРДЕНІ салқын суға шайып аласыздар.

2-процесс

Легенге жылы су құйып, порошок қосып, ПЕРДЕНІ саласыздар. 10мин қойып, жуып, салқын суға шайып аласыздар.

3-процесс

Легенге тағы жылы су құясыздар(5л). ПЕРДЕНІ салып, үстінен 5ас қасық 9% сірке суын қосасыздар. Сірке суы ПЕРДЕНІ жалтыратады.

Нәтижесі болады.

ПЕРДЕНІ жуғанда қатты ыстық су пайдаланбаңыздар
3.6K viewsedited  14:14
Ашу / Түсініктеме