Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-06-25 16:58:35 АЯҚ КИІМНІҢ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСІН КЕТІРУ ЖОЛЫ


Жағымсыз иісті кетіру үшін сірке суын қолдануға болады

Аяқ киім сыятын пакет алыңыз.
Ішіне аяқ киім салыңыз.
Кішігірім ыдысқа сірке суы 9% құйыңыз.
Пакет ішінедегі 2 аяқ киім артасына сірке суын құйыңыз.
Пакет аузын жауып, бір түнге қалдырыңыз.
Аяқ киім жағымсыз иісі кетеді
Пакетті ашқаннан кейін, аяқ киімді бір желдетіп алыңыз.
3.6K views13:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 16:46:16 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЛТЫҚТЫҢ ҚАРАЙҒАНЫН КЕТІРУ ЖОЛЫ

Осы сұрақ маған жиі келеді. Сіздерге қазір үй жағдайында жасалатын скраб түрін ұсынамын

Керек заттар:

Бал - 1шәй қасық
Белсендірілген көмір - 2таблетка

Балға 2таблетка белсендірілген көмір салып(ұсақтап), жақсылап араластырып, дайын скрабты қолтықтың қарайған жеріне жағып, 2мин кейін сүртіп тастаңыз.

Белсендірілген көмір теріні шаң, кір, токсиндерден тазартады.

Бал теріні витаминмен, минералмен нәрлендіреді.

Скрабты аптасына 2рет жасау керек
406 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 17:18:02 АЯҒЫҢЫЗ ТЕРЛЕМЕЙТІН БОЛАДЫ
Менің аяғым тершең, тек терлеп жүремін деген сұрақтар көп келеді маған. Енді осы тершеңдіктен құтылу үшін мына әдісті қолданып көріңіз.

Керек заттар:

Жылы су - 2л
Фурацалин - 2таблетка

Бірінші аз суға Фурацалинді ерітіп алыңыз. Дайын ерітіндіні суға қосып, жақсылап араластырып, осы ерітіндіде аяғыңызды 15мин салып қойыңыз. Уақыт өткеннен кейін ақ сүртетін сүлгі үстіне аяғыңызды қойып, өздігінен кепкенін күтіңіз.

Күн сайын жасауға болады

Нәтиже 3-4қолданудан кейін көрінеді
576 views14:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 18:02:35 ТҰЗДЫҢ БІЛМЕЙТІН ПАЙДАСЫ ПАЙДАСЫ


Тұзды тек тамаққа ғана қоспайды, пайдасы өте көөөөппппп.

Кеттік онда:

Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.
Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруге көмектеседі.
Жұмыртқа пісірілетін суға тұз салыңыз. Сонда жұмыртқа жарылған жағдайда, тұзды суда ағып кетпейді.
Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.
Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек. Жұмысты жеңілдетеді.
Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.
Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша қыздырылған табаға тамақ жабыспайтын болады.

???Сіздер қандай пайдасын білесіздер???
651 views15:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 17:37:05 ЖҰЛДЫЗША ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпамайының қолданылуының бірнеше түрін айтамын:

БАС АУЫРУ

Бастарыңыз ауырса жақпамайды маңдай тұсына жақсаңыздар болады.

ЖҰМСАҚ ӨКШЕЛЕР

Жақпамайды аяғыңызға жұқа қабатпен жағып, нәски киіп алыңыздар. Содан кейін өкше қырғыш көмегімен жібіген өкшелеріңізді тазалап жуып аласыздар.

АУА ТАЗАРТҚЫШ

Бөлме ауасын тазарту үшін жақпамайды ауа ылғалдағышқа қоссаңыздар болады.

ЖАНУАРЛАР ИІСІ

Егер сіздің үй жануарларыңыз үйге отырып бүлдірсе, сол жерді жақпамай көмегімен тазалаңыздар. Сонда жануарларыңыз екінші рет сол орынға бармайтын болады.

Егер мысықтарыңыз жиһазды тырнаса...

Тырналған жерге жақпамай жағып қойыңыздар, сонда мысық екінші рет келіп тырнамайтын болады. Себебі, мысық жақпамай иісінен қорқады.

Көгеру

Егер денеңіздің бір жері көгеріп қалса және оның тез жазылғаның қаласаңыздар, онда көгерген жерге жақпамай жағыңыздар. Жақпамай көгерген жердің тез кетуіне көмектеседі.

Бұлшықеттеріңіз ауырса

Жақпамай бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Ауырып тұрған жерге қажетінше жағып, уқалаңыздар. Ауырсынуды басады.

Жәндіктермен күрес

Өзіңізге арнайы жәндіктерге қарсы құралдарыңызды жағып, сонымен бірге жақпамайды да жақсаңыздар, ешқандай жәндіктер сізге жоламайды.

ЖҰЛДЫЗША қолданудың қандай әдістерін білесіздер? Сіздердің дәрі қораптарыңызда бар ма?
704 views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 11:46:08 Аналар чатына қосылғыңыз келеді ме? Кезкелген посттың астына " " деп жаза кетіңіз
1.4K views08:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 16:46:03 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШЫНТАҚ ПЕН ТІЗЕНІ АҒАРТУ ЖОЛЫ

Осы әдісті қолданып, тізе және шынтақтарыңызды ағартып алыңыздар

Қырынуға арналған көбік
Қант

Екеуін араластырып, шынтақ пен тізелеріңізге жағыңыздар. Сосын губканың қырғыш жағымен ысқылаңыздар. Таза сумен жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.
438 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 17:03:30 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЙЫЗҒАҚҚА ҚАРСЫ МАСКА ЖАСАУ

Қайызғақ көп қыз-келіншектердің негізгі проблемасы. Мен сіздерге үй жағдайында жасалатын маска түрін ұсынамын

Керек заттар

Майсана майы - 1ас қасық
Зәйтүн майы - 1ас қасық
Эфир майы(чайное дерево) - 3-4тамшы

Барлығын араластырып, шаш түбіне жағыңыз. Басыңызға пакет киіп, сыртынан жылылап бас киім киіңіз(30мин ұстайсыз).

Уақыт өткеннен кейін қайызғаққа қарсы шампуньмен жуып алыңыз.
386 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 18:18:25 СУ ҚАЙНАТАТЫН ШӘУГІМ ҚАҒЫН ТАЗАЛАУ

ҚЫШҚЫЛЫ

Бұл әдісті шәугім қағы жұқа болса, қолдануға болады. Шәугім ішіне су толтырып, 2пакет лимон қышқылын салып қайнатасыздар(30мин). Суын төгіп, шәугім ішін жуып тазалап аласыздар.

СІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫ 70%

Бұл әдіс қалың қақты кетіруге арналған. Шәугімге сірке қышқылын+су құйып, газға қойып қайнатасыздар(1сағат). Уақыт келгенде газды өшіріп,15-20мин қойып қоясыздар.

Ішіндегі суын төгіп, жібіп тұрған қақты қырып аласыздар.

Егер қақ әлі қалған болса, осы процесті тағы қайталайсыздар.

Нәтижесі керемет болады.

Сірке қышқылының өзіндік иісі бар. Сондықтан терезе-есіктерді ашып тастаңыздар

???Сіздер қалай тазалайсыздар?
431 views15:18
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 17:38:10 КИІМДЕГІ СИЯ ДАҒЫН КЕТІРУ

Киімгі сызылған сия дағын сол мезетте кетіруге әрекет жасаңыз.

Дақты кетіру үшін

ШАШҚА АРНАЛҒАН ЛАК

Шашқа арналған лакты даққа себіңіз. 1мин кейін щеткамен ысқылаңыз. Сия дағы кететін болады. Киімді жуып алыңыздар.

АММИАК ЕРІТІНДІСІ

Ерітіндіні даққа құясыздар. Щетка көмегімен ысқылап аласыз. Нәтижесі болады.

Жасап көріңіздер….
372 views14:38
Ашу / Түсініктеме