Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 14

2022-04-12 17:55:57 ЖАРЫЛҒАН ҚОЛҒА АРНАЛҒАН МАСКА

Қолыңыз жарылып, қабыршықтанып тұрса, үй жағдайында осы масканы жасаңыздар

Керек заттар:

Глицерин - 1шәй қасық
Бал - 1 шәй қасық
Витамин Е - 2-3тамшы

Керек заттарды араластырып, қолыңызға жағыңыз.
20мин ұстаңыз.
Уақыт өткеннен кейін жылы суға жуып, құрғатып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.
2.5K views14:55
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 18:53:38 ҮТІКТІҢ ДАҒЫН ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Үтік дағы, күйген жерлері киімді жарамсыз етеді. Сондықтан, уақытылы тазалап тұру керек.⠀

Үтікті тазалау әдістері:⠀

Тұз⠀

Ыдысқа тұз салыңыз.
Губканы дымқылдам алыңыз.
Губканы тұзға малып, дақты ысқылаңыз.
Дақ кеткенше ысқылаңыз.
Артынша дымқыл шүперекпен сүртіп алыңыз.

Тұз үтік бетін тазартады және жылтыратады

Нашатыр спирті және уксус⠀

Нашатыр спирті+уксус 9% 1:1 қатынаста ерітінді жасайсыз.⠀
Жұмсақ губканы ерітіндіге салып үтіктің дағы бар жерін жақсылап сүртіңіз.
Үтікті таза сумен тазалап аласыз.

Тіс пастасы⠀

Үтікті қыздырыңыз.
Дағы бар жеріне тіс пастасын жағып, тіс щеткасымен ысқылаңыз.
Дымқыл шүберекпен сүртіп аласыз.

Осындай әдістерді қолданып көрдіңіздер ме?
2.7K views15:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 17:32:24 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ МАСКА ДАЙЫНДАУ

Шаш витамин жетіспегеннен, қан аздықтан, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, т.б себептерден түседі.

Үй жағдайында шаш түсуіне қарсы маска ұсынамын

Керек заттар

Майсана майы - 1ас қасық
Бал - 1шәй қасық
Жұмыртқа сарысы - 1

Барлық заттарды араластырыңыз.
Микротолқынды пешке салып, жылытып алыңыз.
Шаш түбіне жағып, 1-2мин массаж жасаңыз.
Басыңызға пакет киіп, сыртынан жылы бас киім киіңіз.
30мин қойыңыз.
Уақыт өткеннен кейін, басыңызды шампуньмен жуып аласыз.

Аптасына 1-2рет жасауға болады

Тұрақты жасау арқылы нәтижеге жетесіздер(2ай)
2.6K views14:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 17:48:33 КИІМГЕ ТИГЕН МАЙ ДАҚТЫ КЕТІРУ

Балғын дақты кетіру оңай
Ескі дақты кетіру қиын

Сондықтан, түскен дақты сол сәтте кетіруге тырысыңыз.

Керек заттар:

Ыдыс жууға арналған сұйықтық
Щетка немесе губка

Киімдегі даққа ыдыс жууға арналған сұйықтық тамызып, 15мин қойып қойыңыз(ескі дақ болса, 1сағ). Уақыт келгенде, щеткамен ысқылап, киімді жуып аласыз.
2.6K views14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 16:53:04 БАЛАҒА ДЕМ САЛУ....

Ауруды беруші Алла, шипасын беруші де Алла!

Көз тиюді - дініміз жоққа шығармайды.Көз тимеудің алдын алу үшін баламызға көз тиюден сақтайтын сүрелер мен дұғаларды оқып отыруымыз міндетіміз.

Ия, балаларға көз тиеді. Көз тиген баланың ауруы өте ауыр өтеді.Тіпті, медицинаның да көмегі болмай қалатын кездер болады.

Қызым Мәриям ауырып қалғанда, қанша ем жүргізсемде әсері болмай, 3 рет дем салған соң, дым ауырмаған бала сияқты жүгіріп кеткенінде қатты таң қалған болатынмын...

Баламыз ауырып қалғанда, мазасызданғанда және көз тиюдің алдын алу үшін ДЕМ САЛУДЫҢ пайдасы мол. Ауруға шипа беруші жалғыз АЛЛА!

Балаға кім ДЕМ САЛАДЫ?

Құран кәрімнен хабары бар, діни сауаты бар кісі;
Өзінің АНАСЫ.

(туысқандар, әкесі емес, Анасы салу керек.)

ДЕМ САЛУДА МЫНА СҮРЕЛЕРДІ ОҚИМЫЗ :

Дәретті болған абзал!

"Фатиха" сүресін 7 рет;
"Ықылас" сүресін 3 рет;
"Нас" сүресін 3 рет ;
"Фальақ " сүресін 3 рет.
" Аятуль курси" 3 рет;
" Кафирун" сүресі 1 рет.

ОСЫ сүрелерді оқып болған соң балаға "суф" деп үрлейміз.

Артынша мына дұғаны оқыса болады:

Әзhибил- бә' сә, Рәббән- нәс , уәшфи , Уәш- Шафи, лә шифә'ә иллә шифә'укә, шифә'ән лә йуғадиру сақаман.

Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер.

Сонымен қатар өзіңізден балаңызға деген АНАЛЫҚ дұғаңызды айтсаңыз болады!

Ананың баласына жасаған ДҰҒАЛАРЫ міндетті түрде қабыл болады ИншаАлла! Балаңыз үшін үнемі дұғада болыңыз!

БАЛАПАНДАРЫМЫЗ АУЫРМАСЫН....
2.9K views13:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 15:48:54 Сүтім көк сүт, құнарсыз, енді смесь берсембе екен?-деген сынды сұрақтар көп кездесіп жатады. Осы сұраққа нақты жауап беремін.

Ана сүті құрамы туралы төменгі жақта постым бар. Оқыған болсаңыз, сұраққа жауап аласыз.

Алла тағала әр баланың несібесін біреуінен кем етіп жаратпады. Әр баланың несібесі өзіне жетерліктей етіп жаратқан. Соған орай Ана сүті құрамы құнарсыз болуы мүмкін емес. Ия, сүт шығуы, жиналуы аз болуы мүмкін. Бірақ, құрамы жағынан құнарсыз болмайды.

Ана сүті 80%-ы судан тұрады. 20 %-ын белок, май, көмірсу, бифидобактериялар, имуноглобулиндер, дәрумендер, темір, микроэлементтер құрайды.

Омырау сүті - Алдыңғы сүт және Артқы сүт болып бөлінеді. Алдыңғы сүтте негізгі басым көп бөлігі судан тұрады.Сол үшін "маңызы, нәрі " жоқ сүт болып табылады. Ал, Артқы сүтте бала ағзасына қажетті барлық қоректік құнар, нәр жиналады. Сол үшін балаға 1 омырауды екі уақытқа бөліп берген дұрыс.Бала Алдыңғы сүтпен шөлін басып, Артқы сүттен қорек нәрін алады. Егер омырауды кезек-кезек емізіп, бір омырауды соңына дейін ұсынбасаңыз, бала Артқы сүттен мақұрым қалады. Салмақ қоспауы себебі осы бола алады.

Бала өзіне қажетті мөлшерде еміп, тояды. Ай сайын салмақ қосып жатса, мәселе жоқ.
Тоймай жылайды десеңіз:

Дұрыс емізу техникасымен емізіңіз.Дұрыс еме алмаған бала тез шаршап, еме алмағаннан жылайды.

Сүтіңізді көбейту жолын қарастырыңыз.Сізге жасау керек:
ұйқы толық болсын-10 сағат.
суды тәулігіне әр салмаққа 40 мл есептеп ішіңіз.(Сүт шай емес-қара су ішіңіз).
Стресстен арылып, депрессияны азайтыңыз.
Белокқа бай тағамдар, жеміс мол жеңіз.

Жиі-жиі емізе беріңіз.

Емізулі анаға не жеу керек?

Емізулі анаға барлық тағамдарды, көкөністерді, жеміс-жидектерді жеуге болады! Бірақ, балада аллергия болса, цитрустар рационнан алынады.Сүтімде дәрумендер көп болсын десеңіз, жемістер мен көкөністерді жеуді көбейтіңіз! Шай ішуге, 1 шыныаяқ кофе ішуге болады.

Не жеуге болмайды?

Газды сусындар, құрамында консерванттар бар тағамдарды, халал емес асты, өткір ащы тағамдар, тым майлы ас, кей дәрілерді.

Емізулі кезде ішуге болатын дәрілерді мына сайттан біліңіз.
http:// e-lactancia.org/.

Сізде осы мәселе бар ма? Көк сүт деп жүрсіз бе?
2.9K views12:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 16:25:54 ЖҮКТІ КЕЗДЕГІ МИФТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРАМЫЗ

Жүкті кездегі халық арасындағы мифтерді бірге талқылайық..

Жүкті әйелге шаш қиюға, шаш бояуға болмайды дейді. Жауап: бұл-миф. Жүкті әйелге шаш қиып, бояуы балаға әсер етпейді.

Жүкті әйел токсикоз болса қыз, токсикоз болмаса ұл бала туылады. Бұлда дұрыс емес. Токсикоз болу болмау, Ананың бауыр-өт жолдары, асқазан-ішек жолдары ауырғанына байланысты. Бірақ, қыз баланың жыныс гормондары Анада токсикозға алып келеді деген ғылыми жорамал бар.

Жүкті әйел сұлуланып кетсе ұл, бетіне дақ түсіп, әбіржісе қыз болады деген ой-миф. Бұл жағдайда Ананың өт шығару жолдары, асқазан-ішек жолдары ауруларына байланысты.

Жүкті кезде Ананың іші жалпақ болса қыз, үшкірленсе ұл болады деген көздегі УЗИ- тоже миф .

Әйел кісі жүкті кезде қызғаншақ болса қыз, ақкөңіл болса ұл деген түсінік қате. Жүкті әйел ағзасында эстероген гормоны басым болады. Сол себептенде, көңілшек, ерке, көңіл-күйі құбылмалы келеді. Жүкті Ананы ренжітуге болмайды.

Жүкті кезде тігу, тоқуға болмайды деген ҮЛКЕН миф. Апаларымыз "балаң кіндігіне оралып қалады" деп тоқытпай қойып жатады. Жатырдағы шарананың сіздің қол жұмысыңызға қатысы жоқ. Алайда, мінезіңіз, көңіл-күйіңіз, түйсігіңіз барлығы балаға әсер етеді. Соны ескеріп, сабырлы болуға, жақсы ойлауға тырысу керек.

Бала туылмай жатып бала киімін алуға болмайды деген түсінік-МИФ. Балаға киімді кез-келген уақытта алуға болады. Тек бала туылғанда усқытында кисе болды. Ырым-ақиқат емес.

Жүкті кезде әйел баласын емізсе, сүті ашиды, бала уланып қалады, іштегі шарана дамымай қалады деген түсінік-МИФ. Аллам бәрін ойластырып қойған. Ана сүті жүкті кезде құрамы өзгереді: ақуыз бен глюкоза азаяды. Сүт тәтті болмай қалады. Басқа ешнарсе болмайды. Ана жеген асы бірінші іштегі шаранаға, артылғаны сүтке, одан артылған қорек нәр ана ағзасына қалады. Іштегі бала өсе береді. Тек сізде түсікке қауіп болмаса, 3-ші триместрге дейін емізе беріңіз.

Жүкті әйел ащыға жерік болса қыз, тәттіге ұл деп жатады. Ол да-МИФ.

Ал, сіз қандай МИФ қосар едіңіз? Тағы қандай ырымдарды білесіз?
2.8K views13:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-05 16:39:56 БАЛАНЫҢ БҰТЫ ҚЫЗАРУ, ОЙЫЛУЛАРДА ТИІМДІ ЕМДЕУ ЖОЛЫН ҮЙРЕНЕСІЗ.

Бала терісі біздікімен салыстырғанда өте нәзік. Жарақаттанып қалу мүмкіндігі жоғары. Тері қабаттары, тері асты май қабаты, тері шығарушы бездері әлі толық дами қоймаған.Терісі майда қантамырлармен молынан шоғырланған.Терісі өткізгіштігі жоғары.Сол үшінде бала терісіне аса көп көңіл бөлуіміз керек.Таза ұстауымыз шарт. Жөргекті таңдағанда аса мән беріп таңдаймыз. Кез-келген жақпа май, кремдерді қолдана беруге болмайды.Құрамында зиянды заттары бар жақпа майлар теріге зақым келтіруімен қатар, қанға тез арласып, балада аллергия тудыруы мүмкін. Сол үшін жақпа майдың құрамына аса мән беріңіз.

Балада жөргек асты ойылау не себепті болады?

Жөргек астын уақытылы тазалап тұрмау. Жалпы гигиенаны дұрыс сақтамау;
Дұрыс емес жөргек қолдану.
Бала астын үнемі жуа беру;
Жөргекті (подгузник) уақытылы ауыстырып тұрмау.

Жөргек астын әр 3 сағат сайын ауыстыру керек. Екі жөргек арасында 3-5 минуттай демалдыру қажет. Егер қызару болмаса ешқандай крем жаға беруге болмайды.Бала терісі тынығуы тиіс.

Ойылу, қызару болса не істейміз?

Баланың бұтын череда, ромашка тұнбаларымен жуу керек. Күніне 1 рет.
Жөргекті кигізбейміз. Воздушный ванна.
Құрамында Цинк қосылған жақпа майлар жағамыз.(Цинковый мазь)
Аквалан, эплан, пропролис жақпа майлары да жақсы көмектеседі.

Бепантен, пантенол құрамында парафин болғандықтан кеңес бермеймін.Бепантен құрамында болатын жұмсақ парафин тері қабаттарын бітеп, тері тыныс алуына кедергі болады және жара жазылуын кешеуілдетеді.

Присыпка қолдануға кеңес бермеймін.Присыпка құрамы белгісіз косметикалық зат. Кей присыпка құрамында канцерогенді зат "тальк" қосылады.

Баламызға қауіпсіз ем-шара қолданайық!

Сіз осы жағдайда қандай жақпа майлар қолдандыңыз? Ойылу, қызару жиі бола ма?
2.9K views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 17:37:23 БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫН ТАЗАЛАЙМЫЗ БА?

Бұл жиі келетін сұрақтардың бірі еді! Пост бойынша тұрса артық етпейді.

Жалпы баланың есту мүшесі, есту жолдары үлкендерге қарағанда өте нәзік, дабыл жарғағы сыртқы есту жолына өте жақын орналасады. Сол үшін сырттан әсер ететін күрделі заттардан барынша сақ болуымыз керек.
Баланың құлағын тазалау, тазаламау сіздің уайымыңыз болса, БОСҚА ТАУСЫЛМАҢЫЗ.

Себебі, баланың құлағын ТЕРЕҢ тазалауға болмайды!

Баланың құлағын тазалау арқылы сіз балаға зиян әкелуіңіз мүмкін:
Айтқанымдай, баланың есту дабыл жарғағы(барабанная перепонка)-яғни халық арасында "Құлақ пердесі" деп аталған есту мүшесі, сыртқы есту жолына жақындау орналасқан. Сіз пайдаланып жатқан құлақ тазалағыш затыңызбен дабыл жарғағын зақымдап алсаңыз, бала дұрыс естуден қалуы мүмкін.
Баланың құлақ іші терісі өте нәзік, жұқа, сезімтал. Жаралап алу мүмкіндігі жоғары.
Әдетте құлақ құлығы (құлақтың кірі) сыртқы есту жолында орналасады. Сіз тазалағыш затыңызбен құлықты одан бетер итеріп, дабыл жарғағына дейін бітеп алуыңыз мүмкін.
Және ең маңыздысы Құлақтың ішкі бетінде Құлық бөлуші бездері тітіркене бергендігінен Құлық бөлу қызметі жоғарылайды. Одан бетер Құлақ құлықпен толады.

Құлақ Құлығының да пайдалы қызметі бар.Бостан босқа тұрған жоқ.
Ол:
Сыртқы заттардан (шаң, су, қатты заттар) құлақтың ішкі жағын қорғап тұрады.
Жел, жоғары температурада сыртқы құлақтан келген әсерден қорғап, құлақ ауруларының алдын алады.

БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙМЫЗ?

Баланы шомылдырған соң Балаларға арнайыланған құлақ тазалағыш мақта таяқшаларымен немесе мақта тампондарымен ҚҰЛАҚТЫҢ ТЕК СЫРТҚЫ КІРЕБЕРІСІ мен ҚҰЛАҚ ҚАЛҚАНЫ ҚАТПАРЫН ғана ақырын сүртіп, тазалап қоямыз, ішке қарай кірмейміз.(Карусельде көрсетілген). Егер үгітіліп сыртқа шығып тұрған құлық болса, аламыз.
Үлкен балалардыңда құлағын терең тазаламаймыз!
⠀⠀
Егер құлақ ауырса Құлаққа Ана сүтін тамызуға болмайды . Өйткені ана сүті жылы әрі тәтті. Ол Бактерияларға ыңғайлы орта болады. Құлақтың одан әрі қабынуына әкеледі. Сол үшін ауырсынып жатса, бала жасына сай дозада Нурофен, Ибуфен беріп, дәрігерге апарамыз. Құлаққа тамызғылар тек Дәрігер нұсқауы бойынша.

Бала құлағын тазаладыңыз ба?
3.0K views14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 16:51:25 ЖҰЛДЫЗША ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Мен сіздерге ЖҰЛДЫЗША жақпамайының қолданылуының бірнеше түрін айтамын:

БАС АУЫРУ

Бастарыңыз ауырса жақпамайды маңдай тұсына жақсаңыздар болады.

ЖҰМСАҚ ӨКШЕЛЕР

Жақпамайды аяғыңызға жұқа қабатпен жағып, нәски киіп алыңыздар. Содан кейін өкше қырғыш көмегімен жібіген өкшелеріңізді тазалап жуып аласыздар.

АУА ТАЗАРТҚЫШ

Бөлме ауасын тазарту үшін жақпамайды ауа ылғалдағышқа қоссаңыздар болады.

ЖАНУАРЛАР ИІСІ

Егер сіздің үй жануарларыңыз үйге отырып бүлдірсе, сол жерді жақпамай көмегімен тазалаңыздар. Сонда жануарларыңыз екінші рет сол орынға бармайтын болады.

Егер мысықтарыңыз жиһазды тырнаса...

Тырналған жерге жақпамай жағып қойыңыздар, сонда мысық екінші рет келіп тырнамайтын болады. Себебі, мысық жақпамай иісінен қорқады.

Көгеру

Егер денеңіздің бір жері көгеріп қалса және оның тез жазылғаның қаласаңыздар, онда көгерген жерге жақпамай жағыңыздар. Жақпамай көгерген жердің тез кетуіне көмектеседі.

Бұлшықеттеріңіз ауырса

Жақпамай бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Ауырып тұрған жерге қажетінше жағып, уқалаңыздар. Ауырсынуды басады.

Жәндіктермен күрес

Өзіңізге арнайы жәндіктерге қарсы құралдарыңызды жағып, сонымен бірге жақпамайды да жақсаңыздар, ешқандай жәндіктер сізге жоламайды.

ЖҰЛДЫЗША қолданудың қандай әдістерін білесіздер? Сіздердің дәрі қораптарыңызда бар ма?

Маған қызық болып тұрғаны сол бұрынғы жұлдызша мен қазіргі жұлдызша жақпамайдың сапасы бойынша айырмашылық бар мекен? Қалай ойлайсыздар?
2.9K views13:51
Ашу / Түсініктеме