Get Mystery Box with random crypto!

Сүтім көк сүт, құнарсыз, енді смесь берсембе екен?-деген сынд | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Сүтім көк сүт, құнарсыз, енді смесь берсембе екен?-деген сынды сұрақтар көп кездесіп жатады. Осы сұраққа нақты жауап беремін.

Ана сүті құрамы туралы төменгі жақта постым бар. Оқыған болсаңыз, сұраққа жауап аласыз.

Алла тағала әр баланың несібесін біреуінен кем етіп жаратпады. Әр баланың несібесі өзіне жетерліктей етіп жаратқан. Соған орай Ана сүті құрамы құнарсыз болуы мүмкін емес. Ия, сүт шығуы, жиналуы аз болуы мүмкін. Бірақ, құрамы жағынан құнарсыз болмайды.

Ана сүті 80%-ы судан тұрады. 20 %-ын белок, май, көмірсу, бифидобактериялар, имуноглобулиндер, дәрумендер, темір, микроэлементтер құрайды.

Омырау сүті - Алдыңғы сүт және Артқы сүт болып бөлінеді. Алдыңғы сүтте негізгі басым көп бөлігі судан тұрады.Сол үшін "маңызы, нәрі " жоқ сүт болып табылады. Ал, Артқы сүтте бала ағзасына қажетті барлық қоректік құнар, нәр жиналады. Сол үшін балаға 1 омырауды екі уақытқа бөліп берген дұрыс.Бала Алдыңғы сүтпен шөлін басып, Артқы сүттен қорек нәрін алады. Егер омырауды кезек-кезек емізіп, бір омырауды соңына дейін ұсынбасаңыз, бала Артқы сүттен мақұрым қалады. Салмақ қоспауы себебі осы бола алады.

Бала өзіне қажетті мөлшерде еміп, тояды. Ай сайын салмақ қосып жатса, мәселе жоқ.
Тоймай жылайды десеңіз:

Дұрыс емізу техникасымен емізіңіз.Дұрыс еме алмаған бала тез шаршап, еме алмағаннан жылайды.

Сүтіңізді көбейту жолын қарастырыңыз.Сізге жасау керек:
ұйқы толық болсын-10 сағат.
суды тәулігіне әр салмаққа 40 мл есептеп ішіңіз.(Сүт шай емес-қара су ішіңіз).
Стресстен арылып, депрессияны азайтыңыз.
Белокқа бай тағамдар, жеміс мол жеңіз.

Жиі-жиі емізе беріңіз.

Емізулі анаға не жеу керек?

Емізулі анаға барлық тағамдарды, көкөністерді, жеміс-жидектерді жеуге болады! Бірақ, балада аллергия болса, цитрустар рационнан алынады.Сүтімде дәрумендер көп болсын десеңіз, жемістер мен көкөністерді жеуді көбейтіңіз! Шай ішуге, 1 шыныаяқ кофе ішуге болады.

Не жеуге болмайды?

Газды сусындар, құрамында консерванттар бар тағамдарды, халал емес асты, өткір ащы тағамдар, тым майлы ас, кей дәрілерді.

Емізулі кезде ішуге болатын дәрілерді мына сайттан біліңіз.
http:// e-lactancia.org/.

Сізде осы мәселе бар ма? Көк сүт деп жүрсіз бе?