Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 11

2022-05-16 17:01:28 КІРСАБЫННЫҢ ПАЙДАСЫ

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.

Адамның қолына тікен кіріп кеткен кезде кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек.
Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды.
Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.

Мен көбіне кір сабынмен жуынамын және иісі маған ұнайды.

Сіздер кірсабын ИІСІН ұнатасыздарма?
1.0K views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-15 15:07:46 Қызанақ шырыны - құрамында крахмал және концентрантты қант болмаса, ең пайдалы әрі құнарлы. Қоспасы жоқ сусын құрамында магний, кальций, натрий, минералды заттар, А,В,С,К,РР дәрумендері және шырын алма, лимон, қымыздық қышқылы бар. Жазда бұл сусын шөл қандырса, қыс мезгілінде бойдағы температураны бір қалыпта ұстауға ықпал етеді.

Шырын жүрек қантамырлары мен бойдағы қан айналым жұмысын жақсартады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады. Тері қабатын жұмсартып, шаш, тырнақ өсіміне тікелей ықпал етеді. Қызанақ пен оның шырынының құрамында ликопин бар. Ол ағзаны зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Сондай-ақ, қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ шырыны #анемия, көз аурулары, жүйке ауруларының алдын алады.

Алайда, қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз.

Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін.

Қызанақ шырынын үйде жасауға болады. Ол үшін қып-қызыл болып піскен, қатты қызанақтарды жуып, оны сыртқы қабатынан ажыратып алыңыз. Екіге бөліп, шырынсыққыштан өткізіңіз. Дайын шырынға бір шәй қасық тұз қосып, оны 10-15 минуттан кейін пайдалануға болады. Сондай-ақ, қызанақпен бірге шырынсыққышқа алма, лимон, асқабақ, сәбіз қосуға болады. Араласқан шырын да пайдалы келеді.
423 views12:07
Ашу / Түсініктеме
2022-05-13 19:09:14 Жұмыртканы күнделікті тұтынатын жандар сактап алыңыз

Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.
461 views16:09
Ашу / Түсініктеме
2022-05-12 17:10:31 Бұлшық еттерге:

Жұмыртқа, соя сыры, қызыл балық. Ал бұлшық еттеріңіз ауырса банан жеген дұрыс.

Өкпеге:

Брокколи, брюссель орамжапырағы, қытай орамжапырағы.

Теріге:

Қаражидек, лосось, көк шай.

Шашқа:

Қара-жасыл көкөністер, фасоль, лосось.

Көзге:

Жүгері, жұмыртқаның сарысы, сәбіз.

Жүрекке:

Қызанақ, қайнаған картоп, өрік шырыны.

Ішекке:

Қара өрік, йогурт.

Сүйекке:

Апельсин, сүт, балдыркөк.
503 views14:10
Ашу / Түсініктеме
2022-05-11 17:03:22 РАКОВИНАДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРЕЙІК

Раковиналарыңыздан жағымсыз иіс шығады ма? Мен сіздерге иісті кетіру жолын ұсынамын

Керек заттар:

Лимон согы - 1/2стақан
Ас содасы - 1/2стақан

-Лимон согын микротолқынды пеште 30секунд қыздырамыз.

-Қызған лимон согына ас содасын саламыз. Реакция жүреді.

-Ерітіндіні ақырындап қасықпен араластырамыз.

-Осы ерітіндіні су ағатын жерге салып, 10мин қалдырамыз.

-Үстінен ыстық су құясыздар.

-Раковинада жағымсыз иіс .

Аз уақыт алады, нәтижесі болады.

Сіздер қалай тазалайсыздар? Өз әдістеріңізбен бөлісе отырыңыздар
271 views14:03
Ашу / Түсініктеме
2022-05-10 16:12:29 НЕГЕ ЕРІН ЖАРЫЛАДЫ? БІЛЕСІЗБЕ?

Көбіне терісі құрғақ адамдардың еріні жиіден жарылып жатады.

Еріннің жарылуы көбіне қыс айында болады.

Ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлар(себептері):

Ағзаның құрғауы

Физиологиялық процесттерді орындау үшін адам ағзасына 1,5 - 2 литр сұйықтық керек (кофе емес, кола емес).
Жағымсыз ауа-райы(желді күндер, суық мезгілдер, қатты әсері бар күн сәулесі, құрғақ ауа).
Жағымсыз әдеттер: темекі тарту, суықта немесе желді күндері ерінді сулау, ерінді тістеу әдеті, ұзақ уақыт бойы стресс жағдайында жүру.
Ыстық тамақ.
Аллергиялық реакция. Мысалы, жаңа ерін бояғышқа немесе жаңа тіс жуғышқа.
Организмге дәрумендердің жетіспеуі. Ерін терісіне бірінші кезекте А (ретинол) және Е (токоферол) дәрумендері қажет.
Сахар диабеті.

Құрғақ ерінді қалай емдейміз?

Ерін басқа терілер секілді күтімді қажет етеді.
Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерініңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерініңіздң суықтан, күн көзінен және желден қорғайды.
Малдың майы да таптырмас ем болып есетеледі.
Ерініңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз.
Бастысы ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғана біліңіз.

Сіздің теріңіз қандай типке жатады? Еріндеріңіз жиі жарылады ма?
585 views13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-05-09 18:38:23 МЕТИЛУРАЦИЛ ЖАҚПАМАЙЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Метилурацил жақпамайы - әр үйдің дәрі қорабында болуы керек. Жақпамай қалпына келтіру және емдеу қасиеттеріне ие.

Қолданылуы

Қорғану кремінің орнын ауыстырады.
Ерін және өкше жарылғанды емдеуге көмектеседі.
Емшек ұшы жарылғанды емдеуге көмектеседі.
Құрғақтықты кетіреді.
Шынтақ терісінің құрғақтығын кетіреді және тазартуға көмектеседі.
Жараларды емдейді.
Күйікті емдейді.
Операциядан кейінгі жаралардың жазылуына көмектеседі.
Теріні ылғалдандырады, қышуды, тітіркенуді, қызарғанды басады және теріні тазартады.
Құрғақ терінің нағыз құтқарушысы.
Күйікті емдейді.
Стоматитті емдейді, қызыл иек және тіс жұлынған орнын жазылуына көмектеседі.
Жасартатын, қалпына келтіретін қолға арналған крем орнына қолдануға болады(құрғақ тері).
Қыс кезінде суықтан, желден қорғану ретінде қолдануға болады.
Тыртықты кетіреді.
Безеуді кетіреді.
Гемморой емдейді.
Аяқ-қолдағы жараларды емдейді.

Сіздер бұл жақпамайдың қандай пайдалы жақтарын білесіздер?
578 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 17:56:23 ӘРТҮРЛІ БЕТТЕГІ СКОТЧ ІЗДЕРІН КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Скотчты қандай да бір жерге жабыстырып, біраз уақыттан кейін алсақ асты дақ болып, скотч ізі қалып қалады.

Әртүрлі беттегі скотч іздерін кетіру әдістерін ұсынамын:

Жиһаз бетіндегі скотч іздерін сұйық май, эфир майы, сабын ерітіндісі және өшіргіш арқылы кетіруге болады.

Әйнектегі немесе айнадағы скотч іздерін спирт, ацетон және уксус арқылы кетіруге болады.

Пластиктегі скотч іздерін сұйық май, эфир майы және спирт арқылы кетіруге болады.

Қандай беттегі скотч іздерін кетірсек те, алдымен мақтаға сұйық майды(спирт,ацетон,уксус,эфир майы) жағып, дақ бар жерді ысқылайсыздар.

Осындай қарапайым әдістер

Қажеттеріңізге жарасын...
170 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2022-05-06 15:36:40 ҚОЛТЫҚТАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ

Қолтық терлеу, жағымсыз иіс, бұл қазіргі қыз-келіншектердің негізгі проблемасы болып табылады.

Осы проблемадан құтылу үшін мен сіздерге бірнеше кеңестер ұсынбақшымын

1-әдіс. Марганцовкадан

3-4 түйір марганцовканы 1 стақан қайнатылған жылы сумен араластырыңыздар.
Осы сумен күніне 3-4 рет қолтығыңызды жуасыздар.
Бұл ерітінді қолтықтың терлеуін тоқтатады, жағымсыз иісті жояды және түктерді кетіреді.
Емді үзбей 2 апта жүргізесіздер.

2-әдіс. Ас содасы

100 мл жылы суға 1 шай қасық ас содасын араластырасыздар.
Осы ерітіндіні қолтығыңыздың айналасына жағасыздар.
Емді тәулігіне 5 рет қайталаңыздар.
Ас содасы қолтықтың терлегенін тоқтатады әрі түктің өсуін тежейді.

3-әдіс. Лимон

Лимон жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды өлтіреді.
Одан құтылу үшін 1-2 тамшы лимон шырынын қолтығыңызға жағасыздар.
Бірнеше минуттан соң дымқыл сүлгімен сүртесіздер.
Ал лимон шырыны мен суды араластырып, дезодорант ретінде сеуіп жүрсеңіз де оң нәтижеге қол жеткізесіз.

Қолтықтарыңыз терлейді ме?? Сіздер қандай әдістер қолданасыздар?
204 views12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-05-05 18:33:29 БЕЗЕУГЕ ЖӘНЕ ҚАРА НҮКТЕГЕ ҚАРСЫ МАСКА

Бұл маска

Тері тесіктерін тарылтады
Қара нүкте және безеулерді азайтады
теріні жақсартады
майлылығын азайтады.

Керек заттар

Сүт - 1ас қасық
Дрожы - 1ас қасық
Оливки майы - 1шәй қасық

Осы заттарды жақсылап араластырыңыздар.
Масканы 5-10мин қойып қойыңыздар.
Кистичка көмегімен тазартылған беттеріңізге жағыңыздар.
15-20мин тұрсын.
Уақыт өткеннен кейін салқын суға беттеріңізді жуасыздар.
Ылғалдандырғыш крем жағасыздар.

Бұл масканы аптасына 1-2рет жасауға болады

Майлы бетке арналған маска
17 views15:33
Ашу / Түсініктеме