Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫН ТАЗАЛАЙМЫЗ БА? ⠀ Бұл жиі келетін сұрақтардың | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫН ТАЗАЛАЙМЫЗ БА?

Бұл жиі келетін сұрақтардың бірі еді! Пост бойынша тұрса артық етпейді.

Жалпы баланың есту мүшесі, есту жолдары үлкендерге қарағанда өте нәзік, дабыл жарғағы сыртқы есту жолына өте жақын орналасады. Сол үшін сырттан әсер ететін күрделі заттардан барынша сақ болуымыз керек.
Баланың құлағын тазалау, тазаламау сіздің уайымыңыз болса, БОСҚА ТАУСЫЛМАҢЫЗ.

Себебі, баланың құлағын ТЕРЕҢ тазалауға болмайды!

Баланың құлағын тазалау арқылы сіз балаға зиян әкелуіңіз мүмкін:
Айтқанымдай, баланың есту дабыл жарғағы(барабанная перепонка)-яғни халық арасында "Құлақ пердесі" деп аталған есту мүшесі, сыртқы есту жолына жақындау орналасқан. Сіз пайдаланып жатқан құлақ тазалағыш затыңызбен дабыл жарғағын зақымдап алсаңыз, бала дұрыс естуден қалуы мүмкін.
Баланың құлақ іші терісі өте нәзік, жұқа, сезімтал. Жаралап алу мүмкіндігі жоғары.
Әдетте құлақ құлығы (құлақтың кірі) сыртқы есту жолында орналасады. Сіз тазалағыш затыңызбен құлықты одан бетер итеріп, дабыл жарғағына дейін бітеп алуыңыз мүмкін.
Және ең маңыздысы Құлақтың ішкі бетінде Құлық бөлуші бездері тітіркене бергендігінен Құлық бөлу қызметі жоғарылайды. Одан бетер Құлақ құлықпен толады.

Құлақ Құлығының да пайдалы қызметі бар.Бостан босқа тұрған жоқ.
Ол:
Сыртқы заттардан (шаң, су, қатты заттар) құлақтың ішкі жағын қорғап тұрады.
Жел, жоғары температурада сыртқы құлақтан келген әсерден қорғап, құлақ ауруларының алдын алады.

БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫН ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙМЫЗ?

Баланы шомылдырған соң Балаларға арнайыланған құлақ тазалағыш мақта таяқшаларымен немесе мақта тампондарымен ҚҰЛАҚТЫҢ ТЕК СЫРТҚЫ КІРЕБЕРІСІ мен ҚҰЛАҚ ҚАЛҚАНЫ ҚАТПАРЫН ғана ақырын сүртіп, тазалап қоямыз, ішке қарай кірмейміз.(Карусельде көрсетілген). Егер үгітіліп сыртқа шығып тұрған құлық болса, аламыз.
Үлкен балалардыңда құлағын терең тазаламаймыз!
⠀⠀
Егер құлақ ауырса Құлаққа Ана сүтін тамызуға болмайды . Өйткені ана сүті жылы әрі тәтті. Ол Бактерияларға ыңғайлы орта болады. Құлақтың одан әрі қабынуына әкеледі. Сол үшін ауырсынып жатса, бала жасына сай дозада Нурофен, Ибуфен беріп, дәрігерге апарамыз. Құлаққа тамызғылар тек Дәрігер нұсқауы бойынша.

Бала құлағын тазаладыңыз ба?