Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАНЫҢ БҰТЫ ҚЫЗАРУ, ОЙЫЛУЛАРДА ТИІМДІ ЕМДЕУ ЖОЛЫН ҮЙРЕНЕСІЗ | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

БАЛАНЫҢ БҰТЫ ҚЫЗАРУ, ОЙЫЛУЛАРДА ТИІМДІ ЕМДЕУ ЖОЛЫН ҮЙРЕНЕСІЗ.

Бала терісі біздікімен салыстырғанда өте нәзік. Жарақаттанып қалу мүмкіндігі жоғары. Тері қабаттары, тері асты май қабаты, тері шығарушы бездері әлі толық дами қоймаған.Терісі майда қантамырлармен молынан шоғырланған.Терісі өткізгіштігі жоғары.Сол үшінде бала терісіне аса көп көңіл бөлуіміз керек.Таза ұстауымыз шарт. Жөргекті таңдағанда аса мән беріп таңдаймыз. Кез-келген жақпа май, кремдерді қолдана беруге болмайды.Құрамында зиянды заттары бар жақпа майлар теріге зақым келтіруімен қатар, қанға тез арласып, балада аллергия тудыруы мүмкін. Сол үшін жақпа майдың құрамына аса мән беріңіз.

Балада жөргек асты ойылау не себепті болады?

Жөргек астын уақытылы тазалап тұрмау. Жалпы гигиенаны дұрыс сақтамау;
Дұрыс емес жөргек қолдану.
Бала астын үнемі жуа беру;
Жөргекті (подгузник) уақытылы ауыстырып тұрмау.

Жөргек астын әр 3 сағат сайын ауыстыру керек. Екі жөргек арасында 3-5 минуттай демалдыру қажет. Егер қызару болмаса ешқандай крем жаға беруге болмайды.Бала терісі тынығуы тиіс.

Ойылу, қызару болса не істейміз?

Баланың бұтын череда, ромашка тұнбаларымен жуу керек. Күніне 1 рет.
Жөргекті кигізбейміз. Воздушный ванна.
Құрамында Цинк қосылған жақпа майлар жағамыз.(Цинковый мазь)
Аквалан, эплан, пропролис жақпа майлары да жақсы көмектеседі.

Бепантен, пантенол құрамында парафин болғандықтан кеңес бермеймін.Бепантен құрамында болатын жұмсақ парафин тері қабаттарын бітеп, тері тыныс алуына кедергі болады және жара жазылуын кешеуілдетеді.

Присыпка қолдануға кеңес бермеймін.Присыпка құрамы белгісіз косметикалық зат. Кей присыпка құрамында канцерогенді зат "тальк" қосылады.

Баламызға қауіпсіз ем-шара қолданайық!

Сіз осы жағдайда қандай жақпа майлар қолдандыңыз? Ойылу, қызару жиі бола ма?