Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 16

2022-02-21 16:01:21 КҮРІШТЕН МАСКА ЖӘНЕ ТОНИК

Күріш косметика жасауда кеңінен қолданылады.

Күріш бетті ағартып, беттегі қара дақтарды кішірейтеді және безеуді кетіріп, беттің майлануынын алдын алады.

Керек заттар

Күріш - 2ас қасық
Сүт - 3шәй қасық
Бал - 1шәй қасық

Күрішке су құйып қайнатыңыздар. Күріш жұмсарғаннан кейін суын бөлек марлыға сүзіп алыңыздар.

Күріш суын тоник ретінде пайдаланасыздар

Күрішті ботка тәрізді езіңіздер. Үстіне сүт, бал қосып жақсылап араластырыңыздар.

Бірінші беттеріңізді күріш суымен сүртіңіздер(бұл тоник 3күнге жарамды)
Тоник - бет терісінің майын алады. Тері пораларын ашады және маскаға дайындайды.
Дайын масканы кистичка көмегімен беттеріңізге жағыңыздар(мойынға да жағуға болады)
20мин ұстайсыздар
Комната температурасындағы сумен жуыңыздар.
Ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.

Бал аллергия беруі мүмкін. Сондықтан масканы бірінші қолдарыңызға жағып, реакция беретінің тексеріңіздер.
619 views13:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 13:12:05 ШАРИҒАТТА НӘРЕСТЕ ШАШЫ 7 КҮНГЕ ДЕЙІН АЛЫНАДЫ

Нәресте дүние есігін ашқаннан кейін жеті күн ішінде шашын, тырнағын алу керек.

Шашын алып болғаннан кейін, сол шаштың салмағындай садақа беріледі.

Бұл амалдың 2 түрлі пайдасы бар:

Бала өте ақылды болады. Шашты алу нәрестенің құйқасының, жалпы ағзасының күшеюіне әсер етеді.

Екіншісі - әлеуметтік пайдасы. Оның шашының салмағындай садақа беру мұсылман қоғамындағы әлеуметтік ынтымақты нығайтады.

Тырнақ, шаш тез өседі. 40күннен кейін тағы шашын алып, шомылдырып аласыздар.

Осы жайлы білесіздерме
747 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 13:37:15 БЕТТІ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН МАСКЫ ⠀

Бұл маскы:⠀

тері тесіктерін тазалайды⠀
бетті тарылтады⠀
қара нүктелерді кетіруге көмектеседі. ⠀

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:⠀

сұлы жармасы - 2 ас қасық⠀
ас содасы - 1 шәй қасық⠀
лимон суы - 1 ас қасық⠀

Барлық ингредиенттерді араластырамыз. Масканы тазартылған бетке жағып, 10 мин ұстайсыздар . Содан кейін жуып аласыздар.⠀

Масканы аптасына 2 рет жасауға болады.⠀ ⠀
820 views10:37
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 15:54:55 Баланы бөлек жатқызу керек пе?...

Сәби күтімі кезінде кейбір әрекеттерді дұрыс жасамасаңыз балаңызға кері әсерін тигізеді

Жақындарыңыз, құрбыларыңыз баланы қазірден бастап бөлек жатқызып үйрет деп жатады...
Мен оған қарсымын

Бірден басып, сақтап алатын пост!..

Себебі бала жаңа қоршаған ортаға келгеннен кейін оған ең жақын адамы сіз ғанасыз. Сол себепті де баланы түнде бөлек жатқызған кезде жылайды, мазасы кетеді сізді солай қасына шақырып алады. Сәбиіңізге ең жақын адамы ол сізсіз. Сондықтан да ананы, мынаны бір тыңдап қате әрекет жасап жүрмеңіз.

Сонымен қатар баланы сағаттап емізуге де болмайды. Үйткені баланы сағатпен емізетін болсаңыз баланың қарны ашуы мүмкін, не қызғанышпен артық тойып еміп алады

Ал ол баланың азқазан, ішегіне ауыртпалық түсіреді. Жалпы балада стресс болған кезде балада картизол жиі бөлінеді. Картизол гормоны өз кезегінде жаңадан қалыптасып, үйреніп келе жатқан, дамып келе жатқан нерв талшықтарын тежейді.

Ал сіз бұл жайлы біліппедіңіз?..

Сәби күтіміне аса ыждахаттылықпен қараңыз
138 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 15:50:29 Ата-аналардың көпшілігі баласының еңбектегеннен гөрі тезірек жүріп кеткенін қалайды

Дені сау, дұрыс дамып келе жатқан бала 6-7 айынан бастап еңбектеп бастайды. Ал кейбір балалар төрт айында-ақ аударылып, артқа қарай қозғалады. Ал кейбіреулер жасына жақындағанда бір-ақ еңбектей бастайды. Бұл үшін алаңдаудың еш қажеті жоқ. Бастысы бала еңбектеуге талпынып, қозғалыста болса болғаны.

Баланы еңбектеуге қалай үйрету керек?...

Кеңістікті шектемеңіз.
Бала еңбектеуді үйрену үшін кең әрі таза жер керек. Манежге салып қоймаңыз. Өз еркімен бөлмеде жүруіне жағдай жасаңыз.

Еденді дайындаңыз.
Еденнің үстіне кілем төсеп қойыңыз. Линолеум мен паркетте баланың аяқ-қолдары сырғанап, емін-еркін еңбектеуге мүмкіндігі болмайды.

Мақтап ынталандырып отырыңыз.
Барлық бөлмелерге бір-бір ойыншықтан немесе баланы қызықтыратын заттар қойыңыз. Бала соған жету үшін талпынады.

Балаға қалай еңбектеу керек екенін көрсетіңіз.
Өзіңіз еңбектеңіз, бала көргенін қайталайды.

Жаттығу жасаңыз.
Балаға міндетті түрде күн сайын жаттығу жасау керек. Ол баланың бұлшық еттерін қатайтады, әрі тезірек еңбектеуге, жүгіруге үйретеді.

Еңбектеуге байланысты сұрағыңыз болса қойыңыз.
337 views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 13:22:52 Сәбиді дұрыс емізудегі нақты 5 қадам.

Дұрыс тамақтану. Печенье, нан, қантты өте көп мөлшерде қолдануға болмайды. Құрамында омега 3,6 бар өнімдерді қолданған дұрыс.

Құрамында лактобактерии бар тағам өнімдері жиі қолданыста болғаны пайдасын тигізеді. Ал өз кезегінде организімнің инфекцияға қарсы тұруына көмектеседі. Сондай- ақ омырау ұшының жиі жарақаттанбауына(трещина) септігін тигізеді.

Күніне 1,5-2 л таза су іші қажет

Майлы өнімдер (оливки, кунжут т.б)жиі қолданыста болғаны дұрыс. Себебі босанғаннан кейін тері тінінің эластикасының қалпына келуі біздің тамақтануымызға байланысты.

Баланы дұрыс емізу бойынша ақпараттар мен видео роликтерді көрген дұрыс. Мүмкіндік болса бастапқы кезде дұрыс емізу бойынша консультант болғаны дұрыс. Перзентханада баланы емізу бойынша консультант болады соны ұмытпаңыздар. Көмегі қажет болса кеңесін алып, көрсетіп бере алады.Сізге көмектесіп, қолдап отыратын.
168 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 13:34:35 СОСКА БАЛАҒА ЗИЯНБА,ӘЛДЕ...

Көп аналар сосканы ұзақ қолдануға бола ма, әлде зины тие ме деп жиі сұрақ қойып жатады. Сосканы уақытында дұрыс қолдансаңыз зияны болмайды.

Сонымен қай кезде қолдана бастаған дұрыс. Дені сау болып туылған сәбилерде сору рефлексі өте жақсы дамыған. Сондықтанда ұзақ сағаттар бойы омыраудан ажырамай жата беруі әбден мүмкін. Ал сол кезде жас аналар балам тоймай жатыр деп ойлайды. Ал шындығында бала әйтеуір бір нәрсені сорғысы келіп жатады. Ал дәл осы сәтте сосканы қолдансаңыз көмегін тигізеді.

Сосканы бала еме отырып тынышталады, кейде іші ауырған кезде көмегін тигізіп жатады.

Ал балаға сосканы қай уақыттан бастап беру керек?
Бала дүниеге келгеннен кейін 3-4 аптадан бастаған жөн. Бірақ лактация тұрақталғаннан кейін бастаған өте маңызды. Себебі омырау мен сосканы емерде шатасады. Содан бала омырау ұшын жарақаттауы мүмкін, кейде бас тартып ембей қоюы әбден мүмкін.

Сосканы күнде тұрақты түрде қолдану балаға зиянын тигізері анық. Баланың сөз айтуы, сөйлеуі кідіруі мүмкін. Ал 1 жастан кейін тіл бұлшық етінің тонусына, жаққа, кейбір әріптерді айтуына кері әсерін тигізеді.

Бала 8-9 айға толғаннан кейін сору рефлексі ақырындап шайнауға ауысады. Осы уақытта балаға тек езбе ғана бермеңіз, майдақ ұсақтап бөлшек ретінде беруге болады.

Ал сіздің балаңыз қай жасынан бастап соскадан бас тартты? Қалай үйреттіңіз?
87 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 18:40:06 Егерде емізулі ана ЖРВИ(ОРВИ) ауырса, емізуді жалғастыру керек пе?

Алғаш ЖРВИ белгілері байқала бастағаннан соң мүмкіндігінше балаға жұғып кетпес үшін, шаралар қолдану қажет. Түшкіріп, жөтелген кезде вирус ауа-тамшылы жол арқылы тез тарайды.

ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ?
Баланың ұйқысы кезінде уақытша анасы бөлек жатқаны дұрыс.
Баланың күтімі және емізетін кезде 1 реттік масканы қолдану. Масканы 2-3 сағ сайын ауыстыруды ұмытпаймыз.
Бөлмені жиі желдетіп тұру. Себебі вирус ұшпалы, желдеткен кезде бөлмеден шығып кетеді.

Сол аурыған сәттен бастап ана ағзасында сол қоздырған инфекцияға қарсы антидене түзіледі. Білесіз бе сол антиденелер балаға ана сүті арқылы барып, қорғаныш қызметін атқарады. Сондықтанда баланы емізген өте дұрыс.

Емінде ең бастысы балаға зияны тимейтіндей, яғни емізулі ана екені ескерілуі қажет.

Ал сізде осындай жағдай болды ма?
902 views15:40
Ашу / Түсініктеме
2022-02-13 12:59:33 ЖҮКТІЛІКТІҢ СОҢҒЫ АЙЛАРЫНДА БОЛАТЫН ІСІНУ СІЗДІ МАЗАЛАП ЖҮР МЕ?

Жалпы жүктіліктің 3 триместрінде тіндерге сұйықтық жиналып ісіну тудырады. Ісінулер аяқта, қолда және бетте байқалып жатады.

Сонда ісіну неден пайда болады өзі?
Біріншіден бүйрек үсті безінің гормондары жоғары мөлшерде өндіріле бастайды. Ол альдесторон мен кортизол гормондары. Олар өз кезегінде ағзада сұйықтықты ұстайды.

Сонымен қатар жатырдың ұлғаюына байланысты венадағы қан төменнен жоғары қарай өтуіне кедергі туындауы мүмкін. Олда аяқтағы ісінуге әкеледі.

Жүкті әйел бүйірімен жатып дем алғаннан кейін ісінулер кетеді. Сондай-ақ жалпы қан мен зәр анализінде патологиялық өзгерістер болмайды.
Жоғарыда айтылғандар физиологиялық ісіну болып табылады.

Физиологиялық ісіну бала мен анаға қауіп төндірмейді.

Басқада аурулар кезінде ісінулер болатынын білесіз бе?
Егер қызық болса +++ қоя кетіңіз. Алдағы уақытта сіздермен бөлісемін.
266 views09:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-12 14:38:15 ЕМІЗУЛІ АНАЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР?

Сол қателіктерден омырау ұшының жарылуы,лактостаз(сүттің қатып қалуы), ауырсыну сезімі кездеседі.
Сол қателіктерді болдырмас үшін аяғына дейін оқыңыз.

Омырауды жиі сабынмен жуу. Ол өз кезегінде кеуденің қорғаныш функциясын бұзады.
Бала ареоланы толық алмай тек емшек ұшын емуі.
Бутылка немесе сосканы қолдану. Бала еміп жатқанда шатасады. Мысалы омырауды еміп жатқанда бутылка еміп жатырмын деп ойлап, травма жасауы мүмкін.
Баланы омыраудан тартып алу. Негізінде бала өзі жіберуі керек немесе кішкентай саусағыңызды ауыз бұрышына салып босатуға болады.
Кейда баланың жағы, тілшігі қысқа болып жатады. Оны көп жағдайда перзентханада анықтап жатады.

Көп жағдайда алғаш рет ана болып жатқанда осы қателіктердді жіберіп жатамыз.

Ал сізде осындай жағдайлар кездестіме? Қандай шара қолдандыңыз?
142 views11:38
Ашу / Түсініктеме