Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 12

2022-05-04 18:00:41 ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛАТЫН ШАШ МАСКАЛАРЫ ⠀

Жұмыртқаның құрамы А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш үшін өте пайдалы.

Шашты нәрленді⠀

Құрғақ әрі өңсіз шашты ылғалдандыру үшін мына масканы жасаңыз. Ол үшін жұмыртқа сарысы, майсана майы, қыша және қант қажет. Әрқайсысын бір ас қасықтан салып араластырыңыз. Дайын болған масканы шаш түбіне, құрғақ және өңсізденген ұштарына жағу керек. Бұл маска құрамында қыша болғандықтан шаштың өсуіне көмектесіп, оны нәрлендіреді. 20-30 минут ұстаған соң, жылы сумен шайып, кейін қалаған сусабыныңызбен жуа аласыз. Аталмыш масканы аптасына 2-3 рет қайталаңыз.⠀

Шашты жылтыратады⠀

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз. ⠀

Шашты өсіреді⠀

Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. ⠀

Ұштанған шаш ⠀

Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан сүлгі орап алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз. ⠀

Қайызғаққа қарсы

Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30  минут жеткілікті. ⠀

Әлсіз шаш⠀

Күңгірттенген, жұқа, зақымдалған, әлсіз шашты берік ету үшін де жұмыртқа маскасына жүгініңіз. Жұмыртқаны жарып, ас қасық коньяк пен зәйтүн майын қосасыз. Бұл масканы 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Артынан сусабынмен жуыңыз.⠀

Маскаға арналған жұмыртқа ескірмеген әрі бөлме температурасымен бірдей болу керек. Маскалар құрғақ шашқа жағылып, сусабынсыз жылы сумен жуылады, бірақ шашқа арналған кондиционерді қолдануға тырысыңыз
96 views15:00
Ашу / Түсініктеме
2022-05-03 18:20:03 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ШАШТЫҢ ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ МАСКА

Шаштарыңыз көп түсетін болса, осы масканы жасаңыздар.

Керек заттар:

1 пияздың суы
бал - 1ас қасық
жұмыртқа сарысы - 1
репейное масло - 2ас қасық

Барлық заттарды араластырыңыздар.
Дайын масканы шаш түбіне жағып, бастарыңызға пакет киіп, үстінен орамалмен байлап қойыңыздар.
1сағат ұстайсыздар.
Жуып тастайсыздар.

Ертең қандай тақырыпта пост салайын???
182 views15:20
Ашу / Түсініктеме
2022-05-02 18:21:12 МАСА ШАҒЫП АЛСА НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Масалардың тек ұрғашылары ғана жануарлар мен адамдарды шағады екен. Ер масалар гүлдің шәрбатымен қоректенеді. Ал ұрғашы масаларға қан тұқым қалдыруы үшін қажет екен.

Маса шақты. Не істейміз?

Масаның шаққан жеріне суық басқан дұрыс. Ол үшін мұз кесегін, не мұздатылған көкөністер, кез келген мұздатылған затты алсаңыздар болады. Суық ісінуге тез әсер етіп, ауруын қойдырады.

Маса және басқа да  жәндіктердің шаққан жерін ас содасының ерітіндісімен емдеуге болады. 1-2 шай қасық ас содасын бір стақан суға ерітіп, оған мақтаны малып, жараны басыңыз.

Бор немесе салицил қышқылы маса шаққанда көмектеседі.

Қырмызы қайнатпасы, корвалол, валокардин тәрізді дәрілерді жараға жағу арқылы ісікті баса аласыздар.

Лимонды жіңішкелеп тураңыздар. Кесілген бөлігін маса шаққан жерге 10мин қойыңыздар немесе лимон сөлімен сүртсеңіздер де болады.

Сарымсақты жіңішкелеп турап, 1-2мин жара бетіне қойыңыздар.
184 views15:21
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 17:33:48 АҚ ТҮСТІ АЯҚ КИІМДІ ТАЗАЛАУ ⠀

Ашық түсті аяқ киім кигенді жақсы көресіздер ме? Бірақ, тазалауын айтсаңыздаршы .⠀

Бүгін сіздерге ақ кроссовканы тазалау тәсілдерін айтамын.

Ас содасы+фери+тіс пастасы=араластырыңыздар. Осы қоспаны тіс щётка көмегімен аяқ киімге жағып, ысқылайсыздар. 5-10мин кейін сүртіп аласыздар.
8 views14:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 19:05:48 КӨГЕРГЕНДІ ТАЗАЛАУ

Көгеру ылғал, сулы жерлерде көп болады. Көбіне қабырғалар, терезе қуыстары көгеріп жатады. Осы көгерген жерлерді қалай кетіруге болатының айтамын.

Керек заттар:

Белизна
Ас содасы

Бірінші көгерген қабырғаны суға белизна құйып, жуып аламыз.
Қабырғаның кепкенің күтесіздер(1-2күн).
1-2күннен кейін сулы майлыққа ас содасын жағып, қабырғаны сүртесіздер.
Қабырғаңыздағы көгерген кетіп, тап-таза болып қалады.
353 views16:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 17:16:08 КҮРІШТЕН МАСКА ЖӘНЕ ТОНИК

Күріш косметика жасауда кеңінен қолданылады.

Күріш бетті ағартып, беттегі қара дақтарды кішірейтеді және безеуді кетіріп, беттің майлануынын алдын алады.

Керек заттар

Күріш - 2ас қасық
Сүт - 3шәй қасық
Бал - 1шәй қасық

Күрішке су құйып қайнатыңыздар. Күріш жұмсарғаннан кейін суын бөлек марлыға сүзіп алыңыздар.

Күріш суын тоник ретінде пайдаланасыздар

Күрішті ботка тәрізді езіңіздер. Үстіне сүт, бал қосып жақсылап араластырыңыздар.

Бірінші беттеріңізді күріш суымен сүртіңіздер(бұл тоник 3күнге жарамды)
Тоник - бет терісінің майын алады. Тері пораларын ашады және маскаға дайындайды.
Дайын масканы кистичка көмегімен беттеріңізге жағыңыздар(мойынға да жағуға болады)
20мин ұстайсыздар
Комната температурасындағы сумен жуыңыздар.
Ылғалдандырғыш крем жағыңыздар.

Бал аллергия беруі мүмкін. Сондықтан масканы бірінші қолдарыңызға жағып, реакция беретінің тексеріңіздер.
186 views14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 16:37:08 ПИГМЕНТ ДАҚТАРЫҢЫЗ АҒАРАДЫ

Пигментті дақ әр әйел адамының проблемасы. Кетуі өте қиын. Сіздерге осы дақты ағартатын маска ұсынамын

Керек заттар:

куркума - 1шәй қасық
сметана - 1ас қасық

Екі ингредиентті араластырып беттеріңізге жағасыздар. 10мин ұстайсыздар. Уақыт өткеннен кейін жылы сумен жуып тастайсыздар.

Бірінші масканы қолдарыңызға жағып көріңіздер, ешқандай реакция бермесе беттеріңізге жағыңыздар

Аптасына 1-2рет жасауға болады

Беттеріңізде пигментті дақтар барма? Қалай күресудесіздер?
145 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 15:19:52 КӨЗ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ӘЖІМГЕ ҚАРСЫ МАСКА

Керек заттар:

Жұмыртқа сарысы - 2шәй қасық
Крахмал - жарты шәй қасық
Какао - шәй қасық ұшымен
Оливкого масло - 2-3тамшы

Қерек заттарды қосып араластырыңыздар. Көз айналасына қолмен жағып шығыңыздар. 10мин тұрсын. Уақыты келгенде жуып аласыздар.

Масканы бірінші мақта диск көмегімен жылы сумен жуыңыздар. Екінші рет суық сумен жуыңыздар. Сүлгімен сүртіп, ылғалдандырғыш крем жағыңыздар

Аптасына 1рет жасауға болады

ӘЖІМНІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН БІЛЕСІЗДЕРМЕ?
340 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 18:01:53 ЛЕВОМЕКОЛЬ ПАЙДАСЫ

Левомекол - екі белсенді затдан тұратын аралас препарат және көптеген ауруларға ем арзан жақпамай.

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Безеуді кетіруге көмектеседі.

Мақта таяқша көмегімен безеуге жағып, 2-3сағатқа қалдырасыздар. Осылай 2-3күн жақсаңыздар, соңында құрғап, безеу кетіп қалады.

Гемморой емдеуге көмектеседі.

Майлы, қабынуды жеңілдету, патогендік микрофлораны кетіру және зақымдалған тіндерді барынша тез қалпына келтіру үшін геморройдың өршуімен қолданылуы мүмкін. Агент түнде анусқа 10 күн бойы қолданылады.

Күйікті және терең іріңді емдеуге көмектеседі.

Күйген жерге жақпамай жағып, дәкемен ораңыз. 1оралған 20сағатқа жетеді. Одан кейін басқасын ауыстырасыздар. Жазылғанша осы процесті жасайсыздар.

Жарылғанды кетіруге көмектеседі.
Өкшеңіз(басқа жарылған жерлер) жарылған жерге кешке левомекол жағып жатасыз. Толығымен жазылғанға кейін қолданасыз.

Порадантоз, стоматитит

Жақпамайдың ешқандай иісі жоқ, бірақ ащы дәмі болада. Ауыз қуысындағы әртүрлі жараларды кетіруге көмектеседі. Қызыл иектің қызарған жерін емдейді. Жақпамайды мақта дискісіне жұқалап жағып(немесе бинтке, бүктеп аласыздар), қызыл иектің қызарған жеріне 1сағатқа қойып қоясыздар. Нәтижесі болады.

Яғни, әр үйдің дәрі қорапшасында осы жақпамай болуы керек.

Сіздер осы жақпамайды қолданасыздарма?? Басқа да қандай пайдасын білесіздер.
353 views15:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 16:15:51 ҚОЛДАРЫҢЫЗ ЖҰП-ЖҰМСАҚ

Бақшаның арамшөбін жұлғаннан қолдарыңыз құрғап, тілініп қалып жатады. Сол кезде осы әдіс арқылы қолдарыңызды жұмсартып алсаңыздар болады

1стақан жылы суға 1шәй қасық крахмал салып, араластырыңыздар.
Осы ерітіндіні үлкенірек ыдысқа құйып, үстінен 500мл жылы су құясыздар.
Осы ерітіндіге қолдарыңызды 15мин салыңыздар.
Су жылы болуы керек.
15мин кейін, қолдарыңызды алып, сүлгімен құрғатыңыздар.
Майлы ылғалдандырғыш кремін жағып, сіңгенін күтіңіздер.
Қолдарыңыз жұмсақ, тілінген жерлеріңіз жазылып қалады .

Арамшөп жұлғанда қолдарыңызға қолғап киесіздер ме?
322 views13:15
Ашу / Түсініктеме