Get Mystery Box with random crypto!

ЖҮКТІ КЕЗДЕГІ МИФТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРАМЫЗ Жүкті кездегі халық а | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

ЖҮКТІ КЕЗДЕГІ МИФТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРАМЫЗ

Жүкті кездегі халық арасындағы мифтерді бірге талқылайық..

Жүкті әйелге шаш қиюға, шаш бояуға болмайды дейді. Жауап: бұл-миф. Жүкті әйелге шаш қиып, бояуы балаға әсер етпейді.

Жүкті әйел токсикоз болса қыз, токсикоз болмаса ұл бала туылады. Бұлда дұрыс емес. Токсикоз болу болмау, Ананың бауыр-өт жолдары, асқазан-ішек жолдары ауырғанына байланысты. Бірақ, қыз баланың жыныс гормондары Анада токсикозға алып келеді деген ғылыми жорамал бар.

Жүкті әйел сұлуланып кетсе ұл, бетіне дақ түсіп, әбіржісе қыз болады деген ой-миф. Бұл жағдайда Ананың өт шығару жолдары, асқазан-ішек жолдары ауруларына байланысты.

Жүкті кезде Ананың іші жалпақ болса қыз, үшкірленсе ұл болады деген көздегі УЗИ- тоже миф .

Әйел кісі жүкті кезде қызғаншақ болса қыз, ақкөңіл болса ұл деген түсінік қате. Жүкті әйел ағзасында эстероген гормоны басым болады. Сол себептенде, көңілшек, ерке, көңіл-күйі құбылмалы келеді. Жүкті Ананы ренжітуге болмайды.

Жүкті кезде тігу, тоқуға болмайды деген ҮЛКЕН миф. Апаларымыз "балаң кіндігіне оралып қалады" деп тоқытпай қойып жатады. Жатырдағы шарананың сіздің қол жұмысыңызға қатысы жоқ. Алайда, мінезіңіз, көңіл-күйіңіз, түйсігіңіз барлығы балаға әсер етеді. Соны ескеріп, сабырлы болуға, жақсы ойлауға тырысу керек.

Бала туылмай жатып бала киімін алуға болмайды деген түсінік-МИФ. Балаға киімді кез-келген уақытта алуға болады. Тек бала туылғанда усқытында кисе болды. Ырым-ақиқат емес.

Жүкті кезде әйел баласын емізсе, сүті ашиды, бала уланып қалады, іштегі шарана дамымай қалады деген түсінік-МИФ. Аллам бәрін ойластырып қойған. Ана сүті жүкті кезде құрамы өзгереді: ақуыз бен глюкоза азаяды. Сүт тәтті болмай қалады. Басқа ешнарсе болмайды. Ана жеген асы бірінші іштегі шаранаға, артылғаны сүтке, одан артылған қорек нәр ана ағзасына қалады. Іштегі бала өсе береді. Тек сізде түсікке қауіп болмаса, 3-ші триместрге дейін емізе беріңіз.

Жүкті әйел ащыға жерік болса қыз, тәттіге ұл деп жатады. Ол да-МИФ.

Ал, сіз қандай МИФ қосар едіңіз? Тағы қандай ырымдарды білесіз?