Get Mystery Box with random crypto!

Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік Қ
Telegram арнасының логотипі anabala_kz — Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік
Арна мекенжайы: @anabala_kz
Санаттар: Бала күтімі
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.11K
Арнадан сипаттама

❣️ Отбасыға арналған кеңестер
❄️ Жарнама бойынша @wtsp_bot
"Активнее" отырыңыздар ❤️

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 17

2022-02-11 17:51:57 Босанған соң шаштың түсуі бала емізгенге байланысты ма?

Босанғаннан кейін көп аналар шаштың түсуін бала емізгенмен байланыстырып жатады. Алайда босанғаннан кейін шаштың түсуі гормоналдық фонға байланысты. Жүктілік кезінде эстроген гормоны жоғары болады. Әсіресе соңғы 3 айларында. Соның әсерінен шаш белсенді түрде өсіп,қатайып, түсуі де аз болады.

Ал бала емізіп жүргенде шаш уыстап түсіп жатқанда аналар паникаға түсіп жатады.

Неге? Себебі босанғаннан кейін эстроген бірден түсіп кетеді. Соның әсерінен шаштың түсуі көбейеді. Сонымен қатар соңғы 3 айда түспеген шаштар қосылады. Содан аналар үрейленіп жатады. Бұл қалыпты жағдай.

Бірақта сіздің ағзаңыз бала емізгенде 2 адам үшін жұмыс жасайтын ұмытпаңыз. Соны ескере отырып көп тағамдарды шектемей,витамин мен минералға толы асты пайдаланған жөн.

Ал сіз бала емізгенде шашыңыз көп түстіма?
719 views14:51
Ашу / Түсініктеме
2022-02-10 17:01:33 Баланың аяқ-қолы ылғал, терлеп жүреді. Уайымдау қажет пе?

Жалпы бала қалыпты жағдайда терлемейді. Егерде алақаны мен аяғы ұстағанда ылғал, терлегіш болатын болса, онда Д витаминнің жеткіліксіздігінен болады.

Сондай-ақ бала ағзасының өсіп дамуына қажет витаминдердің бірі.
Неге екенін білесіз бе? Жалпы ағзаға түскен кальцидің ішекте сіңірілуіне көмектесетін осы Д витамині болып табылады.
Д витаминнің жеткіліксіздігінен рахит ауруына шалдығуы мүмкін. Сондай-ақ иммунитеткеде тікелей әсер етеді.

Ал сіз Д витаминін қанша айынан бастап, қанша мөлшерде беріп жатырсыз?
433 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 13:38:23 Жаңа туған нәрестенің ықылығы туралы не бiлемiз?

Диафрагма бұлшық етiнiң кенеттен тыс жиырылуынан ықылық пайда болады
Диафрагманың астында асқазан орналасқан, оның созылу нәтижесінде диафрагманың тiтiркенуiне алып келеді.

Нәрестенің ықылығы көбінесе мына жағдайда болады:
-емiзiп болған соң, яғни тойып кеткен кезде
-ауаны көп жұтқанда
-салқын ауа жұтқан кезде болып жатады

Сондықтан баланы емiзiп болған соң тiгiнен 10-15 мин устаймыз. Ауаның шығуына көмектесеміз.

Аш сіздің балаңыз жиі ықылықтайдыма?
305 views10:38
Ашу / Түсініктеме
2022-02-08 13:20:26 Нәрестеңіздің мұрны бітеле берсе қалай тазалауға болады? Әлде ана сүтін тамызып тазалаған дұрыспа?

Сәбидің мұрны жиі бітелуі күн салқындап жылу қосылған кезде басталады.
Неге? Себеі жылу бөлменің ауасын құрғатып жібереді. Ал құрғақ ауамен дем алған сайын, мұрын қуысы құрғап,қабыршықтанып бітелуіне алып келеді. Сондықтанда бөлменің ылғалдандырып отырған дұрыс. Қатты ыстықта баланы ұстамаған жөн.

Қарапайым,қауіпсіз тазалау әдісі. Таза мақтаны жгутик(карусельден көріңіз)тәріздес орап аламыз, тузды суға(физ.раствор) саламыз. Бұрай отыра мұрынға кіргіземіз, қатты терең кіргізбейміз. Қайта бұрай отыра сыртқа шығарамыз.

Ана сүтін тамызу дұрыспа, әлде бұрыспа қалай ойлайсыздар?
292 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 13:50:14 Сәбилерде кездесетін ТIКЕНЕК.Оны калай алуға болады?

Тiкенек дегенiмiз не өзі?
Сәбидің арқасындағы терісін жарып өтiп шыға алмай жатқан түк. Мұндай түктер сыртқа жарып шыға алмағандықтан, тері астында өсiп баланың денесіне батып мазасын алып, ұйқысы бұзылып және арқасымен жата алмайды. Кейбір сәбилерде қолында және аяғында тiкенек анықталып жатады.
Бұл тiкенек кез келген балада кездесе бермейді.
Қалай анықтауға болады?
Баланы iшпен жатқызып арқасын арнайы массаж майымен уқалаймыз. Сол кезде қолымызға  түйіршік болып байқалады. Соны алып тастап отырамыз.
Ескеретін жәйт 3 мин артық уқалауға болмайды. Егер тiкенек болмаса, сiздiң балаңызда жоқ деген сөз.
400 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-06 16:48:48 ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ КIНДIК КҮТІМІ

Алдымен қолыңызды тазалап жуып алыңыз
Баланың кiндiгi түскенше подгузникпен жаппаймыз, кысып тақпаймыз.
Таң ертеңгілiк және шомылдырғаннан кейін сутегі асқын тотығымен(перекись водорода) тазалап, сосын таза мақтамен құрғатамыз.
Ешқандай присыпка, антисептик, лосьондармен тазаламаймыз.
Кiндiкке ауаның түсуін қамтамасыз етiңiз. Себебі кiндiктiң тез жазылып, түсуiне септігін тигізедi.

Кiндiктiң түсуі туылғаннан кейін 5-15 күн аралығында болады.

Ал сiздiң сәбиiңiзде неше кунде кiндiгi түсті?
533 views13:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-05 13:41:06 КІРСАБЫННЫҢ ПАЙДАСЫ


Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол.

Адамның қолына тікен кіріп кеткен кезде кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек.
Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды.
Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.
Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.

Мен көбіне кір сабынмен жуынамын және иісі маған ұнайды.

Сіздер кірсабын ИІСІН ұнатасыздарма?
842 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 17:08:52 ЖАҢА ТУЫЛҒАН ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ГИГИЕНАСЫ.
Гигиена - қыз баланың ең маңызды рәсімі.
Нәрестенің тері қабаты өте нәзік болып келеді. Эпидермис(терінің сыртқы кабаты) кабатына кез келген тiтiркену мен инфекция тез түсіп соның әсерінен тез қабыну процесі дамуы мүмкін. Сонымен қатар гигиенаны дұрыс сақтамауда алып келеді. Себебі нәрестенің жыныс мүшесінің шырышты қабаты инфекциядан сактау функциясы әлі өте әлсіз дамыган.
Қыз балада туылған кейін бiрiншi күні жыныс мүшесінен қызғылт - қоңыр түсті бөлінді бөлiнеді. Қорқудың  қажеті жоқ, бұл қалыпты процесс. Себебі анасының гормондары қыз баланың организiмiнде қалып қойғандыктан сол жыныс мүшесі арқылы шығады. Бұл процесс екі күнде аяқталады.
Енді қалай жуындырамыз? Судың температурасын тексеріп ағып тұрған суға жуындырған жөн. Қасаға сүйек жағынан бастап құйымшаққа қарай бағытта жуамыз.
Сондықтанда 2 сағат сайын жөргектi  (подгузник) ауыстырып, гигиенаны сақтаған жөн.
622 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2022-02-03 13:49:48 БАС АУРУЫН ДӘРІСІЗ ЕМДЕУДІҢ 8 ТӘСІЛІ

Бас ауруының түрлі себептері бар:

қатты ашулану
дұрыс ұйықтамау
күйзеліс
уақытылы тамақтанбау
компьтердің алдында ұзақ отыру.

Дәрі ішпей емделу жолдары:

Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.

Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.

Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.

Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.

Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.

Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.

Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.

Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады.

Мен жеткілікті су ішпесем, әлсіреп басым ауырады.

Сіздердің бастарыңыз жиі ауырады ма?
648 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 14:47:46 ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА СҮЙЕЛДІ КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ(ХАЛЫҚ ЕМІ)

Пайдалы постты сақтап , басып өтіңіздерші

Сүйелдің пайда болу себебі:

иммунитеттің төмен болуы
дұрыс тамақтанбау
дәрумендердің жетіспеушілігі
экологиясы нашар аумақта өмір сүру
ұйқының бұзылуы.

Сүйел - вирус, қол алысу, сүйісу және ортақ гигиеналық заттармен қолданған кезде жұғуы мүмкін.

Үй жағдайында сүйелді кетіру жолдары:

ПИЯЗ

Сірке суына пиязды 2 сағатқа салып қойыңыз. Кейін пиязды алып, түнге қарай сүйелге таңып, байлайды. Қатты тартады, шыдауыңыз қажет. Осылай бірнеше рет жасаса, сүйел тамырымен қопарылып шығады.

ЖАҢА ПІСКЕН АЛМА

Күнде сүйелге жаңа піскен алманың сөлін жағады. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді.

ШИКІ КАРТОП

Сүйелге шикі картоптың шырынын жағады. Крахмалдың әсерінен құрғап, жойылады.

ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЖІП

Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп адам аяғы баспайтын жерге тастау.

ҚОЙДЫҢ АЩЫ ІШЕГІ

Қойдың ащы ішегін денеңіздегі сүйелге тигізіп отырып түйіндейсіз. Мәселен, 42 сүйел болса ішекті 42 жерден түйіндеуіңіз қажет. Одан соң ішекті ешкім баспайды-ау деген жерге апарып көміп тастайсыз. Әлгі ащы ішек шіріген кезде (шамамен 1- 2 аптада) сүйел кетеді.

ШИКІ КҮРІШ

Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын осы сүйелдерім кетсін деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. 1 айдан кейін сүйелдеріңіз кететін болады.

Сіздер қалай емдейсіздер? Бөлісе отырыңыздар....
1.1K views11:47
Ашу / Түсініктеме