Get Mystery Box with random crypto!

БАЛАҒА ДЕМ САЛУ.... Ауруды беруші Алла, шипасын беруші де Алл | Қыздарға кеңес 👩🏻‍🍼 Жүктілік

БАЛАҒА ДЕМ САЛУ....

Ауруды беруші Алла, шипасын беруші де Алла!

Көз тиюді - дініміз жоққа шығармайды.Көз тимеудің алдын алу үшін баламызға көз тиюден сақтайтын сүрелер мен дұғаларды оқып отыруымыз міндетіміз.

Ия, балаларға көз тиеді. Көз тиген баланың ауруы өте ауыр өтеді.Тіпті, медицинаның да көмегі болмай қалатын кездер болады.

Қызым Мәриям ауырып қалғанда, қанша ем жүргізсемде әсері болмай, 3 рет дем салған соң, дым ауырмаған бала сияқты жүгіріп кеткенінде қатты таң қалған болатынмын...

Баламыз ауырып қалғанда, мазасызданғанда және көз тиюдің алдын алу үшін ДЕМ САЛУДЫҢ пайдасы мол. Ауруға шипа беруші жалғыз АЛЛА!

Балаға кім ДЕМ САЛАДЫ?

Құран кәрімнен хабары бар, діни сауаты бар кісі;
Өзінің АНАСЫ.

(туысқандар, әкесі емес, Анасы салу керек.)

ДЕМ САЛУДА МЫНА СҮРЕЛЕРДІ ОҚИМЫЗ :

Дәретті болған абзал!

"Фатиха" сүресін 7 рет;
"Ықылас" сүресін 3 рет;
"Нас" сүресін 3 рет ;
"Фальақ " сүресін 3 рет.
" Аятуль курси" 3 рет;
" Кафирун" сүресі 1 рет.

ОСЫ сүрелерді оқып болған соң балаға "суф" деп үрлейміз.

Артынша мына дұғаны оқыса болады:

Әзhибил- бә' сә, Рәббән- нәс , уәшфи , Уәш- Шафи, лә шифә'ә иллә шифә'укә, шифә'ән лә йуғадиру сақаман.

Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер.

Сонымен қатар өзіңізден балаңызға деген АНАЛЫҚ дұғаңызды айтсаңыз болады!

Ананың баласына жасаған ДҰҒАЛАРЫ міндетті түрде қабыл болады ИншаАлла! Балаңыз үшін үнемі дұғада болыңыз!

БАЛАПАНДАРЫМЫЗ АУЫРМАСЫН....