Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2021-08-03 10:43:49 СЕРПІЛІС [Жаңа Бастама]

Досыммен диалог.

Досым, бүгін өз саласында Қазақстанның 3-ші ірі өндіріс орнының басшылық қызметінен өз еркіммен шықтым.

"Мыңдаған адамның арман болған жұмысынан неге шығып барасың?!" - деп сұрады досым. [негізі орысша қойды сұрақты :)] Оған берген жауабым

45-50 жасқа келгенде артыма қарап: "неге сол кезде бастамадым екен?!" - деп өкінбеу үшін. Себебі:

Табиғатым шығармашылыққа жақын екен. Сол үшін ағартушылыққа 100% уақытымды жұмсауға бел будым. Кітап жазып, курстар дайындап, жастарды шет елге жоғарғы оқу орындарына дайындаумен айналысамын.

Адам жақсы көрген ісімен айналысқанда жан жағына энергия шашады. Ешқашан шаршамайды. "Өз ісін сүйген адам бір минут та жұмыс істемейді" заңдылығына сәйкес әрекет етуге бекіндім.

Досым: "Да, ты прав. Образование это благородное дело! Но почему?" - деп қайта сұрақ қойды. Менің жауабым

Адамды әйтеуір бір шыңға шығарар екі қасиет айтайын. Ол 2 қасиет - өмірдің екі тірегі сияқты.

1. Үздіксіз үйренуден жалықпау,
2. Үздіксіз үйретуден аянбау.

1-ші қасиет бойынша.

Үздіксіз үйрену - инемен құдық қазғандай дейді. Ия, бірақ неге қиындатамыз?! Керісінше қызықтырып көрейікші. Үйрену - алтын алу үшін жерді қазғандай.

Бір тонна топырақтан кейде 50, кейде 300 грамм алтын шығады. Қазір алтынның нарықтағы бағасы: 1 грамм = 24 300 Тенге.
Сонда бір тоннадан кейде 1 215 000 Тенге, кейде 7 290 000 Тенге табыс деген сөз.

Ал бір тоннаны бір кітап деп санайық. Енді кітапты алтын табатындай санамен оқып көрейік. Өйткені артық білім кітапта. Білім болса алтыннан қымбат. Біліміңіз болмаса алтын шығаруды қайдан білмексіз?!

2-ші қасиет бойынша.

Тапқан алтыныңмен мұқтаж жандармен бөліспеу - сараңдық. Сараң адам қанша бай болса да өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ. Көрге бір шұлығын да алып кете алмайды ғой.

Сондықтан жомарт болған абзал. Барымен бөлісіп, ел батасын алып, Алланың ризалығына бөленуден артық не бар бұл өмірде?! Сонда ғана ісіміз берекелі болып, өмірден ләззат ала түсеміз.

Үйренген дүниемізбен бөлісіп, үйрету керек. Сонда білім толығады, кемелденеді. Қателіктер мен кемшіліктерді байқап, оларды түзетеміз. Білім нығая түспек. Осылайша сараңдықтан құтылып, жомарт бола бастаймыз.

- Досым, ал өзің сүйген ісіңмен айналысып жүрсің бе?
620 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  07:43
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 16:46:47 Өзіме!

Проблема:
Смартфонмен көп отырасың. Уақытың пайдасыз посттар мен стористер көрумен өтіп жатыр. Көзің құрып, миың әлсіреп барады.

Әрекет:
Смартфонды белгілі уақытта ғана ұста. Пайдасыз қосымшаларды өшір. Инстаграмда - пайдалы контенттерді ғана қара [шектеулі уақыт ішінде].
Көп кітап оқып, көп жаз! Жанұяңа көп уақыт бөл. Өмір қысқа. Мағыналы, сауапты істер көп жаса.

Проблема:
Аз қимылдап, көп жейсің. Көп ұйықтап, тәртіпсіз [дисциплинасыз] жүрсің.

Әрекет:
Күн сайын 10.000 қадам мақсатың болсын. Бұдан кейін тоймай жеуге тырыс. Көкеністер мен жеміс-жидек же. Сонда ұйқың да түзеле бастайды. Ерте тұрып, Алланың берер берекетін жіберіп алма!

Проблема:
Біреуден көмек күтіп, істердің жасалуын дәметіп жүресің.

Әрекет:
Ешкімге тәуелді болма! Сонда ешкімнен көмек сұрамайсың, дәметпейсің. Аллаға сеніп, өзің жасауға тырыс. Назарыңды толықтай аударып істеген істің - берекеті болады.

Қорытынды:
Осыларды жасасаң 70-80% проблема - өздігінен шешіледі. Сол үшін, кейінге қалдырмай қазір баста!

Ps. Өзіме айттым өсиет,
Алғым кеп жақсы қасиет.
Боламын десең керемет
Сен де жаса әрекет.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
556 viewsAlmat Zhailaubayev, 13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 17:13:47 ​​Өмірін өзгерткісі келетін,
Өзге жерлер көргісі келетін,
Өте көп ақша тапқысы келетін,
Өте сапалы білім алғысы келетін
т.с.с. адамдар көп екен.

“Бәріне бірден көмектесуге бола ма?” - деген заңды сұрақ туындайды. Әрине болады!

Ниет және әрекет бізден, нәтиже Алладан!

Көп адам қарапайым, оңай нәрселерді білмейді. Ал адам білмеген дүниесіне дұшпан болады. Негізі өзіміз қиындатып жүреміз оңай істерді.

Сонымен қатар шамалы кедергі шықса, бірден беріле саламыз. Табандылық танытуды мүлдем ұмытып кетеміз.

Осыған орай, қиын боп көрінетін: АҚШ визасын алу - оңай екенін жан жақты түсіндіретін вебинар өткіземін.

Визадан бірнеше рет “отказ” алғандардың өзі де ала алатынын айтамын. Осы Сенбі күні.

Zoom арқылы болады. Сол себепті тек 100 адам ғана қатыса алады.

Барлығы тегін! Ешнәрсе сатылмайды. Тек оп-оңай бір-ақ шарт бар.

Ол шарт: ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАҢЫЗДА “АҚШ визасын алуды @almatzhai -мен үйренейік” - деп жазып, мені белгілеп, сторисіңізде бөлімссеңіз болғаны!

Осыдан кейін өзім кіріп, көріп, жекеңізге жазамын.

PS. Мен өзім 4 рет АҚШ визасын алғанмын. 3 рет тур.виза, 1 рет оқушы визасы. (B1/B2, F1)

Соңғы визам 10 жылдық. Ал визаны бірге алайық.

Әлде сіз қорқып жүрсіз бе?
633 viewsAlmatzhai, 14:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 08:00:27 [Жалғасы]
Аз уақытта көп іс тындыруға көмекші 4 әдет.

Кеше бір оқырманым: «Аз болса да, үздіксіз жасап отыру. Сонда сол істі соңына дейін жеткізе аламыз. Әрі ол істен жалықпаймыз.» - деп жазыпты.

Ия, дұрыс! Қарап тұрсаңыз қарапайым нәрсе. Бірақ неге бәрі солай істемейді/істей алмайды? Өйткені тақырып өте күрделі. Тереңіне түсіп, бұл істі біржолата шешу керек. Әйтпесе тым кеш болып қалуы мүмкін.

Сол себептен кейінге қалдыру әдетімізге деген ойымызды өзгертіп көрейікші. Кеттік.

1. Бақылап, байқаңыз.

Неге кейінге қалдырып жатқаныңызға ой жүгіртіп көріңізші. Бір ойлар мен сезімдердің автоматты түрде келгенін байқайсыз. Міне соларға көңіл бөліп, түсінуге тырысыңыз.

Мұны мета-таным [meta-cognition] деп атайды. Мета-таным – өз ойыңызға көз жүгірту. Яғни ойлау жүйеңізді зерттеу.
Бұл өте пайдалы процесс.

Біріншіден өзіңізді тани бастайсыз. Екіншіден әлгі өзіңізбен жағымсыз диалогты азайтасыз. Үшіншіден сіздің көңілді ала беретін заттардың әсерін төмендетесіз. Өйткені «жауын таныған жеңілмейді» дейді ғой.

2. Қабылдаңыз.

Кейінге қалдырып жүрген істеріңізді жазыңыз. Жазғанда мойындайсыз. Жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз деген сөз. Осылайша көңілдің бөлініп, бір істі әрдайым кейінге қалдырып жүргеніңізді қабылдайсыз.

Яғни жауын таныған сайын, соған қарай қару-жарақ та дайындалады.

3. Оңайлатыңыз.

Өзіңізге былай деңіз: «Бұл әлемде істерін кейінге қалдырып жүрген жалғыз мен емес.»

Бұл сөз - мойныңыздағы ауыр жүкті алып тастайды. Жеңілдеп қаласыз.

Өткен шақта ештеңеге қарамай бір істі бітіргеніңізді немесе бір жетістікке жеткеніңізді еске алыңызшы. Қаласаңыз қолыңыздан келетінін түсінесіз. Бұл сізді әрекетке шақырады. Өзіңізге деген сенімді арттыра түседі.

4. Қорықпаңыз.

Кейінге қалдыру ауруынан қорықпаңыз. Сіз сол ауру арқылы көтерілесіз. Қалай дейсіз ғой? Былай:

Алланың қарғысын алған шайтан бар. Адамдарды азғырады да тұрады. Бірақ адам баласы сол шайтанның құрығына түспеу арқылы – Аллаға жақындап, дәрежесі көтеріледі. Ақтық демі шыққанға дейін шайтан азғыруын тоқтатпайды, ешқайда кетпейді.

Дәл сол сияқты кейінге қалдыру ауруы да ешқайда кетпейді. Оның бар екенін қабылдап, өмірлік сапарыңыздағы бір жолаушы екенін ұмытпаңыз. Сонда миыңызды одан қорықпауға үйретесіз. Әсерін азайтып, оның ығына жығылудан құтыла бастайсыз.

Әйтпесе өзіңізді әрдайым сынап, басыңызда жағымсыз диалогтар құрып, өмірді қиындатып аласыз. Сіз жоғарыда жазылған 4 нәрсені жасаңыз. Сонда әрекет өздігінен басталады.

Сондықтан болса керек Ислам дінінде «қиындатпаңдар, жеңілдетіңдер!» - делінеді.

Осылайша кейінге қалдыру әдетімен алыспай, оны өз пайдаңызға қолдануды үйреніңіз.

[4 әдеттің біреуін ғана бітірдік, алда әлі 3-еуі бар.]

Жалғасы бар
557 viewsAlmat Zhailaubayev, 05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 14:29:50 Аз уақытта көп іс тындыруға көмекші 4 әдет.

[Кейінге қалдыру әдетімен алыспай, оны өз пайдаңызға қолдануды үйреніңіз.]

Аз уақыт ішінде көп іс жасағыңыз келсе, онда өмірлік қағидаңыздың былай болғаны дұрыс:

«Жылдам – бұл баяу, бірақ тұрақты түрде жасалатын іс. Аз болса да, дұрыс процесс - дұрыс нәтижеге жеткізеді.»

Көп адам өз уақыты мен күш-жігерін тиімсіз тайм-менеджмент әдістері мен пайдасы жоқ ақпараттарды оқумен жұмсап жібереді.

Мен де солардың біреуі едім. Әр жерден бір түрткілеп, соңында не істеп, не қойғанымды өзім түсінбей қалатынмын.

Мысалы: адам «қалай жазушы болуға болады» деген мақала мен кітаптар оқуға көптеген сағат жұмсағанша, отыра салып, жазуды бастап кетуі керек.

Өйткені көш жүре түзеледі. Әйтпесе, қазір неше түрлі әдістер мен жолдар толып жатыр. Ақпараттар астында көміліп қаласыз да, мақсаттан алыстап кетесіз.

Ең басты мәселе - пайдалы дағдыларды қалыптастыру!

Сонымен, аз уақытта көп іс тындыруға дайын болсаңыздар, психологиялық тұрғыдан күрделі деп саналатын 4 дағдыны қарастырайық.

1. Кейінге қалдыру әдетімен алыспай, оны кәдеге асыруды үйреніңіз.

Адам баласы маңызды істерді кейінге қалдырудан мәстір. Көп істер кейінге қалып, мүлдем істелмей жатады.

Уайымдамаңыз. Негізі бұл - табиғи, қалыпты жағдай. Өйткені миыңыздың ол іске деген қызығушылығын білдіреді.

Бір іске қаншалықты беріліп кетсеңіз де, алдыңыздан кейде сізді елең еткізетін бір нәрсе шыға қалады. [мысалы инстаграмнан келген хат дыбысы]. Әлгі істеп жатқан ісіңізді кейінге қалдыра салу ойы бірден бой көрсетеді.

Сондықтан, бірінші кезекте кейінге қалдыру, кешіктіруге байланысты көзқарасымыз бен ойымызды өзгертуіміз тиіс.

Маңызды істі кейінге қалдыратын адамның басты проблемасы - қалған істің кесірінен іштей өзімен жағымсыз (негативный) диалог құрып алады.

Мысалы үшін:

• Негізі менде бір проблема бар-ау деймін?! Неге адамдар сияқты бір іске зейін қойып, сол істі бітіре алмаймын?! Бастаған істерімнің бәрі аяқсыз қала береді.

• Істеймін деген істерім тағы да жайында қалды. Осы әдет менің түбіме жетеді-ау шамасы. Қатарымның бәрі менен баяғыда озып кетті.

• Қарашы, Айгерімге. Барлық ісіне үлгереді ғой, шіркін. Бір істі бастады ма, тәмамдап тастайды. Әттең, Айгерім сияқты темір тәртіпке ие болсам ғой!

Осындай өзін төмен, әлсіз санайтын жағымсыз ішкі диалогтар – адамның жан дүниесіне теріс сезімдердің екінші қабатын қалай бастайды.

Мысалы: өзіне әбден көңілі қалып, айналасындағылардан ұялып, өзін кінәлі сезіне бастайды. Осындай күйден кейін, кейінге қалдырудың әкесін танытады.

Қараңыз қалай:

Әлгі жағымсыз сезімдерді басу үшін немесе ұмыту үшін
нәпсіге жағымды,
пайдасыз ләззаттар мен уақытты құр кетіретін көңіл көтеретін нәрсеге көңіл бұрып жібереді. (Кино-сериал көру, ойын ойнау, әлеуметтік желілер, смартфон, өсек айту т.с.с).

Осылайша маңызды іс те, мақсат та, дамыту керек қабілеттер де ертеңге қала береді, қала береді.

Енді не істеу керек?

Жалғасы бар...
572 viewsAlmat Zhailaubayev, 11:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 15:28:05 ​​​​Көп адамның проблемасы болып саналатын тақырып жайлы жазып жатырмын. Сол мәселені шешсек - үлкен нәтижеге жете аламыз.

Жуырда жариялаймын. Тақырып мынау
801 viewsAlmatzhai, 12:28
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 06:29:05 Алмат Жайлаубаев pinned « АҚШ, Ағылшын, IELTS, DuoLingo! ⠀ Бір жыл бойы АҚШ-қа дайындық менторлығын жасадым. Аллаға шүкір, шәкірттерімнің бәрі түсті. Тек бір шәкіртім ғана енді тапсырады. ⠀ Басында ағылшын тілдері мәз емес еді. Қажетті білім мен нәтижелі менторлықтан кейін бәрі дерлік…»
03:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 21:01:51 Достар, сіздермен жақын танысқым келеді. Мүмкін әр қалада кездесулер өткізерміз.

Ал әзірге қысқаша танысайық.

1. Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан. 1986 жылғымын.
2. 4 тіл білемін.
3. Инстаграм парақшам: @almatzhai

Сіздер де тура осылай комментарияға жазып өтсеңіздер.

Рақмет
351 viewsAlmat Zhailaubayev, 18:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 07:44:27 Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы)
Оқу ұзақтығы 1 жарым минут.

Жоғарыдағы жалғасын оқуға кеңес беремін.

Бүгін соңғы екеуін жазамын. Ал кеттік!

7. Бір жеріңіз ашу керек!

Бір мақсат қойып алып, мақсат бір жақта, өзіңіз бір жақта жүрген жағдайлар болды ма?

Мақсатқа жету - мотивациямен басталады. Одан кейін әдетпен жалғасады. Дегенмен күн сайын өзімізге есеп беру жүйеміз болмаса, мақсатты ұмытып кетуіміз әбден мүмкін.

Сондықтан мақсатымыз жарты жолда қалмас үшін - жазалау әдісін қолданып көрейік.

Жасалуы тиіс жоспарды орындамасаңыз, соның жазасы ретінде бір қайырымдылық қорына 10.000-100.000 Теңге беруге тура келсе, не істер едіңіз?

Трамп, Илон Маск, Уоррен Баффет сияқты тұлғалардың оқыған Пенсильвания Университеті, Уортон бизнес мектебінің зерттеуіне сүйенетін болсақ:

«Жоғалтудан қашу теориясы» (Loss Aversion Theory) өте тиімді болып саналады.

Яғни, адам табиғаты тәуекелге бас тіккенде, бір нәрсені иемденуден гөрі, жоғалтып алудан қорқады екен.

Сонымен, мақсатыңыз жолында жоспарды орындай алмасаңыз, бір жеріңіз ашитындай ақшалай жаза қойыңыз.

(Бір жеріңіз ашу деген сөзді жаман ойлап қалмаңыз. Қазақта: “ішім удай ашыды” - деген сөз де бар :))

Дегенмен, сіз өзіңіз үшін тиімді жазалау түрін таңдап алғаныңыз дұрыс.

8. Анализ жасап, түзетіп отырыңыз!

Жазылған мақсатыңызға күн сайын анализ жасап отырыңыз. Мұндағы басты мәселе – мақсаттарды түзету емес, керісінше күнделікті жасалатын іске көңіл бөлу. (Процесс)

Конфуций айтқандай:

“Мақсатқа жете алмайтыныңыз анықталса, оны өзгертпеңіз. Күнделікті жасалатын іс-әрекетті түзетіңіз.”

Егер қандай да бір прогресс болмай жатқанын байқасаңыз, бірден қолыңыздан келмейді деп ойлауға асықпаңыз. Күнделікті жасап жатқан қадамдар мен іс-әрекеттерге назар аударыңыз.

Бір ісіңіз жүзеге аспай жатса, қолданып жүрген әдісті өзгертіп көріңіз.

Сонымен, мақсат қою аса қиын шаруа емес. Мақсат – сізге жетістікке жетуге көмекші дағдылар қалыптастыруға көмектеседі.

Римдік ақын Овид: «Дағдылар мінезге айналады» деген екен. Мінез болса – біздің болмысымызды қалыптастырады.

Ал енді, өте биік мақсат қойып, ықыласпен іс-әрекет жасауды бастап кетейік.

Соңы. Оқығаныңыз үшін алғыс білдіремін!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
688 viewsAlmat Zhailaubayev, 04:44
Ашу / Түсініктеме