Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2021-06-13 19:20:32 5. Алғырлар миының саулығына қатты қарайды.

Миыңыздың дұрыс азықтануына көңіл бөлген сайын күшейе түседі. Өйткені ақпараттарды есте сақтау, өңдеу және еске түсіру сияқты істерге тікелей әсерін тигізеді. Әрине барлық пенде мүмкіндігінше ұзақ өмір сүргісі келеді. Тез қартаю мен алжыудың алдын алу - тікелей мидың мықты болуына байланысты.

Сол себепті мидың когнитивті функциясының бұзылуына жол бермес үшін, ми пайдалы азықтармен қоректенуі керек. Мысалға: қаражидек (черника),көкөністер (капуста, шпинат, брокколи), тұтас дәндер (цельные зерна), балық пен бұршақ тұқымдастардың ақуызы, зәйтүн майларын күн сайын қолданып отырған жөн.

Сонымен қоса, «Жеміс-жидектер мен көкөністер - мидың жасушыларын тоздыратын тотығу стресстерімен күреседі, яғни тез алжу мен мидың басқа ауруларынан сақтайды», - дейді психиатрия және қартаю ғылымының профессоры доктор Гари Смолл.

Егер миымызды қорғау үшін ештеңе жасамасақ, онда миымыз табиғи түрде құлдырай бастайды. Алайда, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, миыңызға ұқыптылықпен қарау арқылы, құлдырау процесін бәсеңдете аласыз. Сол үшін алғырлар зақымдап алып арпалысқаннан гөрі, ерте бастан миларын қорғап, саулығына қатты мән береді.

6. Алғырлар сапалы демалады.

Үйренгеніңізді жадыңызда сақтау үшін – ағзамызды тынықтыру керек. Яғни үзіліс беру! Соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, жиі үзіліс жасау - тез үйренуіңіздің сапасын арттырады. Тіпті есте сақтау қабілеті де жақсара түседі екен.

Қараңыз, АҚШ Ұлттық Денсаулық Институның (National Institutes of Health) ішіндегі ұлттық неврологиялық және инсульт институтының аға тергеушісі Леонардо Коэн: «Көп адамдар жаңа бір нәрсе үйрену кезінде ең басты мәселе практика, практика, тағы да практика деп ойлайды. Дұрыс. Дегенмен де, үйренудің арасында қысқа үзілістердің жиі болуы да маңызды екенін дәлелдедік», - дейді.

Демек, сапалы қысқа үзілістер - мидың дамуына, ақпараттардың есте сақталуына септігін тигізеді екен. Үйренуден сапалы нәтиже алу үшін, демалу уақыттарының арасын дұрыстап қою керек. Мысалы: 30-50 минут бойы жаңа ақпараттар алып, жаңа нәрселер үйренсеңіз, 5-10 минут жаттығу жасап, шай ішіп немесе жуынып, үзіліс бергеніңіз абзал.

Луизиана мемлекеттік университетінің академиялық жетістіктер орталығының мамандары үйрену процесінде 30-50 минуттық сессияны ұсынады. «Бір нәрсені үйрену кезінде 30 минуттан аз болса жеткіліксіз, бірақ 50 минуттан асатын болса - миыңыздың қабылдауы нашарлап, тым көп ақпаратты игере алмай қалады», - дейді оқу стратегиялары бойынша аспирант Эллен Данн.

Миымыздың нейрондық желілері ақпаратты өңдеуге уақыт бөлуі керек, сондықтан үйрену кезіндегі демалулар - жаңа ақпаратты тиімді есте сақтауға көмектеседі.

Алғырлар миларына қажетті азықтармен қоректеніп, сапалы демалу арқылы миларының қалпына келуіне қолайлы жағдайлар жасайды.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
785 viewsAlmat Zhailaubayev, 16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 19:20:00 3. Алғырлар дамитын және икемді санаға (миға, ақылға) ие.

Кэрол Дуэк («Гибкое сознание. Новый взгляд на психологию развития взрослых и детей»* кітабының авторы) ойлап тапқан теориясында: «Егер сіз дамитын және икемді санаға (миға, ақылға) ие болсаңыз ешқашан өкінбейсіз; және жетістіктің кілті икемді сананы қалыптастыруда» - дейді. Сонымен қатар, Кэрол апамыз ақыл, қабілет және іс атқару тиімділігін әрқашан дамытуға әрі жақсартуға болатындығын дәлелдеп бағады.

*(Аталмыш кітапты қалайда оқуға кеңес беремін)

«ХХІ ғасырдың сауатсыздары - оқып, жаза алмайтындар емес. Керісінше - үйрене алмайтындар, қате үйренгенін дұрыстай алмайтындар мен үйренгендерін ары қарай дамытпайтындар болады», - дейді Эллин Тоффлер(жазушы, футурист және заманауи технологияларды талқылайтын шығармаларымен танымал кәсіпкер).

Өмірдегі ең басты мақсаттарыңызға қол жеткізгіңіз келсе немесе бір қабілетті тез үйренгіңіз келсе, онда дамитын және икемді сананы (миды, ақылды) дамытыңыз. Бұл сіздің мотивацияңызды арттырып, әр уақыт қабілеттеріңізді шыңдап, дамытып отыруыңызға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, икемді сананың арқасында жаңа қабілеттерді тез меңгеріп, керек болғанда күнделікті өміріңізге қолданып, кез келген өзгеріске жылдам бейімделесіз. Жалпы өміріңіз бен жұмысыңызды жақсартасыз.

4. Алғырлар білгендерімен бөліседі.

Зерттеулерге сүйенетін болсақ, адам үйренгенін біреуге үйрету/түсіндіру арқылы немесе бірден іс жүзіне асыру арқылы 90%-ын есте сақтап қалады екен.

Жаңа ақпаратты тез қабылдап үйрену, оны есте сақтау және керекті кезде еске түсірудің ең тиімді әдісі - үйренгеніңді басқаларға үйрету. Психологтар мұны «іздеу/шақыру тәжірибесі» (“retrieval practice”) деп атайды. Бұл есте сақтауды күшейтудің ең мықты жолы болып табылады екен.

«Үйренгеніңізді оңай тілмен үйрету арқылы, біліміңіздің кемшіліктерін анықтай аласыз», - дейді әйгілі физик Ричард Фейнман. «Ұлы түсіндіруші» (“Great Explainer”) атағына ие болған Ричард – кванттық физика сияқты өте күрделі тақырыптарды кез келген адамға нақты суреттеп, түсіндіріп бере алғаны үшін аса зор құрметке лайық болған. Фейнман әдісі жайлы толыққанды Джеймс Гликтің «Данышпан: Ричард Фейнманның өмірі мен ғылыми жұмыстары» (Genius: The Life and Science of Richard Feynman) атты кітабында толық баяндалған.

Алған біліміңіздің ең жоғарғы көрсеткіші – басқаларға түсінікті етіп жеткізе білу қабілетіңіздің болуы. Сол үшін, жарты уақытыңызды оқып, үйренумен өткізіп, ал қалған жартысын бөлісумен жұмсаңыз.

Мысалы үшін, бір кітапты бірден бітіріп тастамай, бастапқыда жартысын оқыңыз. Содан кейін, бірден іс жүзінде қолданбай тұрып, үйренген жаңа ақпараттарыңызды еске түсіріп, басты идеяларын жазып алыңыз да, өзгелермен бөлісіңіз! Сол жерде кемшіліктеріңізді көріп және анықтап, қай жерде қолданып, қай жерде жүзеге асыратыныңызды нақтылап аласыз.

Оқырмандарыңыз бен тыңдаушыларыңыздың пікірін алып, біліміңізді толықтыра отырып, іс жүзіне төгіп жібересіз! Кітаптың қалған жартысы сол күйі қалып кетпесін бірақ.

Жалғасы астында
653 viewsAlmat Zhailaubayev, 16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 19:18:41 Алғырдың 6 қасиеті:

Кез келген қабілетті тез үйреніңіз.

ХХІ ғасырдың ең маңызды қасиеттерінің бірі – кез келген қабілетті жылдам үйрену болып саналады. Өйткені технологиялық өзгерістер дәуірінде, әр уақыт алда болу үшін, толассыз даму мен кемелдену үстінде болудан басқа амал жоқ.

Жылдам өзгеріп жатқан мына таңғажайып өмірде, жаңа қабілеттерді тез үйрену қажеттілікке айналғаны сөзсіз. Дей тұрсақ та, бір нәрсені тез үйрену үшін бойымызда туа біткен қасиеттің болуы шарт емес.

Леонардо Да Винчи және Нобель сыйлығының иегері физик Ричард Фейнман сияқты көптеген ғұламалардың (әртүрлі салаларда жетістікке жеткен тұлғалардың) айтарлықтай туа біткен таңғажайып бір қасиеттерінің болмағаны туралы жазылып, айтылып жатады.

Сондықтан жаңа саланы үйренуге әр адамның қабілеті де, күші де жетеді; тек тиімді тәсілдерді қолдану арқылы үйренгеніңізді дұрыс жолда іске асырсаңыз болғаны. Астын сызып тұрып айтайын: кез келген адамның қолынан келеді!

Үйрену процесін қызықты әрі көңілге жағымды ету жолдарын табу керек (әрине әркім өзінің табиғатына сай). Сонда жаңа қабілеттерді тез үйрену қиын емес екенін көресіз. Ал, енді жаңа қабілеттер үйренгіңіз келсе, алғырдың 6 қасиетіне көңіл аударыңыз.

1. Алғырлар көп оқиды.

Жаттығу денені шынықтыратыны секілді, оқу да миды жаттықтырады. Оқу – ғаламның, тарихтың және уақыттың кеңістігінде еркін саяхат жасауымызға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа идеяларға, түсініктерге, сезімдерге және білімдерге жол ашады.

Кітап оқығанда миымыздың белсенділігі артып, күшейе түседі. Сондықтан болса керек, жетістікке жеткен тұлғалардың барлығы дерлік көп оқиды. Олар оқуды қиын іс ретінде емес, керісінше мансабы мен істерін жақсарту, дамыту мүмкіндігі ретінде қабылдайды екен.

Мысалы үшін, бауырының айтқанына сүйенетін болсақ, Илон Маск күн сайын 2 кітап оқып өсіпті. Ал, Билл Гейтс жылына 50 кітап оқиды екен. Марк Цукерберг болса әр екі аптада бір кітап бітіреді. Уоррен Баффет күніне бес-алты сағат бойы 5 газет пен 500 беттен тұратын есеп беру қағаздарын (отчеттарын) оқып өткізеді екен.

Қазіргі таңдағы мықты валюта болып саналатын ақпарат (информация) пен толассыз дамуға тек оқу арқылы жетуге болады. Сол үшін ауа, тамақ және ұйқыға қалайша мұқтаж болсақ, күн сайын оқуға да солай МҰҚТАЖ болайық.

2. Алғырлар үздіксіз үйренуден ләззат алады.

Үйрену – бір процесс; діттеген мақсатымызға жету жолындағы даму мен кемелдену сапары; жаңалықтар ашу жолы мен алыс қашықтыққа марафон.

Үйрену – өмірдің соңына дейін созылатын өте қызықты бір процесс. Сіз үшін басқа біреу үйрене алмайтынана байланысты, барлық нәрсе өз қолыңызда. Сіздің жолыңыз, сіздің марафоныңыз екенін ұмытпаңыз! Сондықтан үйрену жолында кез келген тақырыпты, идеяны немесе жаңа түсінікті мұқият зерттеп, зерделеу ғана жетпейді. Сонымен қатар қызығушылық пен ықылас та маңызды.

Андре Моруа: «бірнеше қабілетті орташа дәрежеде үйренгенше, бір қабілетті толыққанды үйренген абзал» - дейді. Демек, бірінші үйренуді дұрыс меңгеруіміз қажет. Өйткені үйрену – табысыңызды еселеп көбейтетін ең мықты инвестиция көзі болып табылады. Мына жарық жылдамдығындай өзгеріп жатқан бизнес әлемінде бір орында тұрмай, дамып отырғыңыз келсе, онда үздіксіз үйренудің маңыздылығын түсінген шығарсыз?!

Алғырлар процесті бағалайды. Олар мәреден өткеннен гөрі, марафон кезіндегі процестен; яғни әр уақыт дамып отырудан ләззат алады. Сөйтіп, үздіксіз үйрену процесі – бізді кемелдікке жетелейді. (Бұл жерде әр нәрсенің «басы қатты, аяғы тәтті» мәселесін де естен шығармаңыз!) Сол үшін, алғырлар үздіксіз үйренуді – жетістікке жетелер бір процесс екенін санасынан шығармайды!

Жалғасы астында
798 viewsAlmat Zhailaubayev, 16:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 09:15:25 Әрекетке шақырамын!

Бұл жер - даму мен кемелдену каналы. Өсеміз, өзгереміз десек әрекет етуіміз қажет. Сондықтан бұдан былай кішігірім тапсырмалар беріп отырамын. Кішкентай қадамдармен үлкен нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, бірге орындайық.

Кішкентай өзгеріс - үлкен нәтижеге жеткізеді. Осыған байланысты бүгінгі жасаған “Голосовой чатта” мысал келтірдім. Енді аптасына бір рет “Голосовой чатқа” кіріп, сіздерден келетін сұрақтарға жауап беруге тырысам. Уақытын алдын ала қойып, сіздерге хабарландыру жіберемін.

Келіссеңіздер, астына комментарияға + қойып кетсеңіздер.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достарым!
1.1K viewsAlmat Zhailaubayev, 06:15
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 11:39:49 ​​Ағылшын тілін тез үйрен!

Жаңалықтар, ғылыми мақалалар, жаңа туындылар және инновациялар қай елден шығып жатыр? Әрине басым көпшілігі АҚШ-тан. Дүниежүзілік бестселлерлер де сол елден. Демек, дамыймын деген әр адам ағылшын тілін үйренуі керек. Өйткені жер бетіндегі бүкіл ақпараттың 85% ағылшын тілінде.

Ағылшын тілін тез үйрену үшін не істеу керек? Әлбетте жолдары мен тәсілдері көп. Әр адамның үйрену қабілеті де әр түрлі. Бұл туралы видеолар - Youtube каналында толып жатыр. Сондықтан өзім үйренген жолдарды айтайын. Сіз көңілге қонғанын алып қолданарсыз.

1 - Кітап оқу.

Ең бастысы кітап көп оқу керек. Мысалы ағылшынша деңгейіме сай кітап аламын. Бірден оқуды бастап кетем. Көш жүре түзеледі деймін.

2 - Сөз жаттау.

Шет тілінде жақсы сөйлеп, оңай түсіну үшін сөздік қордың маңызы зор. Сол үшін оқып жатқанда білмейтін сөздерімді белгілеп, бәрін аударамын. Қағазға жазып алып, жаттап жүремін. Қолданатын сөздіктерім: Google переводчик, https://www.lingvolive.com/en-us , https://context.reverso.net/translation/english-russian/ , https://sozdik.kz/

3 - Грамматика.

Грамматика кітабын еш оқымаймын. Бәрін практикада үйренгенді жөн көремін. Мысалы оқып жатқанда сөйлем ішінен “should have been” деген сөздерді көрдім делік. Мағынасын білу үшін YOUTUBE-қа жазамын. Youtube ағамыз 4-5 минутта бәрін мысалдармен түсіндіріп береді. Осылайша уақыт пен энергия үнемдеп, тез үйренемін.

4 - Тыңдалым.

Әр сөзді қалай айту да - өз алдына бір бөлек дүние. Сол үшін ағылшын тілінде көп тыңдау керек. Мен подкасттер тыңдап жүремін. Кей кезде https://www.ted.com/ субтитрмен тыңдаймын. Ағылшын тіліне құлағымды осылайша жаттықтырамын. Кино аз көрген абзал. Көбіне ағылшын тіліндегі интервьюлар өте пайдалы.

5 - Жазу.

Жаттаған сөздерді - сөйлем ішінде қолдану үшін жазу керек. Көбінесе https://www.grammarly.com/ арқылы жазамын. Осы жерде өз қателерімді де көріп отырамын. Жазған сайын сөздер жақсы жатталып, миыңыз жаттыға бастайды.

6 - Сөйлеу.

Жаттаған сөздер мен жазғандарды сөйлеп те үйрену керек. Сонда үйрену процесі жылдам болады. Ол үшін айна алдында тұрып, немесе камераға басып алу арқылы ағылшынша сөйлеу керек. Практика, практика және тағы да практика.

Бәрі оқумен басталады. Ары қарай ашыла бересіз. Өзіңізге ыңғайлы әдістерді табасыз. Осылайша ағылшыншаны да меңгерген боласыз.

PS. Егер ағылшын тілін әлі білмесеңіз, онда жақсы бір мұғалімге (курсқа) барып үйренгеніңіз абзал. Үстінде жазғандарым барлық деңгейге жарамды. Ал іске сәт!

21-ғасырда ағылшын тілін білмеу - үлкен кемшілік. Сол үшін қазір бастаңыз.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, досым!

https://t.me/almatzhai
762 viewsAlmatzhai, 08:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 20:58:01 Алмат Жайлаубаев pinned a photo
17:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 20:40:43 Сұрақ-жауап

Сіздерден көптеген сұрақтар келуде. Қолымнан келгенше бәріне жауап беріп жатырмын. Ізденіс пен жауап үшін көп уақыт кетеді екен.

Бір оқырманым былай сұрақ қойыпты:

“Алмат мырза, сізге көп рақмет. Жазғандарыңызды үзбей оқып жүрмін. Қолдануға оңай әдістер жазады екенсіз. Маған қатты ұнайды. Сіз басқа тілден аударып жазасыз ба, әлде өзіңіз ойдан жазасыз ба?”

Егер сұрақ орынды болса, бұдан кейін жауапты жалпыға беруді ұйғардым. Пайдасы көпке тисін деген ниетпен. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап бере отырып, ішіне пайдалы ақпараттар қосуды жөн көрдім.

[Бір нәрсе жазу үшін өте көп оқу керек. Іздену қажет. Табиғатым кітап оқуды сүйгені үшін маған қиын емес. Әйтпесе Данияр Жігітбек айтпақшы “керек”, “қажет” деген сөздерде міндет бар, жүк бар. Сол үшін көпшілікке кітап оқу мен ізденіс жасау қиын болуы мүмкін.

Негізінде, мен жазуды жақсы көремін. Сол үшін әр уақыт оқығым келіп тұрады. Бұл жерде міндет пен жүк жоқ. Қалау мен еркіндік бар.

Демек қалау мен еркіндік арқасында - міндет пен жүк жеңілдей түседі. Жазуды жақсы көргенім үшін, кітап та оқимын, ізденемін де. Сондықтан жақсы көретін істі табу маңызды.]

Ал сұраққа жауап:

Өз басым көбінесе ағылшын, түрік тіліндегі кітаптарды оқимын. Әр шығарманы шыққан тілінде оқу - адамға өзгеше әсер береді. Құранды арапша түсініп, оқу тәрізді.

Оқыған кітабымнан ой түйіндеп, өзіме дәрістер шығарамын. Осылайша үйренген нәрсемді жүзеге асыра бастаймын. Осы кезде басыма жаңа идеялар келеді. Соларды түртіп аламын. Кейін жазбаға айналдырамын.

Әрине бұл жерде тәжірибе мен ел-жер көрудің пайдасы орасан зор. Дегенмен, одан да маңызды бір нәрсе бар. Ол - өз оқырманыңды тану. Сол себепті, СІЗДЕРДІ тану үшін сауалнама жүргіздім.

Сол сауалнама - жазбаларымның жол картасына айналды. Толтырған барлық жанға алғысымды білдіремін. Толтырам деген жандарға сілтеме:

https://bit.ly/3fJSWEs

Бірге дамып, бірге кемелденейік, достарым!

Құрметпен,

https://t.me/almatzhai
747 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  17:40
Ашу / Түсініктеме