Get Mystery Box with random crypto!

СЕРПІЛІС [Жаңа Бастама] Досыммен диалог. Досым, бүгін өз сал | Алмат Жайлаубаев

СЕРПІЛІС [Жаңа Бастама]

Досыммен диалог.

Досым, бүгін өз саласында Қазақстанның 3-ші ірі өндіріс орнының басшылық қызметінен өз еркіммен шықтым.

"Мыңдаған адамның арман болған жұмысынан неге шығып барасың?!" - деп сұрады досым. [негізі орысша қойды сұрақты :)] Оған берген жауабым

45-50 жасқа келгенде артыма қарап: "неге сол кезде бастамадым екен?!" - деп өкінбеу үшін. Себебі:

Табиғатым шығармашылыққа жақын екен. Сол үшін ағартушылыққа 100% уақытымды жұмсауға бел будым. Кітап жазып, курстар дайындап, жастарды шет елге жоғарғы оқу орындарына дайындаумен айналысамын.

Адам жақсы көрген ісімен айналысқанда жан жағына энергия шашады. Ешқашан шаршамайды. "Өз ісін сүйген адам бір минут та жұмыс істемейді" заңдылығына сәйкес әрекет етуге бекіндім.

Досым: "Да, ты прав. Образование это благородное дело! Но почему?" - деп қайта сұрақ қойды. Менің жауабым

Адамды әйтеуір бір шыңға шығарар екі қасиет айтайын. Ол 2 қасиет - өмірдің екі тірегі сияқты.

1. Үздіксіз үйренуден жалықпау,
2. Үздіксіз үйретуден аянбау.

1-ші қасиет бойынша.

Үздіксіз үйрену - инемен құдық қазғандай дейді. Ия, бірақ неге қиындатамыз?! Керісінше қызықтырып көрейікші. Үйрену - алтын алу үшін жерді қазғандай.

Бір тонна топырақтан кейде 50, кейде 300 грамм алтын шығады. Қазір алтынның нарықтағы бағасы: 1 грамм = 24 300 Тенге.
Сонда бір тоннадан кейде 1 215 000 Тенге, кейде 7 290 000 Тенге табыс деген сөз.

Ал бір тоннаны бір кітап деп санайық. Енді кітапты алтын табатындай санамен оқып көрейік. Өйткені артық білім кітапта. Білім болса алтыннан қымбат. Біліміңіз болмаса алтын шығаруды қайдан білмексіз?!

2-ші қасиет бойынша.

Тапқан алтыныңмен мұқтаж жандармен бөліспеу - сараңдық. Сараң адам қанша бай болса да өзге түгіл өзіне пайдасы жоқ. Көрге бір шұлығын да алып кете алмайды ғой.

Сондықтан жомарт болған абзал. Барымен бөлісіп, ел батасын алып, Алланың ризалығына бөленуден артық не бар бұл өмірде?! Сонда ғана ісіміз берекелі болып, өмірден ләззат ала түсеміз.

Үйренген дүниемізбен бөлісіп, үйрету керек. Сонда білім толығады, кемелденеді. Қателіктер мен кемшіліктерді байқап, оларды түзетеміз. Білім нығая түспек. Осылайша сараңдықтан құтылып, жомарт бола бастаймыз.

- Досым, ал өзің сүйген ісіңмен айналысып жүрсің бе?