Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2021-12-22 16:24:17 ​​ Қадірлі Оқырманым

Алматыда “İNJU BASPASY” атты кітап шығаратын баспа ашқан болатынбыз. Даму мен кемелдену жолында жыл сайын 20-30 кітап шығаруды жоспарлап отырмыз.

Халыққа пайдалы, айтары бар нар-тұлғаларды тауып, кітап жаздырып жатырмыз. Оңай дүние емес екенін білесіздер! Бірақ Алаш Ордасы бастаған істі біз де қостап, халыққа қызмет етуді қолға алдық! Қолдауларыңызды күтемін!

Осыған байланысты “İNJU BASPASY”-ның белді авторының бірі, Ислам Әлемінде үлкен ғалым кісіден білім алғыңыз келе ме?

Ендеше, Сізді “АЯТ СЫРЛАРЫ” атты СЕМИНАРЫМЫЗДЫҢ қадірлі қонағы болуға ЕР адамдар мен Нәзік жандыларды шақырамыз!

Семинар тақырыбы:
I Бөлім
Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас жайындағы аяттар Құрандағы Ер мен Еркек ұғымы Құранда Ерді әйелден абзал санаған ба? Ер адамда болу керек басты Қасиеттер?

II Бөлім Алла есімдері жайлы аяттар Алланың көркем есімдерін өмірде пайдалану

Өтетін орны және уақыты:
Алматы қ. “Novotel” Қонақ үйі, Дрстық даңғылы 104а

26- желтоқсан, 2021 жыл,
Сағат 14:00

БИЛЕТ АҚЫЛЫ
Тіркелу үшін
8 777 913 45 45
@kurmangazy_sad

ДАМУ МЕН КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫНДАҒЫ САПАРЫМЫЗ СӘТТІ БОЛҒАЙ!
429 viewsAlmatzhai, edited  13:24
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 21:16:47 Кешірім және сүйінші!

Біріншіден сіздерден кешірім сұрағым келіп тұр. Көптен бері осы каналыма жазбай кеттім. Себебі кітап жаздым.

Екіншіден сүйінші сұрайын. Сол жазған кітабым бітті. Атын “МенТор” Даму мен Кемелдену сапары деп қойдым.

Осыған байланысты Әл-Азһар университетінде PhD оқыған, Ислам және Араб тілі ғалымымен Инстаграм каналымда тікелей эфир өткіземін. Сілтеме астында.

Жіберіп алмаңыз. Мүмкін өміріңізді өзгертер бір себеп болып қалар.

https://www.instagram.com/p/CXbFGvYMBJ0/?utm_medium=copy_link
190 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  18:16
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 11:28:57
Достар, 1 ай бұрын барып қайтқан АҚШ-қа сапарымнан бір көрініс. Қосымша: Принстон университетінің көрінісі. Сонымен қатар әдемі өлеңмен керемет естелік болды. Сіздерге мотивация болсын деп бөлісіп отырмын!
386 viewsAlmat Zhailaubayev, 08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 19:28:06 Сәлем достар.

АҚШ-тың Грин Картасына тапсыру басталғанын білесіздер. Негізі бәрі тегін.

Тапсыру оп-оңай. Егер ізденіп, видеосын көріп, өздігінен тапсыра алмаған адам - АҚШ-қа бармай-ақ қойғаны дұрыс. Өзіне обал болады.

Ал негізі бәрінің қолынан келеді. Сол үшін Бостон Университетіне түскен шәкіртімнің Грин Картаға қалай тапсыруға болатыны жайлы қысқа видео-нұсқауын жарияладым.

Сілтемеге өтіп, көріп, тапсырсаңыздар болады. 9.11.2021-ге дейін уақыттарыңыз бар.

Сілтеме: https://www.instagram.com/tv/CVDiS6IL4eB/?utm_medium=copy_link

Құрметпен
318 viewsAlmat Zhailaubayev, 16:28
Ашу / Түсініктеме
2021-09-29 12:49:33 КЕЗ КЕЛГЕН ІСТІ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОЛЫ

“Кемелден» Оқырмандар Клубының мүшесі Айжамал ханымның 2-ші Вебинардан кейінгі түйіні. [Ешнәрсесін өзгертпей салып отырмын.]

Соңына дейін оқып, өз пайдаңызға қолданыңыз, досым!

“Сәлеметсіздерме.
Менің жазу стилім өте қарапайым болғандықтан, алдын ала кешірім сұраймын. Мен 6 сынып қана қазақша оқыдым. Менікі фишка, инсайт емес, конспект сияқты болып көрінді өзіме.

Бастаған істі соңына дейін жеткізу

Қазіргі таңда ең трендовый тақырыптардың бірі - бұл қалай энергиямызды толық бір іске арнап, соны соңына дейін жеткізу болып табылады. Алмат мырза өткізген екінші вебинарда 4 қажетті нәрсені айтып өтті.

1. Фокус - яғни, адам өзінің күшті қасиетін тауып, соған фокус қойып, соны дамыту. Мысалы, мен халықаралық қатынастар саласын қатты жақсы көремін. Бүгін бір имейл жазсам, ертең кездесуді белгілесем, үшінші күні кездессем, келіссөздер жүргізіп, бір келісім- шартқа қол қойылса, осы менің жетістігім болады. Фокусты жоғалтпай, бастаған іске күнде бір қадам жақындау.

2. Темірдей тәртіп. Адам ерте тұруды алдына мақсат етіп қойды ма, бірден ертесіне таңғы 5 те тұрып алып, тірлік бастап кетсек, ол денсаулыққа зиян болып қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл дағдыны ақырындап дамыту керек. Әр апта сайын 15 минутқа ерте тұру. Сонда 1 айда 1 сағатқа ерте тұра алатындай организм үйренеді екен.

3. Әрекет. Мақсаттың екі түрі бар екен. Ұзақ мерзімді және 1 жылдық. Сол мақсаттарымызды қойып алғасын, оның орындалуы үшін әрекет жасау керек. Таңертең тұрғанда терезені ашып, миды, денені ояту үшін таза ауа жұтыңыз. Су ішу керек. Миды, денені дайындап алсақ, әрекетке көшу керек.

4. Табандылық, қайсарлық, ерік-жігер. Алдымызға қойған мақсатқа жету үшін бізге ең қажетті қасиет - табандылық. Бүгін 25 бет кітап оқуым керек дедік пе, оқу керек. Достар шақырып қалса, жоқ деп айта білу керек. Кейде бізге дискомфорт жасайтын жағдайлар шығады, сонда табандылық көрсете білген адам, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алады.

Енді осы қасиеттерді адам ретінде елестетсек, фокус - адамның басы. Темірдей тәртіп - бұл омыртқа. Әрекет - аяқ пен қол. Табандылық - жүрек.

Бір істі соңына дейін жеткізу үшін осы 4 нәрсе керек.

Неге біз бір істі соңына дейін жеткізе алмаймыз? Өйткені бізде блоктар бар, яғни бұғаттау жолдары:

1. Дұрыс емес мақсат қою. Біреудің мақсатымен өмір сүру. Өзіңізге қажетті емес нәрсе үшін ұмтылу.

2. Кейінге қалдыру. Ол бәрінде бар қасиет. Кейін жасай саламын деп, көп нәрсе өз уақытында орындалмай қалады.

3. Ойын сауық пен әлеуметтік желілерге көп көңіл бөлу.

4. Нашар time management. Яғни ең берекелі уақытты дұрыс пайдаланбау. Біздің ең берекелі уақытымыз таң намазынан 15.00-16.00’ге дейін. Сол уақытты біз инстаграмға, кино көруге, өсек айтуға жұмсап қойсақ, ісіміздің мүлдем берекесі болмайды екен. Инстаграм қарауға болмайды емес, болады, бірақ ми шаршағанда, яғни кешке. Ал таңертеңнен түстен кейінгі уақытқа дейін табандылық танытып, пайдалы жұмыстарды істеп тастау керек екен.

Психологиялық кедергілер:

1. "Жұрт не дейді?" Менімше қазақтың дамуын ең үлкен кедергі болып жатқан осы нәрсе. Бұл біздің кішкентай кезімізден миымызға, денемізге, сүйегімізге дейін сіңіп кеткен түсінік. Басқалардың пікірі бізге өте маңызды. Солар не дейді деп, қажетсіз шығындар жасау, яғни кредитке той жасау. Жоқ тойларды да жасау, тілашар, пенсия той, юбилей... Ел не демейді, есек не жемейді, деп бекер айтылмаған екен. Біз осы психологиялық кедергіден құтылуымыз керек.

2. Қателесуден қорқу. Бұны да бізге кішкентайымыздан миымызға құйып тастаған, қателессек 2 қойып, дұрыс айтса 5 қойып. Қателесуден қорықпау керек. Әр қателіктен біз бір тәжірибе аламыз. Қателесуден қорыққан адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Сүрінбейтін тұяқ жоқ деп бекер айтпаған дана халқымыз.

3. Барлық нәрсе керемет болуын күту. Ешнәрсе топ етіп, керемет болып келмейді. Барлығы біртіндеп болады.

4. Өзіміздің табиғатымыздан хабарсыз болу. Яғни, біз не қалаймыз, не ұнайды біз біле бермейміз. Алдымен өз қалауымызды айқындап алуымыз керек.”
367 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  09:49
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 05:11:39 Сәлем, достар!

Алла қаласа жақында жазып жатқан кітабым жарық көреді. Жазумен айналысқаным үшін, АҚШ-та сапарда жүргендіктен көптен бері жазбай кеттім.

“Кемелден” Оқырмандар Клубын аштым. Даму мен кемелдену жолындағы сапардан сіз де қапы қалмаңыз деп, қысқа ақпаратпен бөлісейін.

https://instagram.com/stories/almatzhai/2660801219809552061?utm_source=ig_story_item_share&utm_medium=copy_link

Немесе мына сілтемеге өтіп, ақпаратпен таныса аласыз
https://bit.ly/3ambCsy

Құрметпен

Алмат Жайлаубаев
378 viewsAlmat Zhailaubayev, 02:11
Ашу / Түсініктеме
2021-08-29 15:18:08 АҚША - МИКРОСКОП

Ақша – микроскоп сияқты. Түпсананың түбінде не жатқанын көрсетеді. Адамның шынайы жүзі күн бетіне шығады. Мысалы ақша көбейсе кей адамдар ашына [любовница] тауып, екінші әйел алып, құтыра бастайды. Демек ол адамның түпсанасында әйелқұмарлық жатқан.

Кейбіреуде тәкаппарлық пайда болады. Негізі пайда болмайды, ол оның түпсанасында бар болатын, тек ақша сол нәрсені қоздырады. Ал басқа кісіде жомарттық, шүкіршілік, мейірімділік арта бастайды.

Сондықтан түпсанаңыздың түбінде не жатқанын біліп алу керек. Бұл оңай шаруа емес. Өйткені ата-ана, туысқан, достар мен айналамыздың, онымен қоса көрген мультфильм мен кинолардың миға әбден сіңіріп, тастай қатырған бұрыс нәрселерін тауып, оларды дұрыс жаққа өзгерту керек. Кәдімгідей қан мен тер.

Негізі барлық бәле ақшада дейді. Дұрыс емес. Барлық бәле ақшаны құдайдай сүйгеннен шығады. Ақшаға тек ақша ретінде қарай білу керек. Әрине ақшаның көп болғаны жақсы.
Сол себепті ақшаға деген қарым-қатынасты біліп алған жөн. Әйтпесе өз түпсанамыздан таяқ жеп жүреміз.

Адамдардың 95 пайызында ақшаға деген құштарлық бар. Сондықтан мақсаттары көп ақша табу болып кеткен. Негізгі мақсат - өз сүйген ісімен айналысу болу керек қой. Ақша болса сол мақсатқа жетудің құралы. Яғни ақша дегеніміз ат. Оны тізгіндеп, мініп алу қажет. Сөйтіп әлгі мақсатқа қарай шаба жөнелеміз.

Әрдайым проблеманың көрінбейтін жағына мән беру керек. Көрінбейтін жағы – ол біздің түпсанамыз. Тоғыз сөздің тобықтай түйіні түпсанаңызбен жұмыс жасаңыз.

https://t.me/almatzhai
466 viewsAlmat Zhailaubayev, 12:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 07:37:56 Шал мен бала

Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.

Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.

— Рақмет, балам!

Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.

Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.

Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.

Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.

— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.

Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.

— Балам, сен қай баласың?

— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.

— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?

— Жақсы оқиды.

Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па?

— Жоқ.

— Міне, солай болу керек. Тәртіпті болып, жақсы оқу керек, — деп шал баланың қолтығында әңгіме соғып келеді.— Осында, біздің көшеде тәртіпсіз балалар да жоқ емес. Бөтен біреудің бауынан шие ұрлайды. Шиенің өзін ғана үзіп алса, ештеме емес қой. Ағаштың бұтағымен қоса сындырып әкетеді. Әнеукүнгі біреуін аңдып тұрып, ағашқа енді өрмелей бергенде ұстап алайын деп едім. Секіріп түсіп, ұстатпай кетті. Мына сен секілді ақылды бастар оларға айтуларың керек. Бұл істеп жүргенің тәртіптілікке жатпайды. Ұят қылық! Ұрлық істеу — ол жақсы адамның кәсібі емес деп ұялтып, қызартуларың керек. Солай емес пе?

— Иә, — деп бала міңгір еткен болды.

Осы кезде бұлардың алдынан бір бала қараңдап шыға келді. Ол шалдың немересі Саша еді. Атасын күтіп алмақ болып, трамвай аялдамасына қарай кетіп бара жатқан.

Үшеуі шалдың үйіне дейін бірге жүріп келді.

— Ал, ата, қош болыңыз, — деп тақыр бас бала шалға қош айтысты.

Рақмет, балам. Саған көп рақмет. Сен болмағанда мен көшедегі мына шалшық сулардың талайының басын мыжитын едім. Жасың ұзақ болсын, шырағым.

Осы кезде шалдың немересі күліп:

— Ата, сіз әнеугүні бұны құйрыққа оңдырмай ұрып жіберіпсіз ғой? — деді.

— Қашан?

— Әнеугүні, шие үзейін деп жатқанда.

Шалдық үні бітіп қалғандай болды. Тақыр бас балаға тесіле қарап тұр.

— Әй, сол сен бе едің?

— Иә, мен едім, атай. Сіз сонда оңдырмадыңыз мені.

Баланы шал құшақтап, бауырына қысты:

— Кешір, айналайын. Мен сені ұрайын деп ұрған жоқпын ғой. Өзіңнен болды. Тұра қашпай-ақ кетсең де... Кешірім сұрасаң да, тимейтін едім ғой.

— Ата, сіз де кешіріңіз.

Үйге келгеннен кейін шал немересінен сұрап отыр.

— Аты кім жаңағы баланың?

— Аты Мәулен.

— Сабақты қалай оқиды?

— Класымыздағы ең бірінші отличнигіміз, — деді Саша.

— Қап, бекер ұрған екем. Бәсе, сондай үлгілі бала екені білініп тұр. Сотанақ бала болса, сол таяқ жеген бетінде менімен өштесіп кетер еді ғой. Ал мынаны қарашы. Қайта маған жақсылық істеп, балшыққа түсірмей, үйіме ертіп әкеле жатыр. Дегенмен, көргендінің аты көргенді - ау, шіркін. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі ғой. Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі ғой» деп халық тегін айтты дейсің бе! [Бердібек Соқпақбаев]

Осы әңгімеден көп фишка мен инсайт шығаруымызға болады достар. Қазір адамгершілік бірінші орында. Сіз қалай ойлайсыз?
434 viewsAlmat Zhailaubayev, 04:37
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 00:20:15 Достар, астындағы сілтемеге өтпес бұрын:

- Қалам мен қағаз алыңыз.
- Зейін қойып тыңдаңыз.
- Өміріңізді өзгертер фишкалар мен инсайттарды түртіп алыңыз.
- 2-3 рет қайта тыңдаңыз.
- Түртіп алған фишкалар мен инсайттарыңызды бірден іс жүзіне асырып кетіңіз.

Сілтеме міне:

https://www.instagram.com/tv/CSR3EaeBgJP/?utm_medium=copy_link

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достар!
56 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  21:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 22:50:54
Достар, осы видеодағы 1 кеңесті ұстансаңыз, өміріңіз мәнді, айналаңыз сәнді болмақ! Бірақ бұл кеңесті адамдардың 1-3%-ы ғана істей алады. Таңдау сізде.
134 viewsAlmat Zhailaubayev, 19:50
Ашу / Түсініктеме