Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-02-21 20:03:54 Сәлем, достар!

Аллаға шүкір, “МенТор” кітабына беріп жатқан қолдауларыңыз сезілуде. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен хабарласып, тапсырыс беріп жатыр. Таратып, тапсырыс беріп жатқандарыңыз үшін мың алғыс!

Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында елімізге пайдалы бір туынды болсын! [Әмин]

Егер тапсырыс берем десеңіз, астындағы сілтемеге өтіп, 3-ақ сұраққа жауап жазып кетсеңіз. Сізге өзіміз хабарласамыз.

1 минут уақытыңыз кетеді, бірақ мың динардан қымбат ілім алу мүмкіндігіне ие боласыз!

Сілтеме

https://bit.ly/3BCBkoy

Қолдауларыңыз үшін Аллам разы болсын!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын, достым!
272 viewsAlmat Zhailaubayev, 17:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 07:13:17 ​​ Өзім жайлы бір-екі сөз

Жасым 35-те. Аллаға шүкір, осы жасыма дейін 15 ел аралап, 4 елде қызмет атқарыппын. Үздіксіз үйрену деп әлі күнге дейін білім алып келем. Өйткені үйрену - мен үшін рахат бір сезім, ал үйренген дүниеммен бөлісу өмірлік миссиям десем де болады.

Сонау 2006 жылы «Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің» менеджмент мамандығын тәмамдаған кезімде, адамның ойлау қабілеті мен өмірін түбегейлі өзгертуі, сана мен түпсана жайлы тақырыпқа қызыға бастадым. «Ибраһим» сүресінде: «Ол сендерге өзінен сұрағанның бәрін берді» - делінгендей 2,5 жыл тоқтамай дайындалып, Түркияның «Bogazici» университетіне түстім. Ыстамбұл қаласында білім алып, елге қызмет ету мақсатында қайта оралдым.

2010 жылы Түркияның сол кездегі ең мықты «Kaynak» атты холдингінің Қазақстан филиалында қаржы директоры, артынша басқарушы директоры болып істедім. Адам ұзақ уақыт бойы не жайлы көп ойласа, соған айналады дейтін сөз рас. АҚШ-қа баруды армандаған шығарсыз. Менің де арманым еді. 2012 жылы алғаш АҚШ-қа сапар шегіп, Нью-Йоркты көріп келдім. Осы жылы Мәскеуде танымал бизнесмендермен кездесіп, Ташкентте бірге бизнес аштық. Компаниямыз «Atlantic Group» деп аталды. Ресей, Әзербайжан мен Өзбекстанның атақты бизнесмендерімен осылайша серіктес болдым. Ол кісілермен әлі күнге дейін қарым-қатынастамын.

Осы аралықта Сүлеймен Демирел атындағы университетте менеджмент мамандығының магистранты атандым. Оқып жүріп қаржы және экономика пәндерінен 1 жыл бойы келіп-кетіп жүріп сабақ та бердім. Білімімді әрдайым арттырып отырмасам, өзімді артта қалып бара жатқандай сезінем.

2016 жылы Бостон қаласына біліктілігімді арттыру мақсатымен сапарға шықтым. Сол жерде Гарвард университетінің магистранты Жанат досыммен бірігіп «Ivy Standard» негізін Бостонда қаладық. Талай оқушылар мен бизнес саласындағы адамдарға осылайша көмектесіп келеміз. Осы компаниямызбен Қазақстанда алғаш рет “Ivy League Tour” жасадық, яғни АҚШ-тағы ең мықты оқу орындарымен бірге керемет қалаларды көрсеттік. Сөйтіп жанұяммен 1 жыл тұрып, білімімді арттырып, Қазақстанға оралдым.

2017 жылы «Білім Инновация» және «Білім орда» Халықаралық Қоғамдық қорларының қаржы вице-президенті болған едім. Білім саласында тер төгіп, сол кездегі білім министрінен алғыс хат та алған болатынмын.

2019 жылы Африка еліне, нақты айтатын болсам Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада Германияның «Stem Education» PLC компаниясында қаржы директоры болдым. Африка елі мүлдем басқа әлем ғой. Көкжиегім кеңейіп, жүрегім жұмсарған тұстар еді.

Позитив қалпымда табандылық танытып, өзімді өндіріс саласында сынап көргім келді. Осылайша 2020 жылы «Акнур Кабель» өндіріс компаниясында басқарушы болып тағайындалдым. Жаңа серпін, жаңа мүмкіндік пен шабыттың арқасында 1 жылдың ішінде Қазақстанда өз саласының 3-орын алатын өндіріс орнына айналды.

Басымды түрлі шектеулермен шырмап тастамай, еркін ойлау, дұрыс зейін мен еңбек арқасында 2021 жылы «INJU» баспасын аштық. Заман талабына сай бизнесімді басқару мақсатымен АҚШ-тың Бостон қаласында орналасқан «Northeastern» университетінде оқуды бастап та кеттім. Сонымен қатар кітап жазуды да қолға алдым. Міне, Алланың қалауымен жарыққа шыққалы отырған «МенТор» кітабын Мұхиддин Исаұлы ұстазбен бірге жазып шықтық. Алдыңғы жазбаларымда аталмыш кітап туралы ақпарат берген болатынмын: https://t.me/almatzhai/137

Құрметті оқырман, өзім туралы қысқаша таныстырып кетудегі мақсатым – сіздерге өзімді таныстыру және әйтеуір бір кісіге болса да шабыт берсе екен деген ой.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болғай!

https://t.me/almatzhai
285 viewsAlmatzhai, edited  04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 20:23:27 БҰЛ пост ертең жойылады

Достар, сәлем!

Мен бір қате жіберіппін. Өзімді сіздерге таныстырмаппын. Оқырмандарымның көбі менің кім екенімді білмейді екен. Сол үшін оқырмандарыма өзімді таныстыру мақсатында ертең өзім жайлы бір-екі ауыз сөз жариялаймын.

Негізі маңыздысы мен емес, жазбаларым пайдалы болса болғаны деп ойлағам басында. Бірақ көп адам жекеме шығып, көп нәрселер жазды. Содан байқағаным: мені вообще білмейді екен. Сондықтан ертең күтіңіздер.

Ал әзірге сіз өзіңіз жайлы айта отырыңыз . Танысайық

Құрметпен.
203 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  17:23
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 20:06:46 ​​$1,000,000’дан қымбат ілім.

Бұл дүние кітапсыз бос болар еді. Сол үшін 35-50 жылдық тәжірибемізді кітапқа түсірдік. Мұхитдин Исаұлы ұстазбен бірге МЕНТОР деген кітап жаздық. Ментор дегеніміз не немесе кім?

Ментор-дың әуелгі мағынасы тәлімгер болғанымен, екінші астарлы мағынасы - Мен-Тор, яғни өзіме - өзім тормын деген мағынаны білдіреді. Иә, сіз ойлап отырғандай, адам өзіне шектеу жасап, торға шырмалып шыға алмай жатады. Тордан шығам деп тырысып, қимылдаған сайын одан әрі шырмала түседі.

Сол шырмаудан шығарар, түсінікті тілмен айтар болсақ, лабиринттен шығарар бір жолбасшы, тәлімгер яғни, МЕНТОР керек. Олай болса, Мен-Тор - адамның өзіне жасап алған шектеуі болса, екінші мағынасы - тәжірибелі тәлімгер, ұстаз, кеңесші, яғни МЕНТОР.

МЕНТОР кітабы – мың динардан да қымбат ілім ұсынбақ. Өйткені күнделікті қайталана беретін ақпарат пен жағдайлардан, адамның ықпалынан өзіңізді шырмалған Торда жүргендей сезінесіз бе?! Ол Тордан Жаратушы бойыңызға дарытқан қасиеттерді танып, әрі дұрыс қолдана отырып қана шыға аласыз. Қолыңыздағы бұл еңбек тұлғалық даму техникалары мен формулаларын қамтыған, әрі өз ісіне қалай ғашық болу мен алғырлықты насихаттайды.

Бұл туынды даму мен кемелденуді қалайтын, бай санаға ие болғысы келетін оқырманға арналған. Сонымен қатар бұл кітап адамның өзін табуына, эмоциялық жүктерден арылуға, қиындатпауға және әдептен озбауға шақырады.

Осы кітап әрдайым қасыңызда кішігірім бір МЕНТОР-ыңыз болсын деген ниетпен! Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болғай.

Кітапқа тапсырысты мына сілтеме арқылы бере аласыз:
http://mentorkitap.kz

Қолдауыңызды күтем, достым!
Рақмет!
356 viewsAlmatzhai, edited  17:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-15 17:40:34 Сәлем, достар! Алғашқы кітабым шықты! Алдын ала тапсырыс беру басталды. Қолдауларыңызды күтемін!
667 viewsAlmat Zhailaubayev, 14:40
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 22:32:55 Сәлем, сонымен көптен күткен кітабымыз баспаға дайын!

Елімізге +1 кітап! Қолдауларыңызды күтем! Рақмет

bit.ly/3rgfrIe
146 viewsAlmat Zhailaubayev, 19:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 03:39:45 70% проблемаңызды шешетін 7 қарапайым әдет

2022 жылды мүмкіндіктер жылы деп атадым. Ендеше даму мен кемелдену жолындағы сапарды тоқтатпаған жөн. Өйткені алдыдан шығар мүмкіндікті тек дайын болған адам ғана пайдалана алады. Дайын болу үшін дұрыс әдеттер қалыптастыруды қолға алу керек. Бүгінгі жазбам 70% проблемаңызды шешетін 7 қарапайым әдет туралы болмақ.

1-ӘДЕТ: Өзіңізге тән “таңғы рәсіміңіз” болсын.

Күніңіз берекелі болсын десеңіз ЕРТЕ ТҰРЫҢЫЗ. “Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, кеш шықсаң алдыңнан түн шығады” “Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” “Ерте тұрған елден озар” “Ерте жат та, ерте тұр, Бір піспекті артық ұр”! Сондықтан 5:00-де тұрудан бастаңыз. Қиналуыңыз мүмкін, бірақ өлмейсіз. Осы уақытқа дейін ерте тұрып өліпті деген адам естімеппін.

Ми мен дененің саулығы үшін ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ өте маңызды. Кемінде 15 минут болғаны дұрыс. YouTube-те сан алуан жаттығу түрлері бар. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай таңдап алыңыз.

Адамдар медитация деп жатады, мен БОСАҢСУ деймін. Кемінде 10 минут ештеңеге алаңдамай, ешнәрсе ойламай, терең тыныс алып, босаңсу күйін кешіңіз. Сылдыр су мен оттың сытыр үнін, немесе орман мен құстардың дауысын қосып қойса да болады.

КІТАП ОҚУ. 20-30 минут кітап оқу өте маңызды. Әр уақытымыз санаулы. Сол санаулы уақыт берекелі болсын десеңіз, кітап досыңыз болсын. Кітапсыз бұл дүние бос болар еді. Кітап оқудың маңызы болмаса, Құран кітап ретінде түсер ме еді?!

Неғұрлым таңғы рәсімді көп жасаған сайын, соғұрлым өмір гүлденіп, құлпыра түседі екен.

2-ӘДЕТ: Әлеуметтік желіні азайту.

Телефонға үңіліп отырған уақытты санап көріңіз. Не өзіңізге, не өзгеге пайдасы жоқ өмірдің бос кеткен уақыттары. Соған байланысты Инстаграм, Фейсбук, ТикТок дегендерді азайту керек. “Күн сайын 30 минут қана қараймын” деп, телефонда шектеу қойған дұрыс. Сонда уақыт табылып, өзіңізді дамытатын, ақша әкелетін істерді жасай бастайсыз. Ең болмаса күн сайын 2 сағат телефонсыз пайдалы іс жасап көруге тырысыңыз.

3-ӘДЕТ: Жасалуы парыз істеріңіз болсын.

Өліп бара жатсаңыз да жасауыңыз керек тапсырмалар мен істерңіздің болуы деген сөз. Күн сайын жасалмаса болмайтын, өзіңізге ПАРЫЗ етіп алған істердің мысалын келтірейік: [әркім өз ыңғайына қарай жасап алғаны абзал, бұл мысал ғана]


Таңғы уақыттағы жасалуы парыз істер:
15 минут жаттығу;
10 минут босаңсу;
Суық душқа түсу;
30 минут жазу…

Кешкі уақыттағы жасалуы парыз істер:
Ұйықтар алдында 1 сағат бойы телефон, телевизор, компьютер қарамау;
Жатар алдында 2 сағат бойы ешнәрсе жемеу;
30 минут кітап оқу…

4-ӘДЕТ: 5 минут заңын еңгізу.

5 минут заңы - егер бір іске 5 минут немесе одан да аз уақыт кететін болса, бірден жасаңыз. Аяқтауға 5 минуттан аз уақыт істерді дереу жасап тастаған дұрыс. Кейінге қалған іс, болмайтын іс деген сөз. Осы қарапайым әдетті қалыптастыру арқылы кейінге қалатын істер мен стресстердің алдын алған боласыз.

5-ӘДЕТ: Сапалы демалу.

Егер әрдайым шаршап жүрсеңіз, өмірден ләззат ала алмайсыз деген сөз. Одан кейін ашуланшақ болып, зейініңіз шашыраңқы болады. Сондықтан демалу маңызды. Істеріңізді жақсы атқару үшін денеңіз бен миыңыз жақсы тынығуы керек. Сапалы демалудың жолдарын іздестіріңіз. Мысалы: 22:00-де жатып, 5:00-де тұру - өте пайдалы. Сонымен қатар түсте тамақтан кейін 45 минут мызғып алсаңыз тіпті керемет. Немесе тұратын қалаңыздың ауасы лас болса, ауа тазартып, ылғалдандырып тұратын құрылғы жататын бөлмеге қойып қою қажет.

6-ӘДЕТ: Істерді 80/20 заңдылығымен жасау.

Энергия мен уақытыңыздың көп бөлігін өміріңізді жақсартатын және өнімділікті арттыратын істерге жұмсаңыз. Яғни 20% күш жұмсап, 80% нәтиже алудың жолдарын қарастырыңыз. Сонда бос уақыт деген әңгіме болмайды.

7-ӘДЕТ: Ертеңгі күніңді бүгін жоспарлау.

Жатар алдында ертеңгі күніңізді жоспарлауды әдетке айналдырыңыз. Жоспарларды қағаз бетіне жазып, миыңызды босатыңыз. Сонда жоғарыда айтылған демалу да сапалы болары анық. Таң ертеңгі жоспарыңызға керекті нәрселерді де дайындап қойыңыз. Дайын тұрған нәрсеге бәрі құмар, ми да қиналмайды.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!

https://t.me/almatzhai
887 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  00:39
Ашу / Түсініктеме
2021-12-26 20:54:24 ​​Достар, осы апта АҚШ-қа Бостон қаласына келдім. Білім алуға АҚШ-тың ең қымбат қалаларының бірі саналатын Бостонда оқимын.

АҚШ-қа келем деп көп адамдар қымбат компанияларға ұрынып қалып жатыр. Көптеген адам 1,000,000 Теңгеден көп ақша төлеп, АҚШ-қа виза алалмай жүргендер бірталай жазды маған.

Сондықтан, уақыт пен энергияны үнемдеп, керекті кісілерге бәріне бірден көмектесейін деп шештім. Дегенмен “Тегін берген ілімнің тегі болмас” - деп қазақ бекер айтпаса керек. Сол үшін аз ғана ақшаға вебинарға қатысып, 1,000,000 Теңгеңізді үнемдеңіз!

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы ала аласыз: https://wa.me/message/NLXXHWCO2KGGG1

Ал вебинарда кездескенше!
229 viewsAlmatzhai, 17:54
Ашу / Түсініктеме