Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2021-06-24 13:40:14 Алмат Жайлаубаев pinned « АҚШ, Ағылшын, IELTS, DuoLingo! Бір жыл бойы АҚШ-қа дайындық менторлығын жасадым. Аллаға шүкір, шәкірттерімнің бәрі түсті. (Тек бір шәкіртім ғана АҚШ-қа бару ойын өзгертті.) Басында ағылшын тілдері мәз емес еді. Қажетті установка мен нәтижелі курстан кейін…»
10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 13:04:43 Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы)
Оқу ұзақтығы 1 минут.

Алдыңғы тақырыптарды оқуға кеңес беремін.

Бүгін де екеуін бірден жазуды ұйғардым. Кеттік.

5. Мақсатыңыз жолында жанқиярлыққа дайынсыз ба?

Ұлы отан соғысында ата-апаларымыз Отанымыз үшін жандарын пида етіп, жеңіске жетті.

Яғни, мақсатыңыз жолында жанқиярлық танытпай, нәпсіңізге жағымды нәрселерді құрбандыққа шалмай діттеген мақсатыңызға жету – арман.

Қалаған уақытта, қалаған тағамды жеу арқылы салмақ тастай алмайсыз. Мақсатыңыз жолында қандай нәрседен бас тарту керектігін анықтап алыңыз.

Одан кейін, бас тартатын нәрсеңізге қарай өзіңізді дайындай беріңіз.

Мысалы үшін: Гарвардқа түсу үшін - көп тамақ жеуден, көп ұйықтаудан, қыдырудан, достармен кездесуден, тойларға барудан, дайындығыңыз жолындағы кедергілерден бас тартуға дайынсыз ба?

Отанын қорғау үшін ата-бабаларымыз жанын пида етті. Мақсатыңыз жолында сіз нені пида етуге дайынсыз?

Жазып шығыңыз!

6. Дағдыларыңызды бақылаңыз!

Мақсатқа жетудің негізін қалайтын ең басты нәрсе – сіздің дағдыларыңыз (әдеттеріңіз).

Бір күні бүк, екінші күні шік болу – сізді артқа тартады. Ал дағдыларыңыз сізді күн сайын мәреңізге қарай бір қадам жақындатып отыруы керек.

Мақсатқа жеткізер дағдыларды қалыптастырып, оларды күнделікті қадағалап отыру үшін “Coach.me”, “Way of Life” немесе “HabitBull” сияқты қосымшалардың біреуін телефоныңызға жүктеп алыңыз.

Бұл қосымшалар - көздеген мақсатыңызды жазып, күн сайынғы прогресті бақылап отыруға жәрдемші болады!

Процестен ләззат алуды қалыптастырады. Енді бұл бөлек тақырып.

Жалғасы бар.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
402 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  10:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 10:58:14 Алмат Жайлаубаев pinned «АҚШ, Ағылшын, IELTS, DuoLingo! Бір жыл бойы АҚШ-қа дайындық менторлығын жасадым. Аллаға шүкір, шәкірттерімнің бәрі түсті. (Тек бір шәкіртім ғана АҚШ-қа бару ойын өзгертті.) Басында ағылшын тілдері мәз емес еді. Қажетті установка мен нәтижелі курстан кейін…»
07:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 06:36:34 Мақсатыңыз бар ма? (Жалғасы)
Оқу ұзақтығы 1 минут.

Алдыңғы тақырыптарды оқуға кеңес беремін.

Бүгін екеуін бірден жазуды ұйғардым. Кеттік.

3. Мақсатыңыз биік болсын!

Өзіңізді аяп, қорқақтық танытқанша, керек кезде тәуекелге баруды да білген жөн.

Сол үшін ішіміздегі күмән мен шектеулерден арылып, тек мақсатқа жету жолдарын ойлағанымыз абзал.

«Көпшілігіміз үшін үлкен қауіптің бірі – бұл мақсатымыздың тым жоғары болып, жете алмайтындығымызда емес. Керісінше тым төмен болып, оңай жетуімізде», – депті дарынды Микеланджело.

Сондықтан болса керек үлкен мақсат қоюдан қорқып жатамыз. «Егер жете алмасам ше», «босқа уақытымды неге құртам», «ел не дейді» деген сияқты бастағы теріс ойлар бізді тежейді де тұрады.

Бастағы күмән, үрей және кедергі беретін ойларды өшіріп тастаңыз да, биік шыңдарды көздеңіз. (Оңай жететін мақсаттарды емес, жетуі өте-өте қиын мақсаттарды жазыңыз.)

Ps. Алла Тағала біз сұрамасақ та сансыз нығметтер мен дүниелер берген. Енді ықыласпен сұрасақ неге бермейді деп ойлайсыз? Күмән болмасын!

“Сұраңдар, берейін” - дейді Құранда. Сол үшін әрекет бізден, нәтиже Алладан!

4. Мерзімін белгілеңіз!

Әр жазған мақсаттарыңыздың қасына қашан қол жеткізетініңізді де белгілеп қойыңыз. Өйткені, «әйтеуір бір күні жетермін мақсатыма» деу – мақсатыңыз жолында әрекет етуден алыстатады.

Егер Гарвард Университетіне түскіңіз келсе, қай жылы түсетініңізді күнтізбеге енгізіп қойыңыз.

Мысал келтірейік:

“1-ші Қыркүйек 2023-ші жылы Гарвард Университетінде «Менеджмент» мамандығында оқуды бастадым”.

Осылай істемесеңіз, не жоспар, не әрекет жасамайсыз. Дайындалу да қиынға соғады.

Күнтізбедегі дедлайн (уақыт) сізді әрекетке итермелеп, жүйелі түрде дайындалуға себеп болары анық.

Жалғасы бар.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
656 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  03:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-22 06:10:53 Мақсатыңыз бар ма? (жалғасы)
Оқу ұзақтығы 30 секунд.

Кеше мақсатты белгілеп, жазу керектігін жаздық. Бүгінгі тақырып:

2. Нақтылық.

Пабло Пикассо:

«Мақсатымызға дұрыс жоспарлармен ғана жетуге болады!

Тек жететінімізге сеніміміз мол, жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Табысқа жетудің басқа жолы жоқ» – дейді.

Әуежайға бармас бұрын қайда ұшатыныңызды айқындап аласыз. Сол сияқты жоспар жасау үшін алдымен нақты не істейсіз және неге қол жеткізесіз, соны біліп алуыңыз шарт.

Яғни, арықтағыңыз келсе, нақты қанша келі тастайтыныңызды білуіңіз керек. Егер қаржылай еркіндікке қол жеткізгіңіз келсе, нақты қанша ақша керектігін есептеп алыңыз.

Бәрін қағаз бетіне түсіріңіз!

Тақырып күн өткен сайын қыза түседі. Жалғасын күтіңіз
662 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  03:10
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 06:53:01 Алмат Жайлаубаев pinned «АҚШ, Ағылшын, IELTS, DuoLingo! Бір жыл бойы АҚШ-қа дайындық менторлығын жасадым. Аллаға шүкір, шәкірттерімнің бәрі түсті. (Тек бір шәкіртім ғана АҚШ-қа бару ойын өзгертті.) Басында ағылшын тілдері мәз емес еді. Қажетті установка мен нәтижелі курстан кейін…»
03:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-21 06:45:46 Мақсатыңыз бар ма?

[Жетістікке жетелер мақсат қоя білу өнері]

Уикипедияда мақсатты былай сипаттаған екен: «белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі».

Демек, діттеген мақсатымызға жету үшін әрекет етуіміз керек. Әйтпесе ой-санадағы көрініс болып қала береді.

Егер өмірлік мақсатыңыз болмаса, бірден табуға тырысыңыз.

Тіпті бұл өмірде не істеріңізді білмей жүрсеңіз, ең болмағанда, не қалайтыныңызды, не істегіңіз келетінін табу жолында мақсатыңыз болсын. Қандай болса да, әйтеуір мақсатсыз жүруден жақсы.

Қол қусырып, келешекте “бәрі жақсы болады” - деп, құр үміттеніп отырмас үшін, өзімізге МАҚСАТ қоюымыз қажет. Өйткені әрекетсіз құр үміт – шешім емес!

Өткен мақаламдағы «Алғырдың 6 қасиетін» [https://t.me/almatzhai/88] бойыңызға сіңіріп, 8 қадамда табысқа жетуге көмектесетін мақсат қоюдың әдістерін үйреніңіз.

8 күн бойы біртіндеп, жазып отырамын. Бірге болыңыз.

Ал біріншісін бүгін бастайық. Кеттік.

1. Мақсатыңызды белгілеп алыңыз.

Мақсат қоярдың алдында, көш жүре түзелетінін естен шығармаңыз. Процесті қиындатпай, керісінше оңайлатыңыз. Мақсат қою біз ойлағандай аса қиын емес.

Жасағыңыз келетін бір нәрсе жайында ойлайсыз да, соны іс жүзіне асыруға бел байлайсыз. Бар болғаны осы. Бірақ қағаз бетіне түсіруді ұмытпаңыз.

Эверест шыңын алғаш бағындырған Эдмунд Хиллари не дейтінін қараңыз:

«Белгілі бір істерді жасау үшін және бәсекеде алда болу үшін «Супер Герой» болудың қажеті жоқ. Қарапайым бір пенде болсаңыз жеткілікті. Тек биік мақсаттарды бағындыру үшін жеткілікті мотивацияңыздың болуы шарт.»

Жалғасы ертең.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
931 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  03:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 18:56:29 Алмат Жайлаубаев pinned «Алғырдың 6 қасиеті: Кез келген қабілетті тез үйреніңіз. ХХІ ғасырдың ең маңызды қасиеттерінің бірі – кез келген қабілетті жылдам үйрену болып саналады. Өйткені технологиялық өзгерістер дәуірінде, әр уақыт алда болу үшін, толассыз даму мен кемелдену үстінде…»
15:56
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 18:00:29 АҚШ, Ағылшын, IELTS, DuoLingo!

Бір жыл бойы АҚШ-қа дайындық менторлығын жасадым. Аллаға шүкір, шәкірттерімнің бәрі түсті. (Тек бір шәкіртім ғана АҚШ-қа бару ойын өзгертті.)

Басында ағылшын тілдері мәз емес еді. Қажетті установка мен нәтижелі курстан кейін бәрі дерлік университетке түсті.

Енді биыл тапсыратын шәкіртім де бар. 10-сынып оқушысы. Ол да бір дегенде DuoLingo English Test’тен 110 алды. Бұл деген Бостон университетінің магистратурасына түсетін балл.

Инстаграм парақшамда бәрінің баллдарын жариялап отырдым. Мысалы тағы бір шәкіртім 125 балл алды. АҚШ-тың ең жақсы 2 оқу орнына бірден түсті!

Курс бастан-аяқ онлайн болды. Бәрін өздері жасады. Өзіне деген сенімдері керемет өсті!

Жауапкершілікті мойнына ала алатын, қиындықтан қашпайтын, отаны үшін жанын аямайтын шәкірттердің ұстазы болу - мен үшін үлкен мәртебе.

Қазір инстаграм мен ютуб’та курстар толып жатыр. Соның ішіндегі шамалы сапалыларының бағасы мынандай екен:

Қазір көпшілік Ағылшын тілі курсына онлайн ай сайын: 19.000-45.000 Тг. төлеп оқып жатыр. 3 айға өзіңіз есептеңіз.

Одан кейін IELTS курсына 30.000-80.000 Тг ай сайын төлеп, онлайн оқып жатыр. 3 айға өзіңіз есептеңіз.

Сол үшін, шәкірттерім дайындалған IELTS курсымен бөлісуді жөн көріп отырмын.

Ал енді ағылшын тілі деңгейі Pre-Intermediate болып, IELTS немесе Duo Lingo English Test экзаменін тапсырғысы келген адамның құлағына алтын сырға.

90.000 Теңгеге жуық тұратын онлайн IELTS курсын, не бары 20.000 Теңгеге ала аласыз. Тағы бомба бір нәрсе: 6 ай бойы доступ ашық болады!

Бар болғаны 20.000 Теңге төлеп, ең керемет онлайн IELTS курсына 6 ай бойы дайындала аласыз.

Онлайн курс тек қана ағылшын тілінде! Менің өзім осы курспен дайындалдым. Тиімділігінде сөз жоқ. Өйткені дайындалған адамның бәрі АҚШ университеттеріне оқуға түсті.

IELTS тапсырам деген таныстарыңыз болса, таптырмас мүмкіндік! Бөлісіңіздер, достарым.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
896 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  15:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-13 19:35:19 Алмат Жайлаубаев pinned «​​Ағылшын тілін тез үйрен! Жаңалықтар, ғылыми мақалалар, жаңа туындылар және инновациялар қай елден шығып жатыр? Әрине басым көпшілігі АҚШ-тан. Дүниежүзілік бестселлерлер де сол елден. Демек, дамыймын деген әр адам ағылшын тілін үйренуі керек. Өйткені жер…»
16:35
Ашу / Түсініктеме