Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-05-03 07:33:59 “Тормоз” болмау.

Бұл жазбамды былтыр Шілде айында жазыппын. Ковидтен көп адам қайтыс болып жатқан кез болатын. Назарларыңызға ұсынамын.

Мектеп шағымда бір оқиға болды. Дискотека алдында жігіттер арасында бір ерегіс шыққан еді. Дәл сол сәтте біреу тапаншасын (пистолетін) біз жақтағы баланың басына тақайды.

Әлгі біреу сотталып келген қаныпезер болатын.
Біздің бала да мықты, қорқақ емес-тін. Дегенмен біздің батырдың тілі күрмеліп, сөйлей алмай қалды. Денесі сіресіп, қимылдауға шамасы келмей, терлеп кетті.

Бұны үрейден туындаған шок дейді екен. Қатты қорыққаннан адам “тормоз” болып қалады. Ойында тек сол кезден аман қалсам деген ой, болды!

Артыңыздан аю қуалағанын елестетіп көріңізші. Миыңыз үрейден тек сол аюдан құтылуды ғана ойлайды.

Дәл осы сияқты уайым-қайғы мен үрей - сіздің ойлау қабілетіңіз бен миыңыздың сансыз мүмкіндігін шектеп тастайды.

Мына қиын уақытта бойымызды үрей мен қорқыныш сезімі билеп, ойлау қабілеті тарылып, алыстан көре алмайтын (близорукость) ауруына шалдықтық. Сана-сезіміміз тірі қалу режиміне ауысып кетті.

Қанша қорықсақ та ажал келсе кетеміз. Сол үшін келешек пен өткенді ойлап, уайымдап, құр енергия жұмсаудың қажеті шамалы. Өткен өтті келмейді, келешек әлі келген жоқ.

Ең дұрысы қазіргі уақытты тиімді пайдалану. Ешнәрсеге алаңдамай, сана-сезімді тазалап, босаңсу режиміне өту. Күн сайын медитация жасап, мақсатымызға сай еңбек етіп, Аллаға тәуекел ету.

Тек тәуекел етіп қана қоймай, даму мен кемелдену жолында болу. Әр күніміз бізді өз мақсатымызға бір қадам жақындатуы керек.

Бәрі өткінші. Бұл кезең де өтеді. Сол үшін алдыңызға қойған мақсатты көре алмайтындай соқыр болудан құтылу керек. Арыстандай айбаттанып, бір сілкініп, қайта аңыңызға (мақсатыңызға) бет бұрыңыз!

Уа, Алла. Расында мен саған уайым қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан өзіңе сыйынамын деген дұға бекер болмаса керек!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болғай!

https://t.me/almatzhai
2.3K viewsAlmat Zhailaubayev, edited  04:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 21:28:21
Өмірде екі түрлі адам бар. Біреуі әрдайым жаман ойлап, тырнақ астынан кір іздейді. Ал біреуі әрқашан жақсы ойлап, өмірінен ләззат алады.

Сол екі адамды жәндіктермен салыстырайық. Жаман ойлайтын адам - шыбын тәріздес. Ал, жақсы ойлайтын кісі - ара секілді.

Шыбын - табиғатына сай қоқыспен қоректенеді. Жұпар иісті гүлдердің арасында жүрсе де, іздегені тезек.

Ал араның табиғаты гүлге құштар. Қоқыстың арасында жүрсе де, гүлді іздеп табады.

Ыбырай атамыз: “Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар” - демекші, неге ұмтылсақ, соған жетеміз.

Сол үшін таңдау өзімізде.

#түнгі_шабыт
1.9K viewsAlmat Zhailaubayev, edited  18:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 09:58:07 Гарвардтың іздеген адамы.


Әлемнің ең үздік оқу орнына дайындық – өмірге қажетті қабілеттерді дамытады.

Мысалы Гарвард университетін алайық. Бұл университетке түсу үшін мына талаптарды орындау керек:

1. Ағылшын тілін жетік білу [IELTS/TOEFL]. Басқа шет тілдерін білу - нұр үстіне нұр болмақ;

2. Ағылшын тілінде ойыңызды еркін жеткізіп, ғылыми тұрғыда қағаз бетіне түсіре алу;

3. Критакалық ойлау мен логикалық қабілеттің жоғары дәрежеде болуы;

4. SAT эмтиханынан жоғары балл алу;

5. Мектептегі үлгерімнің соңғы 3-4 жылда өте жақсы болуы;

6. Ресми, бейресми іс-шараларға белсенді түрде қатысу;

7. Пәндік олимпиядадан дүние жүзілік дәреже болса нұр үстіне нұр болмақ;

8. Бір спорт түрімен шұғылдану; (Дәреже болса керемет болады. Жалпы спортпен шұғылданатын баланың денсаулығы мықты, жаман әдеттерден аулақ болады.)

9. Бір музыкалық аспапта ойнау; (осындай қабілеттерге қатты қарайды, өйткені шығармашылық жағы қатты бағаланады.)

10. Халық алдында еркін сезініп, еркін сөйлей алу мен лидерлік қасиеттердің болуы;

Тағы осылай бұл тізім созыла береді. Дегенмен осылардың бәрін Гарвардтың қалағанындай дұрыс толтырып, дәлелдей алу керек.

Талаптарды орындаған баланың ең үздік оқу орнына түсу мүмкіндігі зор.

Сөз соңы. Гарвардқа дайындалу арқылы - нағыз өмірге шыңдалады. Ал, өмірге шыңдалған бала - “шымыр” болады. Гарвардтың іздеген адамы да осы!

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын.

https://t.me/almatzhai
2.1K viewsAlmat Zhailaubayev, edited  06:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 20:34:02
Қазағым кезінде айтып-айтып тастаған екен. Айтылған сөздер ойдан емес, өмірден алынғанына көзім жетіп жүр.

Қазір қара басының қамын ойлау шегіне жеткен заман ғой. Сол үшін де осы ғасырды менмендік ғасыры деген болар.

Мысалы үшін төмендегіні оқыңызшы.

“Өзімдікі дегенге,
Өгіз қара күшім бар.
Кісінікі дегенге,
Анау-мынау ісім бар”.

Өмірлік тәжірибені бір шумаққа сыйдыра салған ғой. Керемет!

Дегенмен өзінен гөрі өзгелерді көп ойлайтын жандардың да бар екеніне куәмін! Аллаға шүкір!

Ең бастысы Алладан басқа ешкімге мұқтаж етпесін бізді. Өйткені:

“Адамнан сұрағанның екі көзі шығады,
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады” - деген екен атам қазақ.

Екі мысалдан өзіме екі дәріс шығардым.

https://t.me/almatzhai
1.5K viewsAlmat Zhailaubayev, edited  17:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 04:55:25 “Лайфхактар”, “Мен әлемді көрмеймін сен сияқты” кітаптарының авторы Данияр Жігітбек мырзаның мақаласы. Қарапайым адам не үшін халыққа ұнайды, білесіз бе? Себебін іздеп көрдім. Меніңше, қарапайым адам – өзгенің қызғанышын қоздырмайтын адам. Ал жұрт әдетте…
1.0K viewsAlmat Zhailaubayev, edited  01:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 04:49:07 “Лайфхактар”, “Мен әлемді көрмеймін сен сияқты” кітаптарының авторы Данияр Жігітбек мырзаның мақаласы.

Қарапайым адам не үшін халыққа ұнайды, білесіз бе? Себебін іздеп көрдім. Меніңше, қарапайым адам – өзгенің қызғанышын қоздырмайтын адам.

Ал жұрт әдетте нені қызғанады. Өзгенің қолындағы материалдық игіліктерді қызғанады. Мысалы, көлік, үй, ақша, т.б.

"Адамдар сені жақсы көрсін десең, олардың қолындағы нәрсеге қызықпа, тәрк ет". Бұл – бір хадистің мағынасы. Дін мамандарынан толық түсіндірмесін сұрау керек.

"Адамдардың қолындағы нәрсе" дегенді материалдық игіліктер деп түсінемін. Олармен жарысып, "міне, қараңдар" дегендей барыңды көрсетуге тырыссаң, олардың қызғанышын қоздырасың.

Бұл "материалдық игіліктер жаман, оған ие болуға тырысу дұрыс емес" дегенді білдірмейді.

Дүниеңді көрсете берсең, өзгені қызғандырасың. Артық қызғаныш тудырмау үшін барыңды барынша жасыруың керек. Қарапайым адам – "жасыру өнерін" меңгерген адам.

Адал термен материалдық игіліктерге қол жеткізген сенде проблема жоқ. Проблема соны қызғанатын адамдарда.

Сол үшін олардың қызғанышын қоздырмауға тырысу керек. Рухани интеллект тұрғысынан қарасақ, қызғаныш араласқан тамсану – көз тиюдің бір себебі.

Дүниеңді көрсету бір басқа. Дүниең өзі көрінсе, бір басқа. Айырмасын байқап тұрсыз ба? Екі түрлі көрініс.

Мысалы, Инстаграмда дүниесін көрсететіндер көбірек. Бұл жұрт арасындағы қызғаныш концентрациясын арттырады.

Сөз соңы. Мен қарапайым болуды таңдадым. Қолымдағы материалдық игіліктерді барынша көрсетпеуге тырысам. Бұл өзімнің де, өзгенің де жүрегіне тыныштық сыйлайды.
883 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  01:49
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:57:03
759 viewsAlmat Zhailaubayev, 12:57
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 10:28:07
“АҚШ-тың қай қаласына барсам болады?” - деген сұрақтар көп қойылады.

Бәріне жеке-жеке жауап беру көп уақыт алады. Сол үшін осы жазуымды қысқа бір нұсқаулық ретінде жасап қояйын.

Ең бірінші баратын жеріңіздің қауіпсіздігіне қарау керек. Қылмыс жасалу пайызын көріңіз.

Сонымен қатар орташа жалақы/табыс мөлшерін, тұру шығынын (аренда көлемін), ауа райының қолайлығын зерттеп алыңыз.

Ол үшін сізге таптырмас бір сілтеме беремін. Сол сілтеме бойынша кез-келген мемлекет пен қаланың анализін шығара аласыз.

Numbeo.com

Ары қарай барып-бармау өз еркіңізде.

Құрметпен


https://t.me/almatzhai
852 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  07:28
Ашу / Түсініктеме