Get Mystery Box with random crypto!

Аз уақытта көп іс тындыруға көмекші 4 әдет. [Кейінге қалдыру | Алмат Жайлаубаев

Аз уақытта көп іс тындыруға көмекші 4 әдет.

[Кейінге қалдыру әдетімен алыспай, оны өз пайдаңызға қолдануды үйреніңіз.]

Аз уақыт ішінде көп іс жасағыңыз келсе, онда өмірлік қағидаңыздың былай болғаны дұрыс:

«Жылдам – бұл баяу, бірақ тұрақты түрде жасалатын іс. Аз болса да, дұрыс процесс - дұрыс нәтижеге жеткізеді.»

Көп адам өз уақыты мен күш-жігерін тиімсіз тайм-менеджмент әдістері мен пайдасы жоқ ақпараттарды оқумен жұмсап жібереді.

Мен де солардың біреуі едім. Әр жерден бір түрткілеп, соңында не істеп, не қойғанымды өзім түсінбей қалатынмын.

Мысалы: адам «қалай жазушы болуға болады» деген мақала мен кітаптар оқуға көптеген сағат жұмсағанша, отыра салып, жазуды бастап кетуі керек.

Өйткені көш жүре түзеледі. Әйтпесе, қазір неше түрлі әдістер мен жолдар толып жатыр. Ақпараттар астында көміліп қаласыз да, мақсаттан алыстап кетесіз.

Ең басты мәселе - пайдалы дағдыларды қалыптастыру!

Сонымен, аз уақытта көп іс тындыруға дайын болсаңыздар, психологиялық тұрғыдан күрделі деп саналатын 4 дағдыны қарастырайық.

1. Кейінге қалдыру әдетімен алыспай, оны кәдеге асыруды үйреніңіз.

Адам баласы маңызды істерді кейінге қалдырудан мәстір. Көп істер кейінге қалып, мүлдем істелмей жатады.

Уайымдамаңыз. Негізі бұл - табиғи, қалыпты жағдай. Өйткені миыңыздың ол іске деген қызығушылығын білдіреді.

Бір іске қаншалықты беріліп кетсеңіз де, алдыңыздан кейде сізді елең еткізетін бір нәрсе шыға қалады. [мысалы инстаграмнан келген хат дыбысы]. Әлгі істеп жатқан ісіңізді кейінге қалдыра салу ойы бірден бой көрсетеді.

Сондықтан, бірінші кезекте кейінге қалдыру, кешіктіруге байланысты көзқарасымыз бен ойымызды өзгертуіміз тиіс.

Маңызды істі кейінге қалдыратын адамның басты проблемасы - қалған істің кесірінен іштей өзімен жағымсыз (негативный) диалог құрып алады.

Мысалы үшін:

• Негізі менде бір проблема бар-ау деймін?! Неге адамдар сияқты бір іске зейін қойып, сол істі бітіре алмаймын?! Бастаған істерімнің бәрі аяқсыз қала береді.

• Істеймін деген істерім тағы да жайында қалды. Осы әдет менің түбіме жетеді-ау шамасы. Қатарымның бәрі менен баяғыда озып кетті.

• Қарашы, Айгерімге. Барлық ісіне үлгереді ғой, шіркін. Бір істі бастады ма, тәмамдап тастайды. Әттең, Айгерім сияқты темір тәртіпке ие болсам ғой!

Осындай өзін төмен, әлсіз санайтын жағымсыз ішкі диалогтар – адамның жан дүниесіне теріс сезімдердің екінші қабатын қалай бастайды.

Мысалы: өзіне әбден көңілі қалып, айналасындағылардан ұялып, өзін кінәлі сезіне бастайды. Осындай күйден кейін, кейінге қалдырудың әкесін танытады.

Қараңыз қалай:

Әлгі жағымсыз сезімдерді басу үшін немесе ұмыту үшін
нәпсіге жағымды,
пайдасыз ләззаттар мен уақытты құр кетіретін көңіл көтеретін нәрсеге көңіл бұрып жібереді. (Кино-сериал көру, ойын ойнау, әлеуметтік желілер, смартфон, өсек айту т.с.с).

Осылайша маңызды іс те, мақсат та, дамыту керек қабілеттер де ертеңге қала береді, қала береді.

Енді не істеу керек?

Жалғасы бар...