Get Mystery Box with random crypto!

Өзіме! ⠀ Проблема: Смартфонмен көп отырасың. Уақытың пайдасыз | Алмат Жайлаубаев

Өзіме!

Проблема:
Смартфонмен көп отырасың. Уақытың пайдасыз посттар мен стористер көрумен өтіп жатыр. Көзің құрып, миың әлсіреп барады.

Әрекет:
Смартфонды белгілі уақытта ғана ұста. Пайдасыз қосымшаларды өшір. Инстаграмда - пайдалы контенттерді ғана қара [шектеулі уақыт ішінде].
Көп кітап оқып, көп жаз! Жанұяңа көп уақыт бөл. Өмір қысқа. Мағыналы, сауапты істер көп жаса.

Проблема:
Аз қимылдап, көп жейсің. Көп ұйықтап, тәртіпсіз [дисциплинасыз] жүрсің.

Әрекет:
Күн сайын 10.000 қадам мақсатың болсын. Бұдан кейін тоймай жеуге тырыс. Көкеністер мен жеміс-жидек же. Сонда ұйқың да түзеле бастайды. Ерте тұрып, Алланың берер берекетін жіберіп алма!

Проблема:
Біреуден көмек күтіп, істердің жасалуын дәметіп жүресің.

Әрекет:
Ешкімге тәуелді болма! Сонда ешкімнен көмек сұрамайсың, дәметпейсің. Аллаға сеніп, өзің жасауға тырыс. Назарыңды толықтай аударып істеген істің - берекеті болады.

Қорытынды:
Осыларды жасасаң 70-80% проблема - өздігінен шешіледі. Сол үшін, кейінге қалдырмай қазір баста!

Ps. Өзіме айттым өсиет,
Алғым кеп жақсы қасиет.
Боламын десең керемет
Сен де жаса әрекет.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!