Get Mystery Box with random crypto!

Жетістікке жету жолындағы кеңестер: ♕1.Өз-өзіңді инвестицияла | Жеке күнделік / Мотивация

Жетістікке жету жолындағы кеңестер:

♕1.Өз-өзіңді инвестициялау. Күнделікті өзіңмен жұмыс жасау. Мінезіңнің теріс жақтарын, әлсіз жақтарын өзгерту әркімнің өз қолында.  Және де кез-келген жерден тапқан табысыңды пайда түседі-ау деген жерге салу, яғни кірісті реинвестициялау.

♕2.«Жоқ» деп айтып үйреніңіз!  Сіз «Жоқ» деп айтпасаңыз өзіңіздің уақытыңызды толық игере де, жұмыс істей де алмайсыз.

♕3.Өзгеге ұқсаудан аулақ болыңыз. Ешқашан өзгелердің пікіріне сүйеніп шешім қабылдамаңыз. Және де адам өзін басқаларға қарап емес, өзімен ғана салыстыруы керек.

♕4.Тез әрі жан-жақты ойланып шешім қабылдаңыз. Ұзақ ойланып уақыт созғанша жылдам мәселені талдап сізге пайдалы жақтарын, атап айтқанда «маған бұл істен пайда қандай?» және  «бұл жобадан қанша кіріс табам» деген секілді сұрақтар ғана сізді мазалауы қажет.

♕5. Алдын-ала келісім жүргізіңіз. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын төлемі жайлы, қаражат мәселесін келіскеніңіз абзал, әйтпесе сізді алдап соғып кету қаупі бар.

6. Ұсақ-түйек назардан тыс қалмасын. Үнемдеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізесіз.

7. Өз есебіңізден өмір сүріңіз. Ешкімнен қарыз алмаған абзал. Әсіресе, кредит әлі ешкімді байытқан емес. Кез-келген жұмысты, жобаны өз қаражатыңыздан бастаған дұрыс.

8. Әрдайым бірбеткей болу. Тіпті, аз қаражат пен айтқанынан қайтпайтын бірбейткелік, талпыныс үлкен нәтиже берері сөзсіз.

9. Дер кезінде ойыннан шыға білу. Сізге пайдасыз жұмыстардан, тіпті артқа сүйрейтін жағдайлардан шыға білу керек.

10. Тәуекелге бару, я бармау жағдайларын бағалай біліңіз. Жан-жақта болып жатқан нәрселерге мұқият көңіл бөліңіз, көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік бар.

11. Сіз үшін «жетістік» деген не? Соны ойланыңыз. Ешқашан жетістігіңізді ақшамен бағаламаңыз. Жетістікке жету- ол көп адамдардың сені сыйлауы мен бағалауы, құрметтеуі. Ол адамдардың сенімі мен махаббатына ие болу. Қаншалықты адамдардың сенiмiне ие болсаңыз, соншалықты жетістікке жеткеніңіз.

Nazerke Musa