Get Mystery Box with random crypto!

Сіздің миыңыз туралы қызық ақпаратпен бөлісейін. Сіздің санаңы | Жеке күнделік / Мотивация

Сіздің миыңыз туралы қызық ақпаратпен бөлісейін. Сіздің санаңыз бен түпсанаңыз ойларыңызды әрдайым шындыққа жанастырғысы келіп тұрады. Сондай-ақ сіздің қойған арман, мақсаттарыңызды да шынайы еткісі келеді. Ол мұны сіздің әркетіңізсіз автоматты түрде жүзеге асырады.

Сіздің қазіргі жасап жатқан іс әрекетіңіз ойлаған ойларыңызға тікелей қатысты.

Мысал ретінде түсіндейін:
Сіз бірнәрсені бастамас бұрын, бір жерге бармас бұрын т.с.с басыңызда “бәрібір ештеңе шықпайды” деген ой келіп тұрса, мұның шындыққа айналуына миыңыз барынша сылтаулар іздей бастайды.

немесе мынандай ситуация болсын:
Азанмен ерте ояндыңыз, миыңызға ең бірінші келген ой “уаууу қандай керемет күн” болса, дәл сол схема бойынша миыңыз күніңіздің жақсы өтуін барынша шындыққа айналдырғысы келеді

Сіздің хоббилеріңізбен де дәл солай (сурет салу, әңгіме жазу, өлең шығару т.б) егер сіз өзіңізді талантсызбын, қолымнан түк келмейді десеңіз миыңызда артблок пайда болып, шабытыңыз өліп қалады.

Сондықтан біздің дұрыс ойлауымыз, дұрыс кітап оқуымыз, дұрыс подкаст тыңдауымыз, аффирмация, визуализация жасауымыз барынша маңызды.

Өзіңе сен. Жетістікке жеткеніңді ғана ойла, миыңды қоқыс ойлармен толтырма.