Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-08-31 13:35:19
«Мені атам зорлады»: TikTok-тағы «Медуза Горгона» тренді

Кейінгі күндері TikTok-та жаңа тренд пайда болды: желі қолданушылары зорлыққа не харассментке ұшырағанын айтып, «Медуза Горгона» суретіне сілтейді. Бұл қайдан шыққан тренд?

Толығырақ ОҚУ
21.0K views10:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:57:21 Астанада әйел адам бесік арбамен жүріп, футбол алаңдарынан телефон ұрлаған

Zakon.kz мәліметінше, полицейлер «ұрлық жасады» деген күдікпен 28 жастағы елордалық азаматшаны ұстады. Ерлі-зайыптылар ұрлық кезінде 2 айлық баламен жүрген. Күйеуі балалар арбасымен жақын маңда серуендеп, басқалардың назарын аударып жүргенде, әйелі жасөспірімдер футбол ойнап жүрген алаңда ұрлық жасаған.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
311 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:43:47 Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған.
312 views09:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:32:19 Қазақстандық кәсіпкерлер RESPUBLIKA партиясын құрмақ

Сырымбек Тау, Максим Барышев, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай секілді кәсіпкерлер партия ашатынын хабарлады. Партия туралы видео әлеуметтік желіде шықты.

Respiblica партиясының бастамашылары популизмге қарсы екенін, нақты істерді көрсетіп, Жаңа Қазақстан құруға ниетті екенін хабарлады.

Ескі Қазақстаннан құтылуға кәсіпкерлер қалай жұмыс істемек?
307 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 12:03:10 Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Әкім баласының тойы, қолындағы Rolex сағаты туралы сөз бола ма екен?
325 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 11:47:32
Жетісу патшасы Исабаев ақ шатырдың астында бәйге тамашалап, халық наразылығына ілікті

Халық талқысына түскен суретте Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, оның орынбасары Жеңіс Тұяқов, көптеген қоғамдық кеңестің мүшесі Ермек Келімсейіт ақ шатырдың астында отыр. Оларға арнайы жұмсақ орындық қойылып, аяқ астына жасыл кілем төселген.

Суреттің сол жағында қолында көк папка ұстаған әкімнің басқа орынбасары Рустам Әли тұр. Фотосурет 30 тамызда Талдықорған маңындағы ипподромда түсірілген. Онда аламан бәйге мен қазақ күресінен ашық облыстық турнир өткен. Жарысқа 25 спортшы мен 80 ат қатысты.

Жұрттың сөзінше, Исабаевтың нөкерлері өздерін хан сезініп, күш органдарының қорғауында болып, халықтан оқшауланған.

Ақ шатырда отыратындарға ақ киізге салып көтеру ғана жетпей жүр

Дереккөз: Ratel.kz
277 views08:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 10:55:53
Қаңтардан бері ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Астанада баласы Айсұлтанды еске алуға арналған турнирге барды

AR Сup 2022 шарасы Қазақстанның бас футбол аренасында өтті. Оған еліміздің түрлі қаласынан 150 бала қатысқан.

КТК телеарнасының турнир туралы сюжетінде экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева да жүр. Онда бұрынғы мәжіліс депутатының турнир жеңімпаздарын марапаттап, естелікке суретке түскені көрсетілген.

Футбол турнирі Дариғаның баласы Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған. Ол 2020 жылы Лондонда қайтыс болды. Ресми ақпарат бойынша, жүрегі тоқтап қалған. Есірткіге тәуелді екенін айтып, Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп астарлап хабарлағанынан өз отбасының жауына айналды.

Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ал 2 наурызда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
281 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:22:18
«Өмір сүргім келмейді деген ой үнемі мазалады»: депрессияны қалай тануға болады

2020 жылғы ресми дерек бойынша, елімізде 190 мың ересек және 35 мың бала депрессия бойынша психиатр мамандарының есебінде тұр. Ал биыл жыл басынан бері 1370 адам ем қабылдап жүр.

Covid-19 пандемиясы депрессия мәселесін өршіктіре түсті. Ауруды қалай анықтап, емдеуге болады?

Толығырақ ОҚУ
286 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 09:10:38 Жыл соңына дейін 230-дан астам жаңа мектеп ашылмақ

Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін елімізде 1 000 мектеп салынады. Былтыр 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл тағы 230 мектепті ашу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекке дейін 80 мектеп ашылмақ.

Жаңа мектептің басым көпшілігі демографиялық өсім белсенді және оқушылар орны жеткіліксіз аймақтарда (Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары) салынып жатыр.
271 views06:10
Ашу / Түсініктеме
2022-08-31 08:38:45 Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Еске салсақ, Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев «ірі көлемде пара алды» деп кінәлі танылған Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа шыққан үкім күшіне енгеннен кейін отставкаға кетті.
288 views05:38
Ашу / Түсініктеме