Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-01 14:28:21 Түркістан облысында санитария талаптарын сақтамаған мектептерге 232 млн теңге айыппұл салынды

2021-2022 оқу жылында 702 мектеп тексеруден өткен. Нәтижесі бойынша, мектептегі асхана мәзірі, оқу кестесін жоспарлау, таза ауыз су, жылу және жарықпен қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктер анықталған.

Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ардақ Берденнің сөзінше, жауапты тұлғаларға 614 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілді. Оның айтуынша, облыстағы апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілген.
299 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 14:06:37 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 471,34 теңге
296 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 13:49:31
Тоқаевтың баспасөз хатшысы 18 жасқа толғаннан кейін әр баланың шотында қанша ақша болатынын жазды

Оның сөзінше, әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.

Ақша баланың оқуына немесе баспана алуына жұмсалады.
301 views10:49
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 13:36:51 Қазақстанда 1000 әйелге 945 еркектен келеді

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы жүргізген халық санағы дерегіне сәйкес, Қазақстандағы әйелдер саны ерлерге қарағанда жарты миллионға (536,3 мың) артық.

Ерлердің үлесі — 48,6 пайыз (9 324 840 адам), әйелдердің үлесі — 51,4 пайыз (9 861 175 адам

2022 жылғы 1 тамыздағы халық санағы бойынша Қазақстан халқының саны 19 644 067 адам.
296 views10:36
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 13:11:11 Қазақстан халық партиясы Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеді

Хабарламаға сүйенсек, партия кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ұсынбайды.

«Біз бұрын мәлімдегендей, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз» делінген.

Одан бөлек, партия мәжіліс сайлауын да қолдап отыр.

«Біз саяси бәсекелестіктің күшейгенін және саяси партиялар санының артқанын құптаймыз», — дейді.
297 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 12:22:41 «Демпартия» жетекшісі Жанболат Мамайды қамау мерзімі 12 қазанға дейін созылды

Бұл туралы белсендінің әйелі Инга Иманбай хабарлады. Оның сөзінше, Жанболат Мамайдың қамауда отырғанына 6 ай болды.
300 views09:22
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 11:53:37 Тіл кеспек жоқ pinned «Тоқаев президент және парламент сайлауын жариялады. Асығыстықтың себебі неде? Одан басқа бүгінгі жолдауда қандай тақырыптар қозғалды? Барлығын бір шығарылымда жинақтадық.

08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 11:43:33 Тоқаев президент және парламент сайлауын жариялады. Асығыстықтың себебі неде? Одан басқа бүгінгі жолдауда қандай тақырыптар қозғалды? Барлығын бір шығарылымда жинақтадық.




1.1K views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 11:21:49 Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген. Бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, әкім әзірге тек сегіз станса ұсынатынын айтты. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады. Осы жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын керек, Алтай Көлгіновтің сөзінше, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы.
302 views08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-09-01 11:12:11 Жаңадан ашылатын мектептерге кем дегенде 100 мың педагог керек

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектептерде бастауыш сынып, математика, физика, химия пәні мұғалімдеріне үлкен қажеттілік бар. Сондықтан білім орындарында мемлекеттік гранттардың санын көбейтіліп жатыр.
302 views08:12
Ашу / Түсініктеме