Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-08-03 12:34:42 Стендтік атудан Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды

Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатына әлемнің 16 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы стендтік атудан жасөспірімдер арасындағы командалық есепте чемпион атанды. Командалық есепте әйелдер арасында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды.
240 views09:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 12:00:34 Қазақстанда екінші АЭС Курчатов қаласында салынуы мүмкін

Мұны энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді. Курчатов — Қазақстанның Абай облысындағы қала. Ол Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Ал бірінші атом электр стансасын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдалған.
242 viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 11:31:36 Алматы қаласы ICCA мүшесі болды

ICCA - International Congress & Convention Association халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығы. Оның құрамында болу әртүрлі туристік ұйымдармен, ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шаһарда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарда бар екенін хабарлады.
254 views08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 11:13:26 Қазақстан АЭС бойынша АҚШ технологиясынан бас тартты

Мұны Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтты. Министрдің сөзінше, АҚШ ұсынған технологияны бұдан әрі қарастырмауға шешім қабылданған. Себебі онда референтті блок жоқ.

«АҚШ технологиясы бойынша салынған және өзінің сенімділігі мен тұрақтылығын көрсететін станция жоқ. Дегенмен бұл технологияның өзіндік артықшылықтары бар. Біз олармен мүлде ара қатынасымызды үзбейміз, тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз»
276 viewsedited  08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 10:38:50
Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды

Orda_kz мәліметінше, судья сот отырысын 11 тамызға ауыстырды. Хаменованы қолдауға 30-ға жуық адам келген, бірақ залда орын аз болғандықтан олар дәлізде күткен.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленіп, кейін 3 тамызға шегерілген еді.

Оның үстінен «Едәуір көлемде пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Абай ескерткішіне бөлінген 145 миллилон теңгеден Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы 4,5 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған.

Фото: Orda_kz
274 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 10:08:50 Өскеменде желден электр сымы үзіліп, салдарынан екі адам қайтыс болды

ҚазАқпарат мәліметінше, қатты желден электр сымы үзіліп кеткен. 74 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы ұлы сымдарды қозғамақ болған кезде тоқ соғып, екеуі де сол жерде қайтыс болған.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
278 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 09:43:44 Ресей паспорты бар азаматтар TOEFL емтиханына жазыла алмайды

TOEFL емтиханын ұйымдастыратын халықаралық ETS ұйымы Ресей паспорты бар азаматтарға аталған емтихан түріне тіркелуге және оның нәтижесін оқу орындарына жіберуге тыйым салды. Бұл туралы бірінші болып «Медиазона» оқырманы жазды.

ETS-тің ақпаратынша, «АҚШ қаржы министрлігінің талабы бойынша» Солтүстік Корея және Ресей азаматтарына емтиханға жазылуға тыйым салынған. Ал TOEFL және IELTS сертификаттары әлемде көптеген университеттерге түсу үшін керек.

Дереккөз: azattyq
288 viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 09:29:53 Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға ұсыныс жасаған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Ерлі-зайыпты «Чат Рулетка» қосымшасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосуға үндеген. Олардың кінәсі іс материалдарымен расталғанымен, өздері кінәні мойындамаған. Мұны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға айтқан.

Прокурор әрбір сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Қылмыстық кодекстің 63-бабы, 6-бөлігі бойынша экстремистік қылмыс жасаған адамға шартты жаза қолданылмайды.
345 viewsedited  06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:47:54 Жыл басынан бері 9 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы есеп бойынша, жыл басынан 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олардың 60,5% - еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26,2% - еңбекке қабілетті жастан кіші, 13,3% - зейнеткерлер.

Қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (69,9%), Қытайдан 10,3%, Түрікменстаннан 7,1%, Моңғолияда 4,0% және басқа елдерден 8,7% қоныс аударған.

Тәуелсіздік алғалы 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралған.
297 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:30:31
Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенділер Еуропа одағы мен БҰҰ-дан араша сұрады

Жанмұрат Аштаев және Ләззат Досмамбетова Қаңтар оқиғасына байланысты «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен сотталған. Азаттық мәліметінше, олар түрмеден хат жолдап, Еуропа одағының депутаттары мен БҰҰ-дан араша сұрады.

Ләззат Досмамбетова хатында «заңсыз сотталғанын, қаңтардағы жаппай наразылық кезінде конституциялық құқығын пайдаланып жұмыссыздық, жалақының аздығы, қымбатшылық сияқты әлеуметтік мәселелерді айту үшін митингіге шыққанын, қылмыс жасамағанын айтқан». Хатты оның қызы Айжан Нәдірбек Facebook желісіне жариялаған.
863 views05:30
Ашу / Түсініктеме