Get Mystery Box with random crypto!

Жетісу патшасы Исабаев ақ шатырдың астында бәйге тамашалап, ха | Тіл кеспек жоқ

Жетісу патшасы Исабаев ақ шатырдың астында бәйге тамашалап, халық наразылығына ілікті

Халық талқысына түскен суретте Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, оның орынбасары Жеңіс Тұяқов, көптеген қоғамдық кеңестің мүшесі Ермек Келімсейіт ақ шатырдың астында отыр. Оларға арнайы жұмсақ орындық қойылып, аяқ астына жасыл кілем төселген.

Суреттің сол жағында қолында көк папка ұстаған әкімнің басқа орынбасары Рустам Әли тұр. Фотосурет 30 тамызда Талдықорған маңындағы ипподромда түсірілген. Онда аламан бәйге мен қазақ күресінен ашық облыстық турнир өткен. Жарысқа 25 спортшы мен 80 ат қатысты.

Жұрттың сөзінше, Исабаевтың нөкерлері өздерін хан сезініп, күш органдарының қорғауында болып, халықтан оқшауланған.

Ақ шатырда отыратындарға ақ киізге салып көтеру ғана жетпей жүр

Дереккөз: Ratel.kz