Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтардан бері ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Астанада б | Тіл кеспек жоқ

Қаңтардан бері ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Астанада баласы Айсұлтанды еске алуға арналған турнирге барды

AR Сup 2022 шарасы Қазақстанның бас футбол аренасында өтті. Оған еліміздің түрлі қаласынан 150 бала қатысқан.

КТК телеарнасының турнир туралы сюжетінде экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева да жүр. Онда бұрынғы мәжіліс депутатының турнир жеңімпаздарын марапаттап, естелікке суретке түскені көрсетілген.

Футбол турнирі Дариғаның баласы Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған. Ол 2020 жылы Лондонда қайтыс болды. Ресми ақпарат бойынша, жүрегі тоқтап қалған. Есірткіге тәуелді екенін айтып, Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп астарлап хабарлағанынан өз отбасының жауына айналды.

Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ал 2 наурызда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.