Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-08-28 13:28:53
Құқық қорғаушылар «тәуелсіз бақылауды жерлеу рәсімін» көрсетіп, перфоманс өткізді

Сахнаға бақылаушының заттары салынған табыт әкелінді. Кейін бұған немқұрайлы қарамайтын бір белсенді тәуелсіз бақылауды құтқармақ болды. Ол бақылаушы төсбелгісін тағып, заттарын алды.

Жиынға қатысушылар тәуелсіз бақылаудың орнына сыбайлас жемқорлық пен монополияны көмуді ұсынды.

Фото: @masa.media
383 views10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:58:36 Masa.media жазуынша, бұл «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры ұйымдастырған алғашқы митиң.

Жобаның үйлестірушісі Ақжол Мәліков қор қызметі туралы: «Мемлекетке тәуелді болғымыз келмейді, сондықтан мемлекеттік грант пен тендерден ақша алмаймыз», — деп мәлімдеді.
320 viewsedited  09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:53:43
Астанадағы митиңге қатысушылардың үндеуі

Фото: masa.media
320 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2022-08-28 12:29:35 Тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының мүшесі Арман Иманджановты митиң басталғанға дейін полиция ұстап әкеткен

Митиң сағат 11:00-ге жоспарланған. Тікелей эфир жүргізген тіркелмеген партияның белсенділері де алаңда жоқ.

Дереккөз: Власть
273 viewsedited  09:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 16:38:30
Сот оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың қамау мерзімін тағы бір айға созды.

Сот жабық өтті. БАҚ өкілдері қатыстырылмады.

Саясаткердің жұбайы Инга Иманбай Facebook желісіне:

Жанболаттың қамақ мерзімін тағы бір айға, 12 қыркүйекке дейін созды. Судья мен прокурордың жалғыз аргументі: Жанболат бостандықта жүрсе, ақпарат тарату арқылы тергеуге кедергі келтіреді екен-мыс,— деп жазды.
150 views13:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 15:29:54
Статистикаға сүйенсек, орта есеппен күніне еркек 8 сағат, ал әйел 13 сағаттан астам уақыт жұмыс істейді

Әйелдің дайындаған асы, жуған кірі экономикаға қандай әсер етеді? Редакциямыз E.Quality ұсынған дәрісті көріп, сіздермен де бөлісуді жөн көрді.

СІЛТЕМЕ
204 views12:29
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 14:45:59 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 476,07 теңге
211 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 14:31:27 «Мал ұрладың деп айыптап, азаптады»

Түркістан облысының тұрғыны Нұрболат Өмірбеков «екі қой ұрлады» деп күдікке ілініп, ұсталған. Оны Сауран ауданы полиция бөлімінде полиция қызметкерлері ұрлықты жасадың деп, басына қап кигізіп, ұрып соққан. Оның полицияда азапталған кезде айқайлағаны сол кабинетке жақын орналасқан дәліздегі камераға жазылып қалған.

Кейін Өмірбековтің қой ұрлығына қатысы жоғы анықталып, күдіктілер қатарынан алынған. Ол "өзін азаптаған" бес полицейдің үстінен арыз жазған. Бес полицейдің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, алайда қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

Дереккөз: azattyq
220 views11:31
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 14:05:28 Таңертең әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты

Алайда Болат Назарбаев қоры бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Болат Назарбаев қажетті емдеуден өтіп, тағайындалған медициналық процедураларды алады. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады"
218 viewsedited  11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 12:52:50 «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша айыпталған Саят Әділбекұлының ісі жабылды

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Динара Егеубаева жариялады. Саят Әділбекұлының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамында болуы дәлелденбегендіктен, қылмыстық іс тоқтатылған.

Еске салсақ, Саят Әділбекұлы қаңтардың 5-і күні Алматыда оқ тиіп жараланып, ауруханаға түседі. Кейін оны сол жерден полиция алып кетеді. Бостандыққа шыққан соң ол тергеу изоляторында азапталғанын айтты.
255 viewsedited  09:52
Ашу / Түсініктеме