Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-08-01 15:40:55 Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының атауы «Сарыбел» деп өзгертілді

Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы тарихи атауды қайтару мәселесін көтеріп келген. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы аудан атауын өзгертуге бірауыздан оң шешім қабылдаған.
276 views12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:48:11 Азық-түлік бағасы бір жылда 19,7% өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7% өсті. Шілде айында елімізде инфляция жылдық есептеуде 15%, ал бір айда 1,1% шықты.

- Құмшекер - 87,3%

- Кондитерлік өнімдер - 21,9%

- Пияз - 71,7%

- Пастерленген сүт - 21,7%

- Ұн - 36,6%

- Салқын сусындар - 20,5%

- Макарон өнімдері - 33,0%

- Жаңа піскен жемістер - 18,3%

- Жарма - 31,4%

- Нан - 17,9%

- Құс еті - 28,6%

- Сары май - 17,0%

- Тоқаш және ұн өнімдері - 27,4%

- Шұжық өнімдері - 16,7%

- Қатты ірімшік - 26,7%

- Жылқы еті - 16,5%

- Минералды және ауыз су - 24,6%

- Темекі өнімдері - 14,8%

- Қышқыл сүт өнімдері - 24,5%

- Қой еті - 13,7%

- Кептірілген жемістер мен жаңғақтар - 24,4%
293 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 14:34:15 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 479,55 теңге
262 views11:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:48:05 Мұхтар Әблязов Франциядан Қазақстанға экстрадациялануы мүмкін

Жуырда олигархтың босқын статусына қатысты шешім жарияланады.

EU Reporter басылымының мәліметінше, Францияның босқындар мәселесі бойынша соты Әбілязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Сотта Әбілязовтың саяси босқын болып қалу немесе экстрадициялау мәселесі шешіледі.

Әблязов 7,5 миллиард доллар жымқырғаны үшін айыпталған және 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевке қастандық жасауды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
310 views10:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:22:04 Қазақстандық теннисші Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінде жеңіске жетті

olympic.kz мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы германиялық Анна-Лена Фридзаммен дуэтте болды. Олар жергілікті теннисші Катажина Кава және Алисия Росольскаямен сынға түсті.

Анна Данилина үшінші рет жұптық сында WTA жарысының чемпионы атанды. 2022 жыл басында Анна Беатрис-Хаддад Маямен бірге Сиднейдегі (WTA 500) турнирінде жеңіске қол жеткізген, ал өткен жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында Гданьск қаласында (Польша) өзінің WTA 250 сериясындағы алғашқы олжасын жеңіп алған.
292 views10:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:46:06 Жезқазғандағы Transo Jez жұмысшылары митиңге шықты

Жезқазғанда бейбіт митиңге шыққан жұмысшылар Transo Jez компаниясының басшылығына «Транко» АҚ құрамынан шығып, «Қазақмыстың» құрамына кіруді талап етеді. Олар әр алты айда жалақыны 50%-ға көтеруді сұрайды. Сонымен қатар әлеуметтік пакетті өсіруді және демалысты 30 күнге дейін созу керек екенін айтқан.

Митиңге компания басшылары қатысқан, олар жұмысшылармен келіссөздер жүргізген. Orda_kz хабарынша, кәсіпорын жұмысы қалпына келтірілді.
292 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:33:31 Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чех Республикасында модернизация мен күрделі жөндеуден өтті

Жаңартудан өткен ұшақ L-39 деп аталады, ол курсанттарды ұшудың алғашқы техникасына үйретуге арналған. Ұшақтар мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты аясында өндіруші зауытқа жөндеуге жіберілген. Олардың жаңа цифрлық және катапульттік жүйесі, объективті бақылауы, байланыс құралдары жаңарған.

Қазір жаңғыртылған ұшу аппараттарында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының үшінші курс курсанттары тәжірибеден өтіп жатыр.
294 viewsedited  09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 12:12:51 Қаңтар оқиғасына қатысты 717 адам сотталды, 286 күдікті қамауда отыр

Сотталғандардың ішінде 92 адам бас бостандығынан айрылды.

Жалпы қаңтар оқиғасына байланысты полиция 4 642 қылмыстық іс қозғаған. 15 мыңға жуық адам тергеуден өткен.

1 731 азамат зардап шекті деп танылған. 340 млн теңге көлемінде шығын өтелген.

Дереккөз: @vlastkz
286 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 11:43:14 Қыркүйекте адам құқығын қорғау туралы білім беретін платформа пайда болады

Жобаның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының азаптау немесе өзге де заңсыз әрекеттерімен күресу.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім полиция қызметкерлеріне бағытталса, келесі бөлімі азапталған адамдарға арналған.

Сонымен қатар, мұнда тегін заңгер көмегі мен шұғыл психологиялық көмек көрсетуге жүгінсе болады.

«Бейне сабақтар топтамасы, құқықтарды қорғау бойынша нұсқаулықтар, құқықтық құжаттардың үлгілері (арыздар, шағымдар) көпшілік назарына ұсынылады. Жоба аясында қоғамда кеңінен ақпараттық науқан жүргізілмек. Осылайша, біз жауапты мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың назарын Қазақстандағы азаптау фактілеріне аударуды жоспарлап отырмыз», – дейді жоба үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Дереккөз: inbusiness.kz
303 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 10:07:10
Моңғолиядан келген қазақтың әңгімесі: «5 тілде сөйлейтін полиглот болсам да, орыс тілін білмейтінім үшін жұмыс берушілер бас тартты»

Өзге елден келетін этникалық қазақтардың неңдей мұңы, проблемасы барын көбіміз біле, көре бермейміз

Моңғолиядан арман қуып келген жас жігіттің әңгімесін оқи отырыңыз.

СІЛТЕМЕ
1.7K views07:07
Ашу / Түсініктеме